СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті әдістерді қолдану – студенттердің белсенділігін арттырудың негізі ретінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ – СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

 

 

 

Кез келген пәнді оқыту әдістемесі тек оқытушының жоғарғы кәсібилігінің арқасында көкейтесті бола алады. Яғни, педагогтың өзіне тән тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне байланысты. Оқытушылар кәсіби іс-әрекетінің мазмұнына қарай мынадай қасиеттерге ие болуы керек: оқу үрдісін жобалай, оқыту технологиясының әр түрлі әдістерін меңгере, оқытудың инновациялық жүйесін пайдалана педагогикалық рефлекциясы жүзеге асыра алуы, яғни, кәсіби -педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, мәселелік міндеттерін шеше алуы керек.

Просмотр содержимого документа
«Оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті әдістерді қолдану – студенттердің белсенділігін арттырудың негізі ретінде»

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ – СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ




Кез келген пәнді оқыту әдістемесі тек оқытушының жоғарғы кәсібилігінің арқасында көкейтесті бола алады. Яғни, педагогтың өзіне тән тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне байланысты. Оқытушылар кәсіби іс-әрекетінің мазмұнына қарай мынадай қасиеттерге ие болуы керек: оқу үрдісін жобалай, оқыту технологиясының әр түрлі әдістерін меңгере, оқытудың инновациялық жүйесін пайдалана педагогикалық рефлекциясы жүзеге асыра алуы, яғни, кәсіби -педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, мәселелік міндеттерін шеше алуы керек.

Тұлғалардың өзін-өзі дамыту үрдісінің кейбір аспектілерімен («Мен тұжырымдамасының» құрылуын) Е. Чеснокова, А. Спиркин және т.б. шұғылдануда. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі педагогикалық және әдістемелік жағынан түбегейлі қарастырылған айтпай кетуге болмайды.

Тұлға туралы американдық ілімдердің көшбасшысы Г. Олпорттың тұлғаның концептуалдық теориясы бойынша даралық диспозицияның 3 типін бөлуге болады, олар:

♦ кардиналды диспозиция - бұл адамның өмірлік әрекетіне мәнді әсер етеді;

♦ орталық диспозиция - бұл тұлғаның жалпы сипаттамасы өзіне таңдап алады;

♦ қайталанатын диспозиция - бұл біршама тұрақты, қарапайым қажеттіліктермен байланысты.

Г. Олпорт бойынша әрбір жеке индивидум белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі тұлға әрекетіне позитивті-шығармашыл ұмтылушы «Менің» қатысуымен шартталады.

Тұлғаның белсенділігін артырудағы өзіндік сана-сезімнің реттегіштік рөлі тұлғаның өзін тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттің субъектісі жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығуларын құндылығын, мұратын және мінез-құлығын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауында көрінеді.

Адам өзіне сыни көзқараспен қарай отырып өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі және өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланыстыра алу қабілеттілігі белсенділікпен белгілі бір мәнді көрсеткішке жеткізетіні сөзсіз. Оның ішінде өзін-өзі бағалау тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып, рухани күш алады, өзінің айналасын қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, өзіне сыни көзбен қарауын, талап қоя білуін, сәтсіздік пен жетістікке қалай қарайтындықтарына мүмкіндік береді.

Өзін-өзі белсендіретін тұлға-қай уақытта болсын өзінің мүмкіндіктерін үнемі толық ашып дамытуға ұмтылушылық қасиеттері бар тұлға. Осындай тұлға болып жетілуде жеткіншектер мен жасөспірімдер болашақта шығармашылыққа, толыққанды қарым-қатынас жасауға, өз ойындағысын орындауға қабілетті бола отырып ізгілікті, тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесінде өзін қалыптастыра алады.

Тұлға белсенділігін арттыруда өмірлік ұстанымның рөлі ерекше. Бұл тұлғаның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы болып табылады. Өмірлік ұстаным негізінде студенттер өз әрекетін белсенді немесе баяу етіп көрсетеді. Дәлірек айтсақ, белсенді деп отырғанымыз, олар айналасындағы шындықты өэгертуге үнемі ұмтылады, ал баяу дегеніміз, қалыптасқан тәртіппен салтты және норманы сақтаумен шектеледі. Жеке тұлғаның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы ретінде өмірлік ұстаным адамгершілік бағытта ол тұлғаның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен, ар-ожданынан, идеялық бір бағыттылығынан байқалады.

Тұлғаның өзіндік өмірлік ұстанымы оның қоғамдық байлыққа деген пікірінен, іс-әрекетінен, қоғамдық қызметінен, өмірге деген көзқарасынан білінеді, сондай-ақ іс-әрекеті мен сөз ұғымының бірлігінен, адамның алға қойған мақсатты орындаудағы белсенділігінен, теорияның белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді танымдық қолданылатын, шығармашылықты арттыратын, білімді менгерудегі студенттің өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған.

«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter»-бұл өзара, «act» - әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен (мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әнгімелесу) диалог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өндеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілері − «Үлкен шеңбер», «Өзара» (междусобойчик), «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас жүргізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Психологиялық − педагогикалық консилиум» және т.б.

1. Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог−консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог−консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процесінде арналады. 20 минут кеңес беру нәтижесін топта талдауға арналады.

2. "Үлкен шеңбер" әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті−құқықтық актілерді жасауға болады. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір студент жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір студент өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсыныстарды сынамай тындайды, және әнгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

3. Аквариум әдісі: "Аквариум" – балаларға мәселені "қоғам алдында" талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын тандайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Сондықтан да мұны аквариум деп атайды.

4. Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ ролдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан−жақты талдап тиімді қортынды шығарулары керек.

5. Дебат. Студенттердің сыни ойлауын, талдау, маныздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.

6. Еркін микрофон. Бұл әдісті сабақтан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлесу. Бір күннін проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл студенттерге даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт- әкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.

7. Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудын әдісі. Әдістің басты міндеті − танымдық іс−әрекетті белсендендіру және студенттерді өнімді оқыту процесіне қатыстыру.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:

1)миға шабуыл уақытында барлығы қатысады;

2)ұсынылған идеяларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды;

3)идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады;

4)миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды;

5)проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады;

6)ойлар нақты және қысқа болуы керек.

8. Жобалау әдісі оны немесе проблемалар әдісі деп те атайды. Дж. Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі − студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту.

9. Іскерлік ойындар әдісі− бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай−ақ, әскери істерде қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.

10. Әлеуметтік − психологиялық тренинг − қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым−қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзіреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік − психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Теориялық қағидалар мен тәжірибелік жұмыс негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ұсыныстар беріледі:

►Студенттерді тұлға ретінде қалыптастыру үшін, олардың бойында өздерінің адамдық бітім − болмыстарының, адамгершілік қадір − қасиеттердің, рухани құндылықтарын алдағы бүкіл өмір бойы сіңірілуіне түрткі болып отыратын қабілеттілікті дарытуға күш салынуы керек;

►Студенттердің рухани − адамгершілік құндылықтарын, тұлғаның белсенділігін арттыруда интерактивті әдістерді арқылы қалыптастыру үшін оқу − тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолдану керек.


Әдебиеттер тізімі

1 Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. – Алматы, 1988.

2.Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы: Білім, 2001.

3.Селевко Г.К. Современныеобразовательныетехнологии. – М.: Народноеобразование, 1998.

4.Ильина Т.А. Коржуев А.В. Развитиеконцепцийпедагогическойтехнологии.– М., 2001.

5.Попков В.А., Коржуев А.В. Дидактика высшейшколы. – М., 2001.

6. Педагогика профессиональногообразования ∕ подред. В.А. Сластенина. – М., 2004.