Ұйымдастырушылық ізденіс | Тапсырмаларды орындап шеңбер бойымен жүру және жүгіру. Үш лекке тұрғызу. Доппен ЖДЖ өткізеді. Негізгі қимылдар жасатқызады.: А) допты еденге соғу. Б.Қ-қа тұруды ұсынады – аяқ алшақ доп төменде. Жаттығуды көрсетеді. Б) гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу. Екі гимнастикалық орындықты қояды. Үстінен еңбектейді. В) Кішкентай қапшықтарды алысқа лақтыру. Тәрбиеші көрсетіп, түсіндіреді. Қ/о ұсынады, «Арынды арқан» «Арынды арқан» ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім секіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді. | Шеңбер бойымен жүріп, жүгіреді. Нұсқаушының команда беруімен жүргізуші бастап жаттығуларды орындайды. Үш қатарға тұрады. Доппен ЖДЖ орындайды. Екі қатарға тұрады. Гимн. орындықтың үстінен еңбектеп жүреді. Қапшықтарды белгіленген жерге лақтырады. Ойын ойнайды. |