Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы
68 МИББ кешенінің
Әлеуметтік педагогі Г Айтбай
Ұлттың болмысты жеке тұлғаның бойына сіңіріп, қалыптастыру мектеп қабырғасы мен отбасынан басталады. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге көтерілуі ұрпак бейнесімен көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конситуциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата –ананың құқығы әрі парызы», - деп көрсетілген.
Ал әлемдік деңгейде «Баланың құқығы туралы конвенция» қабылданып, онда бала дүниеге келмей жатып камқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі бүгінгі балалар мен жас өспірімдер тәрбиенің өте күрделі екендігін дәлелдейді.
Бала жүрегі айнадай тап –таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін, оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л. Пинттің пікірінше, ата –аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін, оның мінез – құлқындағы әрбір ұсақ – түйектерді байкап білуге қабілетті болу керек. Педагогтар секілді кез–келген ата –анаға педагоикалық әдіс қажет.
Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жинакталып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса тәрбиенің құндылығы арта түседі. Баланы дұрыс тарбиелеу үшін, отбасы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Ғалым – педагог Гребенников отбасы қызметін қызметін 5 топқа бөлді: ұрпақ жалғасатырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым –қатынас бос уакытта дем алуды ұйымдастыру. Демек, отбасында ата –ана осы қасиеттерді барынша біріктіріп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық әдіс тәсілден хабардар болса отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан , ол адам үшін ең жаксы әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрдің, жағымды өнегелердің мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моралдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның адамзат болып өсуінің негізі.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтежелі болу осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата –ананың борышы.
Мектеп оқу тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қомқорлық жасайды, ата – аналарды, барлық жұртшылыққа қалыптастырады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, т.б талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырады.
Байланыс формаларының басты бір түрі – педагогтардың оқушылардың үйіне баруы. Мақсаты: оқушының тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты ата –анамен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.
Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты.
Мектептің, отбасының, жалпы халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты, казіргі заманың талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, олардың өмірде өз орындарын таба білуге даярлау болып табылады.
Бүгінгі таңда: «Нарықтық экономикаға сай, ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу ата-анамен мектептің міндеті. Ұстаздар жүйелі жоспар құрып , шәкірттерімен ақылдасып ата –аналармен бірлесе жұмыс істегенде ғана үлкен нәтижелелерге ие болады. Ең бастысы мектеп қабырғасында әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан –жакты біліп, ата- аналармен тығыз байланыста болу кажет. Осы орайда сынып жетекшілік қызметін атқаратын сыныптағы оқушылардың күшті және алсіз жақтарын ескеріп, нәтежелеріне салыстырулар жүргізіп нақты талдау жасап отыру қажет. Шәкірттерімнің тәрбиелік деңгейлерін үнемі бақылаймын. «Отбасы туралы жалпы мәліметтер», «Ата- ана және бала» , «Достық дегеніміз не?» атты сауалнамалар алу барысында, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеп үшінші сауалнама бойынша тәрбиеленушілердің жүрген ортасын анықтауға мүмкіндік алдым.
Сонымен қатар, «Сыныпты бақылау күнделігін» бастап, онда та –ана, бала, мұғалім атқаратын жұмыстарын есепке алып отырамын.
Осылайша сыныптағы оқушылар, елін суйетін, мектеп тәртібін қатаң сақтайтын үлкенді құрметтеп, кішіге ізет корсете білетін оқушыларды тәрбиелейміз.
Ұрпақ көші дұрыс перзент болсын десек, перзент болмысын түзетуді құрсақтан бастаған жөн. Дана халқымыз «Жасында бағу көрмеген, өскенде қарауға көнбес», - деп бекер айтпаған. Ұрпағын өмірінің қазнасы санаған қариялар тәңірге «Құдай бала бер бала берсен сана бер», -деп те бекер айтпаған. Яғни жалпыға тән адамгершілік қасаеттер – мейірбандық, сыйластық, өзара түсіністікке ұмытылдыру, жаксыны өнерге тарту, үлкенге құрмет, кішіге изет көрсете білуді, бүгінгі жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу,отбасы мен мектептің басты мақсаты болып табылады.
Тәрбие – бұл қоғам талабына сай, адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес түрде әсер ету. Н.Ә. Назарбаев өзінің « Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде, «Тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде экономикалық және және рухани дағдарыстытарды жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XX ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан - жакты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айқын көрсеткен.
Олай болса, отбасымен мектептәрбиенің ынтымақтастығы негізінде балаларды тәрбиелеуде олардың бойына мынандай қасиеттерді: адамдармен тез тіл табысуы қабілеті, жанашырлық таныту қабілеті, басқа адамды түсіну қабілеті, адамгершілік құндылықтарды, психикалық сауаттылығы, өзін–өзі ұстау, сабырлық мүмкіндігі, іскерлікті қалыптастыру қажет.
Педагог әр бір оқушының қабілеттерін толығырақ дамытып, балалардың өмірін дұрыс ұйымдастырып, табиғат берген дарынын аша түсуге тәрбиелейді.
Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері, назардан тыс қалып көрген емес. « Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндетті», - деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Білімді де білікті саликалы да парасатты, жан–жакты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу-мемлекеттік, мектеп пен отбасының маңызды ісі екені белгілі. Сол себепті, келешек қамын бүгін ойлап саналы тәрбие мен сапалы білім беруде бүкіл жұрт болып ат салысуға міндеттіміз.
В.Г.Белинский «Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Ал, Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы»,- деген пікір білдірген. Біздің мақсатымыз – оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу
Ел тізгінін қолға ұстайтын, елдің болашағы мен келешегіне сара жол салатын жасұрпақ тәрбиесінің осалдауы мені қатты қынжылтады. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», деп заңғар жазушымыз М.Әуезов тегін айтпаса керек. Бүгінгі түзейтін бесігіміздің болмағанынан болар, ұлдан ұят, қыздан ар кетті. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге құрмет білдіруден қалып барамыз. Қазіргі жас ата-аналар бала тәрбиесін балабақша мен мектепке артып қойып өздері сүттен ақ, судан тазаның күйін кешуде. Ел тарихында болып жатқан қорқынышты «көк кит», «4.20 оят» т.б оқиғалардың бала санасына орнығуына тек ата-ана ғана жауапты, сол кінәлі.
Бала сәбилік шақта тал бесікте тербелмесе, құлағының құрышы қанатындай ана әлдиінің даусын естімесе, жастардан қандай рухани құндылық күтеміз. Ес біле бастаған шағында не әкесінен, не шешесінен «ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын ертегі естімесе ол баладан кішпейілділік пен мейірімділік күту де сорқылық болар. Әр бала ананың аялы алақанының жылуын сезініп, әкенің мейірімін көріп өсуі қақ. Тіпті кешкілік бүкіл отбасы жиналғанда өз баласына жылы сөз айтпаса, әрине тас бауыр ұрпақ өсіреміз. Заман талабы деп қымбат телефонға телміріп балаларымыздың тәрбиесін осалдатып алдық па? деп қорқамын. Керегі жоқ арзан әңгімеге әуес болғанша, халқымыздың, еліміздің болашағы болатын жастарымыз бен сәбилерімізге қолымыздан келгенше қамқорлық көрсетейік.
Қазақ деген ұлтқа тән ұлттық құндылықтарымыз біртіндеп жойылып бара жатқанға ұқсайды. Оның бір-ақ мысалы дәріс барысында төл өнеріміз шешендік сөздерді қолдана отырып, рухани тәрбие беруге тырысамын.
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман,
Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман, деп сөзімді ары жалғай бергенімде, «Шідер» деген не деп сұрақ қойды. Қайран да менің қаймағы бұзылмаған ауылым, десеңші... Қала баласының өмірі көрмеген, естімеген дүниесін қайдан білсін, сын жоқ деп ойладым. Осы орайда Майқы бабамыздың:
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз
Құмға сіңген сумен тең,-
деген жолдар арқылы, қазіргі жастар мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқымаған ба, деп қаласың. Жастарымыздың балалық шаққа деген өкпесінің қара қазандай екенін білдім.
Қайрат деген қыран бар
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар
Өзекті шағып өртейтін,
деп Байдалы шешен айтпақшы, өзегімізді өкінішпен өртемейік. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлде қайда жеңілдеу ғой. Әр отбасындағы өрімдей ұл мен қыз еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алар болашағымыз емес пе? Олардың тәрбиесі, мәдениеттілігі, сауаттылығы аға буынның алдындағы міндеті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демей ме, дана халық. Ұрпақ тәрбиесіне сіз болып, біз болып көңіл аударайық. Бір-бірімізді әлеуметтік желіге шырмалған ессіздердің іс-әрекетімен қорқытпай. Ол үшін жылылықтың бәрі отбасы тарапынан болатынын ұмытпайықшы!!!
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.
Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары: Кештер – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу-өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек. Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар бағалы болып келеді. Іскерлік ойындар оқушылардың психофизиологиялық ерешеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады: - ірі ауқымды (бірнеше сынып) және ұзақ (бірнеше айға) созылатын іскерлік ойындар; - нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; - бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік ойындар. Диспуттар – өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы – өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады.