Сабақ мақсаты мен критерийін таныстыру 1.Микраскоппен жұмыс 5-минут Оқушылар микраскоппен өсімдік және жануар жасушаларын қарайды.(Сабақтың тақырыбын ашады) 2. «Миға шабуыл әдісі»2-минут Жасуша көзге көрінбейтін барлық тірі ағзаларға тән тіршіліктің көзі,сұрақ жасушаның ашылу тарихы? (Осы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын ашады) 2.Мәтінді «Джигсо» әдісімен оқу 7 минут 1-топ өсімдік жасушаларының құрылысымен таныстырады 2-топ жануар жасушаларының құрылысымен таныстырады Бағалау «Бас бармақ» әдісі 3.Суретпен жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі. 6-минут Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысымен айырмашылығын салыстырады. «Бағдаршам» әдісімен бағалау 4.Жеке жұмыс /тест сұрақтары/6-минут 1. «Жасуша» деген түсінікті ең алғаш қолданған ғалым а) К.Линней ә) Д.Рей б) А.В.Левенгук в) Р.Гук г) Т.Морган 2. Жасушаны қоршаған ортадан бөлетін, қорғайтын бөлігі а) Ядро ә) Қабықша б) Цитоплазма в) Вакуоль 3. Жасушаны толтырып тұратын тұтқыр сұйықтық а) Эндоплазмалық тор ә) Рибосома б) Ұлпа сұйықтығы в) Цитоплазма 4. Құрылысы, шығу тегі, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы а) Ұлпа ә) Популяция б) Ағза в) Мүше 5. Өсімдік жасушасына түс береді а) Пластидтер ә) Ядро б) Вакуоль в) Рибосома 6. Өрік, асқабақ жемістерінде болатын пластидтер а) Хромопласт ә) Лейкопласт б) Демосома в) Плазмодесма «Жұптық бағалау» № | Берілген критерийлер | Дескриптор | 1 | Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысын анықтайды | Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысын анықтады | 2 | Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысын салыстырады | Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысын салыстырды | 3 | Өсімдіктер жануарлар жасушаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады | Өсімдіктер жануарлар жасушаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратты | |