Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер | Мектеп: «Аршаты орта мектебі» КММ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Солтанова Бұлбұл Қайсарқызы |
Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Отбасындағы әкенің рөлі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты мәтіндердегі көтерілген мәселені анықтау. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдайды. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады. |
Кейбір оқушылар орындай алады: Стиль түрін анықтайды, мәтіндерді салыстыра алады. |
Бағалау критерийі | - мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады. - ақпараттарды қолданып, өз көзқарасын білдіре алады. - тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді ажырата алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдайды. |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отбасы, әке, тәрбие, үлгі-өнеге, бәйтерек, отағасы |
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
Талқылауға арналған сұрақтар: Отбасылық мерекелерден халықтық мерекелердің айырмашылығы бар ма? Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? |
Не себепті отбасының басқа адамдар тобынынан айырмашылығы бар? |
Ишара: Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолдана отырып берілген шаблонда жазылым тапсырмасын орындайды. |
Құндылықтарға баулу | «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Отбасындағы әкенің рөлін оқу арқылы іске асырылады. |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану |
Алдыңғы оқу | Орфографиялық норма |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы (5 мин) | Топқа бөлу. (Яғни, адам Отанымен, салт-дәстүрімен, туған тілімен бақытты екен.Ендеше, «Отан» және «Салт-дәстүр» деп, екі топқа бөлінейік). Бағалау парағын тарату. «Серпілген сауал». Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік? Орфографиялық норма дегеніміз не? Бұл норманың қандай маңызы бар? Бағалау критерийі: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі | Топ аттары жазылған қағаздар |
Сабақтың ортасы (35 мин) | С. Тыңдалым алдындағы тапсырма. Оқушыларға әкеге қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер ұсынылады. Оқушылар олардың мағынасын түсіндіреді. Бағалау критерийі: Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар әндерді тыңдайды. Әннің негізгі тақырыбын айқындайды. Бағалау критерийі: С. «Ой қозғау» Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Саралау тапсырмалары «Дара диаграмма» әдісі Қолдауды көп қажет ететін оқушылар «Әке» сөзін графикалық органайзерге салу Бағалау критерийі: Берілген тапсырма бойынша өз ойларын айтады; Мысалдар арқылы дәлел келтіреді. Қолдауды аз қажет ететін оқушылар «Қазына іздеу» әдісі Әке бейнесін айқындайтын түйінді сөздер немесе сөйлемдер жазады. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі Бірінші бағанға әндегі өзіне әсер еткен үзіндіні жазады. Екінші бағанға үзіндіден алған әсерімен бөліседі. Бағалау критерийі: Өз ойын анық түрде жеткізе алады; Әндегі тірек сөздерді таба алады; Әке бейнесіне баға бере алады; Өмірмен байланыстыра алады. ЖЖ. Оқушылар мультфильмді көреді. Мультфильм бойынша көтерілген мәселені айқындайды. Кестемен жұмыс.  Бағалау критерийі: -мәтіндердегі негізгі мәселені анықтай алады; -мәселеге өз көзқарасы бойынша жауап бере алады. Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар үйренген мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолдана отырып берілген шаблонда жазылым тапсырмасын орындайды.  Бағалау критерийі: Сергіту сәті. «Тату-тәтті отбасы» ойыны Сенің анаңның анасы саған кім? Менің анамның қызы, бірақ мен емес? Сенің әкеңнің әкесі? Сенің әкеңнің ағасы саған кім? Сенің әкеңнің әкесі саған кім болады? Т. «Суретті сөйлет» стратегиясы. Берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру.  Бағалау критерийі: ЖЖ. «Ромбтық жіктелім» әдісі. Әке туралы мәтіннің сөйлемдері шашылып берілген , соны ромб формасына салып, маңыздысынан бастап бірізділікпен дұрыс құрастыру. Бағалау критерийі: | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=_GUaRPhDS0o – әке туралы әндер https://www.youtube.com/watch?v=LxqudWHXZe4 – «Әке мен бала» мультфильмі Үлестірмелі қағаздар Қима қағаздар Суреттер |
Сабақтың соңы (5 мин) | «Синквейн» әдісі 1.Әке 2.Мейірімді, қатал 3.Тәрбиелейді, үйретеді, сынайды 4. Әке – отбасы тірегі, қорғаны. 5. Асқар тау, бәйтерек Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» Үйге тапсырма беру. «Әкемді мақтан тұтамын» тақырыбына ой-толғау жазу. Рефлексия «Менің көңіл-күйім» баспалдағы Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес!», «Маған көмек керек», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. | Бағалау парақшасы «Менің көңіл-күйім» баспалдағы |
Қосымша мәлімет |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға бұл сабақта «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі қолданылады. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға «Әке» сөзін топтастыру тапсырмасы беріледі. Қолдауды аз қажет ететін оқушылар «Қазына іздеу» әдісі бойынша тапсырма орындайды. | Критериалды бағалау, бағалау парақшалары, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі | Сабақ барысында АКТ-мен байланыс жүргізілді. Аудио, бейнежазбалар қолданылды. «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Отбасындағы әкенің рөлін оқу арқылы іске асырылады. |