Басталуы | Психологиялық ахуал Мен бүгінгі сабағымызды эпиграфпен бастағым келеді. «Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатына біле-біле» | Тақырып бойынша мәліметтер алады | Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова Алматы «Атамұра»2015 |
Ортасы . | Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа – басқа сөздердің тобын білдіреді. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығыолардың білдіретін мағынасынан көрінеді. Көп мағыналы бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып,олар бір ғана сөз табына жатады.ал омонимдер мағыналары жағынан бір – бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы:1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара – қимыл – әрекетті білдіретін етістік. 2. Үлестірме қағаздармен жұмыс. №1 1.сөйлемдегі омоним сөздерді тап. Күймеге Құнанбай қасына , Ызғұттыдан басқа, Ұлжан келіп отырды. Қасым айтпайтын сөзді қайным айтты. №2 1.Омоним болатындай тіркестер құрап жаз. Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ. 2.Омоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір. №3 1.Төмендегі сөздерден омоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра. Кілем, газет, жылқы, шұбар, айт. 1. Оқулықпен жұмыс. 62 -жаттығу. 1.Тыйым сөздерді түсініп оқыңдар 2.Тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздерді табыңдар. 63 – жаттығу 1.Мәтінде омоним болатын сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар. | Омонимді көп мағыналы сөзден айра біледі | Тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары. |