Физиканы меңгеруге ең негізгі мәселе теориядан алған білімдерін есеп шығаруға, зертханалық жұмыста қолдана білу.Алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеті дамып, шығармашылық қабілеттері қалыптасып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Қолданбалы физиканың негізгі мақсаттары:
Просмотр содержимого документа
««PROTEUS» бағдарламасы арқылы зертханалық жұмыс жасау.»
«PROTEUS» бағдарламасы арқылы зертханалық жұмыс жасау.
Физиканы меңгеруге ең негізгі мәселе теориядан алған білімдерін есеп шығаруға, зертханалық жұмыста қолдана білу.Алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеті дамып, шығармашылық қабілеттері қалыптасып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Қолданбалы физиканың негізгі мақсаттары:
Физика курсынан алған білімдерін ары қарай тереңдету.Физика есептерін шығарғанда стандарт түрдегі есептерден күрделі есептерге көшу. Олимпиадалық есептерді шығару.Физика курсында қарастырылмаған зертханалық жұмыстарды орындау.Зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймай, оның техникада қолдануын, өмірге, тұрмыста қай салада қажет екенін айқындау.Зертханаларды өз қолдарымен жасап, компьютердегі виртуал зертханамен салыстыру, саралау, қорытындылау.
Абсолют салыстырмалы қажеттіліктерді есептей білуге, график және таблица құруға үйрену.Бірыңғай ұлттық тестке дайындық жүргізуге қалыптасады.Бағдарламада көрсетілген есептер түгелімен тестке дайындық кітабында бар.
Қазіргі таңда орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, практикалық жұмыс жасауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Зертханалық жұмысты орындау үшін келесі электр тізбегін арнайы бағдарламада құрастырып жұмысын тексереміз:

Қарапайым электр тізбегі.
Қарапайым электр тізбегіндегі элементтер келесілер:
- электр тогы 12В мәнін береміз;


Қарапайым тізбекті жинау үшін «ПУСК-ПРОГРАММЫ-PROTEUS» арнайы бағдарламасын ашып зертханалық жұмысты келесі тәртіпте орындаймыз:

Бағдарламалар тізімінен ISIS 7 Professional қосымшасын тауып шертеміз;

Құрылғылар терезесінен элементтер кітапханасын шақырып қажетті элементтерді ағылшынша атаумен іздеп зертханалық жұмысқа кіргіземіз;

Элементтер кітапханасынан элементтерді таңдау арқылы келесі түрдегі электр тізбегіндегі сұлбаны аламыз. Сұлбаны тәжірибе жүзінде жұмыс жасауын қадағалау үшін терезенің сол жағындағы «PLAY» батырмасын бас арқылы жұмысты іске қосамыз.

Кілтті қосу арқылы электр шамының жануын бақылауға болады.
«PROTEUS» бағдарламасы арқылы зертханалық тапсырмаларды орындауға болады.Көбінесі мектепте зертханалық сабақты өткізу кезінде, оқушыларға приборлар жетпейді.Осындай жағдайда жаңа бағдарламаның арқасында зертханалық жұмысты жасауға мүмкіндік береді.