СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Одағайдың түрлер"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок по казахскому языку, урок, урок, урок урок, урок, урок

Просмотр содержимого документа
«"Одағайдың түрлер"»

Мектеп:

№174 мектеп-гимназия

Мұғалім:

Жырымова Г.Н.

Пәні:

Қазақ тілі

Күні:

25.04.2018ж

Сынып:

6 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы:

Одағайдың түрлері

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Одағайдың түрлерін меңгерту. Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, жаттығуларды орындата отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. Одағайдың түрлерін мысалдармен бекіту,өздік жұмыс жасау дағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту, сауатты жазу мен каллиграфиясын дамыту.Тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

  • Жаттығу жұмыстарын орындайды;

  • Одағайдың түрлеріне мысал келтіре алады.

  • Сұрақтарға жауап береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Одағай, одағайдың түрлері, шақыру одағайлары, көңіл-күі одағайлары, жекіру одағайлары.

Алдыңғы оқу.

Одағай сөздер туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)

2 мин.














3 мин.










5 мин.


  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.


  • Психологиялық ахуал тудыру.


  1. «Тазалық» ойыны
    Әрбір оқушы өзінің бойындағы сол сәттегі жағымсыз көңіл-күйді параққа жазып, қоқыс жәшігіне тастайды.


  1. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген 354-жаттығуды тексеру.

«Кофе таяқшаларын таңдау» арқылы өткен тақырыпты қайталау сұрақтарын қою.

  • Одағай сөздер дегеніміз не?

  • Одағай сөздерге мысал келтір.

  • - Ойпырмай, апа құдды бір баланы еркелеткендейсіз-ау, шіркін!

  • Одағай сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?


  1. «Әріпсөзжұмбақты» шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.


о

д

а

ғ

а

й

д

ы

ң

т

ү

р

л

е

р

і









Қоқыс жәшігі, түрлі-түсті қағаздар.









Стакан, қима қағаздар.









Интербелсенді тақта, маркер.

Ортасы

(25 минут)


10 мин.















































5 мин.















































































3 мин.















7 мин.

Жаңа сабақ.

«Одағайдың түрлері». Тақырыпты түсіндіремі, тапсырма орындатамын.

Қосымша мәлімет
Көне түркі жазба ескерткіштер тілінде жеке тұрып, өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайтын, бірақ сөйлемде адамның әр алуан (қуану, өкіну, ренжу, және т.б.) көңіл күйін білдіретін «йыта» деген жалғыз ғана одағай сөз кездеседі.







ОЖБ (ойлан-жұптас-бөліс) әдісін пайдалана отырып тапсырмалар орындату. Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін топтық жұмыс орындатамын. 3 топқа одағайдың түрлеріне байланысты тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар:

І топ. Көңіл-күй одағайлары.

Көңіл-күй одағайын тауып, қажетті тыныс белгісін қойыңдар.

– Шеше – ау, үсіп қала жаздапсыз ғой түу пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен.

– Шіркін не керек, әттең - әттең естімедім - ау!

– Апыр – ай енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап?

– Уа енді не қыл деп отырсың? – деді.

– Ех мен кетем десем!

– Аһа бұл күндіз осы маңда болады екен.

– Қап мынаның баласын - ай!


Жауабы:

– Шеше - ау, үсіп қала жаздапсыз ғой, түу, пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен.

– Шіркін, не керек, әттең - әттең, естімедім - ау!

– Апыр - ай, енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап?

– Уа, енді не қыл деп отырсың? – деді.

– Ех, мен кетем десем!

– Аһа, бұл күндіз осы маңда болады екен.

– Қап, мынаның баласын - ай!

ІІ топ. Жекіру одағайлары.

Бос орынға жекіру одағайларын қойып, сөйлемді толықтыр.

  1. ..., ондай сөзді айтпа!

  2.  ..., тоқтат, ақсақал! 

  3. ..., не тантып отырсың?!

  4. ..., бауырын сағынып қалыпты ғой!

  5. ..., жетер енді, тентектігім!


Қажетті сөздер: Түу, тәйт, жә, тәйт, жә.


Жауабы:

  1. Тәйт, ондай сөзді айтпа!

  2.  Жә, тоқтат, ақсақал! 

  3. Тәйт, не тантып отырсың?!

  4. Түу, бауырын сағынып қалыпты ғой!

  5. Жә, жетер енді, тентектігім!

ІІІ топ. Шақыру одағайлары.

Кестені толтыр.

Төрт түлік атауы

Төрт түлікті шақыру сөздерін жаз

Төрт түліктің пірлерін жаз

Төрт түліктің төлдерін жаз


Қой




Жылқы




Түйе




Ешкі




Сиыр





Төрт түлік атауы

Төрт түлікті шақыру сөздерін жаз

Төрт түліктің пірлерін жаз

Төрт түліктің төлдерін жаз

Қой

шөре-шөре

Шопаната

қозы

Жылқы

құрау-құрау

Шекшеката

құлын

Түйе

көс-көс

Қамбарата

лақ

Ешкі

пұшайт-пұшайт

Ойсылқара

бота

Сиыр

әукім-әукім

Зеңгібаба

бұзау


Сергіту кезеңі«Қалай шақырамыз?» ойыны

Жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.суреттен көрсете отырып, оларды қалай шақыратынын оқушыдан сұраймыз. Оқушы жауабы «дұрыс» болса үш шапалақпен мадақтаймыз

Жылқы ─ «моһ-моһ»
Ит – « кә-кә»

         Қой ─ «пұшайт-пұшайт»

         Ешкі ─ «шөре-шөре»

         Түйе ─ «көс-көс»

Тілме қағаздардағы салынған суреттерді мұғалім көрсетеді. Оқушылар үй жануарларын қалай шақыру керектігін айтады және дұрыс болса үш шапалақпен мадақтап отырады.

Оқулықпен жұмыс.

355-жаттығу. Мәтіннен одағай сөздерді теріп жазыңдар.

Бекіту сұрақтары:
1. Қуанғанда, ренжігенде немесе өкінгенде қолданатын сөздерді мағынасына қарай одағайдың қай түрі деп атауға болады? 
- Көңіл-күй одағайы.
2.
Тыйым салғанда немесе жекіргенде қолданатын одағайларды ше?
- Жекіру одағайы;
3.
Төрт түлік малды, үй хайуанаттары мен құстарды шақырғанда қолданатын сөздерді қандай одағай деуге болады?
-Шақыру одағайы.
4.
Сонымен, балалар, одағайлар мағынасына қарай қанша және қандай түрлерге бөлінеді екен? 
-Мағынасына қарай үш түрге бөлінеді: көңіл-күй одағайы, жекіру одағайы және шақыру одағайы (жан-жануарларға қаратылып айтылатын). 
5.
Көңіл-күй одағайы сан жағынан жекіру одағайынан көп болады.
6. Одағайлардың тыныс белгілері қалай қойылады?
а) одағай сөйлемнің басында келсе, онда одан кейін үтір қойылады; 
ә) одағай сөйлемнің ортасында келсе, онда оның екі жағынан үтір қойылады;

б) одағай сөйлемнің соңында келсе, онда оның алдынан үтір қойылады.
в) құрамында көңіл-күй одағайы бар сөйлемдер соңына леп белгісі қойылады, мысалы: Япырм-ай, неткен сұлу еді! 
7. Одағайлар сөйлемде қалай айтылады?
- Одағайлар сөйлемде оқшау айтылады.
8
. Жеке тұрғанда одағай сөздердің лексикалық мағынасы бар ма? 
-Жеке тұрғанда одағай сөздердің лексикалық мағынасы жоқ.

Интербелсенді тақта.


















































Қима қағаздар, әр топқа тапсармалар.












































































Жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.суреттері.














Оқулық, дәптер.

Соңы

(5 минут)


«ҚҚҚ» әдісі бойынша кесте толтыру.

Құнды

Қызықты

Қиын






- Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған құнды, қызықты, қиын болған ақпараттарды кестеге салып, жазада.


Қима қағаздар.

Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі.

ЖОБ әдісі (жұптас, ойлан, бөліс) бойынша оқушылар тапсырманы орындайды.

Әр тапсырманы орындап болғаннан кейін, смайликтер тарату арқылы кері байланыс орнатып отырамын.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Денсаулық және қауіпсіздік: сабақта санитарлық-гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

АКТ - есте сақтау қабілеті дамиды.

Құндылықтардағы байланыс - мектепке деген құрмет сезімі оянады, мектеп құралдарын ұқыпты ұстауға үйренеді.

Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?





Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты):





Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?




Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?