«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 2 бөбекжай-бақшасы»МКҚК
ГККП «Ясли-сад № 2 акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Секция: «Педагогика и образование»
Тема: «Мектепке дейінгі балалардың
қазақша тілін дамыту жұмыстары»
г. Костанай, 2018-2019 уч.г.
Мектепке дейінгі балалардың қазақша тілін дамыту жұмыстары.
Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында “…тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады”, – деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады.
Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. Сонда ғана шындық дүниенің заттары мен құбылыстары туралы бала дұрыс түсініктер алып, ол туралы ой түзеді. Мұның өзі бала ойының жетілуі мен тілінің дамуына игі әсер етіп, алған таным білімдерін әрі қарай толықтырып, ұштап жол ашады.
Әр-бір оқу пәні бір-бірімен өзара байланысты ғылыми ұғымдар жүйесін қамтиды. Оқушылыардың жалпы сан бойынша білімдерінің сапасы олардың ұғымдар жүйесін меңгертуіне байланысты. Ал тілдік ұғымдар жүйесін меңгеру – тілдік қарым-қатынас құралы ретінде игерудің негізі.
Ұғым деп қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың қасиеттері мен маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық сипаттамасын түсінеміз. Н.И.Кондаковтығ “Логикалық сөздігіне” ұғымды былай анықтайды. “Ұғым зерттелінетін нысанның жалпы, сонымен бірге, мәнді белгілері, негізгі игі түйіні болатынбарлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар”
Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Сондықтан ұғым–материалдық шындықты бейнелейтін ойлау нұсқаларының бірі болып табылады. Сөйлеу ұғымдар негізінде жүзеге асады. Дәлірек айтқанда ұғымдар жүйесі сөйлеудің материалы болып табылады. Сондықтан сөйлеуді дамыту дегеніміз ұғымдар жүйесін меңгерту болып шығады.
Ұғымды меңгеру оқушылардың белсенді ой қызметімен, анализ және синтез, салыстыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ойлау амалдарын орындаумен байланысты. Ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың ойлауын дамытумен тікелей байланысты. Сондықтан психолог В.В.Давыдов “Балаларды жалпылау ұғымын қалыптастыру мектептің басты міндеттерінің бірі болып табылады”,-деген.
Тілдік ұғымдар жалпылау мен абстракциялаудың жоғары деңгейі болғандықтан мектеп курсында оған ерекше орын береді. Бұл үрдісті зерттеу Л.С.Выгодскийден бастап, мәселені шешуге айрықша үлес қосқандар: В.В.Давыдов, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.Ф.Талызина, Д.М.Богоявленский, Н.А. Менчинская т.б.
Тіл дамыту – оқушының тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту – қазақ тілі оқушының қарым- қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрену мақсатымен толық сай келеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, гамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру яғни қазақ тілінде сөйлесуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыпсастыру, қазақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемде дұрыс орналастырып, сөйлем құру сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады. Сөйтіп тіл дамыту – мағынасы, көлемі кең ұғым.
Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі: ауызша және жазбаша. Жалпы алғанда тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болады.
Адамның сөйлеуінде қолданылатын тілдік нұсқалар дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлемдердің тіркесі. Бұл тілді оқытудағы негізгі мәселелер. Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоепиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ауызша сөйлеу тілінің бұл – негізгі мәселесі.
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем – байланысты сөйлеудің құралдары. Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болуы керек, оқушы сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз тіркесінен сөйлем құрастырудың заңдылықтарын білу қажет. Сонда ғана байланысты ойды
басқаға білдіруге, басқаның сөйлеуін түсінуге болады. Сөйтіп, сөз және сөз тіркесі бірігіп сөйлем құрамына кіріп. Олардың бір-бірімен тығыз байланысы арқылы байланысты ой білдіреді. Байланысты ойды білдіретін бұл құралдар сөйлемде бір-бірімен ойдың ішкі байланысына қарай байланысқа түседі.
Байланысты сөйлеудің құралдарының тілде қолданылу заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, тәжірибе жүзінде яғни сөйлеуде қолдануда жаттықтыру, оларды дұрыс қолдану дағдысын оқушыда қалыптастыру – тіл дамытудағы негізгі мақсат блып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік нұсқаларды оқытумен бірге , байланыста жүргізіледі. Яғни тіл дамыту тілдік нұсқаларды, тұлғаларды оқыту барысында бірге жүргізіледі. Атапайтқанда фонетика, лексика, грамматика салалары ереже жаттау ретінде жеке оқылмайды. Бұл тілдік материалдарды оқыту олардың қолданылуын меңгерту мақсатында бағындырылады. Оқушы қазақ тілінің тілдік материалын білмей, ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды. Сондықтан оқушыға қазақ тілінің тілдік нұсқалары таныстырылады.
Оқушыға сөздерді, тілдік нұсқаларды таныстырумен, бітірумен бірге, олардың әрқайсының тілдеқалай, қандай жағдайда қолданылатыны үйретіледі. Егер оқушы олардың қалай қолданылатынын меңгермесе, ойын қазақша жеткізе алмайды.Оқушы ойын қазақша еркін жеткізу үшін, тілдік нұсқалардың қолданылуын білу қажет, біліп қана қоймай, оларды дұрыс қолданудағдысын меңгеруі керек. Міне, сондықтан да қазақ тілін оқыту тілдік материалдарды сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын оқушыда қалыптастыруғ абағытталады.
Сөйтіп тіл дамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және ол сөздерді сөйлемде бір-бірімен байланыстыратын тілдік нұсқалардың қолданылу заңдылықтарын меңгерту болып шығады. Оқушының сөздік қорын байыту тілдік нұсқалардың қолданылу дағдысын қалыптастырумен тығыз байланыста жүргізіледі.