(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Өткенді қайталау арқылы жаңа сабақты меңгеруін ұйымдастыру. Оқушыларды топпен жұмыстандыра отырып оларға түрткі сұрақтар қою. 1.Шеңбер, шеңбердің центрі, радиусы деген не? 2.Шеңбердің хордасы деген не? Қандай хорда диаметр деп аталады? 3.Қандай түзу шеңберге жанама деп аталады? Тест. 1.Шеңбердің радиусы деп нені айтамыз? а) шеңбердің кез келген нүктесін центрімен қосатын кесіндіні айтамыз; ә) шеңбердің центрі арқылы өтетін кесіндіні айтамыз; б) бір ұшы шеңбердің центрінде жататын кесіндіні айтамыз. 2. Шеңбердің хордасы деп қандай кесіндіні айтамыз? а) шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні айтамыз; ә) шеңбердің центрімен нүктесін қосатын кесіндіні айтамыз; б) бір ұшы шеңбердің центрінде жататын кесіндіні айтамыз. 3. Диаметрі 64 мм болатын шеңбердің радиусын табыңдар: а) 8мм; ә) 32 мм; б) 64 мм. 4. Егер шеңбердің радиусы 4 см болса, оның ең ұзын хордасы неше см болады? а) 2см; ә) 4 см; б) 8 см. 5. Шеңбердің радиусы 10 см. Шеңбердің ұзындығын тап: а) 62,8 см; ә) 6,28 см; б) 20 см. Тест жұмысына 3 минут уақыт беремін. Жауабы тақтаға ілінеді, оқушылар бірін бірі тексереді. |