СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәбит Мұқанов "Романның жанрлық ерекшелігі. Үзіндіде бейнеленген құсбегілік өнер".

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәбит Мұқанов (1900-1973) – жазушы, қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері. Ол 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сәбит қолында Абайдың, татардың көрнекті ақыны Ғабдолла Тоқайдың даналық кітаптары түседі. Абай мен Тоқайдың даналық ойлары, асыл сөздері талапты жастық ой – қиялына ерекше әсер етсе керек. Өйткені, Сәбит өлең жазуға ертерек әуестенеді. Омбы қаласындағы мұғалімдік оқуды оқыған кезден бастап әдебиеттің үлкен жанрларына қаоам тартады.

Әйгілі «Сұлушаш» поэмасын, бірнеше дастандарын жазып, шығармашылық жолға біржолата бет бұрды.

Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі», «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» сияқты романдар мен повестер жазып, қазақ әдебиетін үлкен биікке көтеріп кетті.  

Просмотр содержимого документа
«Сәбит Мұқанов "Романның жанрлық ерекшелігі. Үзіндіде бейнеленген құсбегілік өнер".»

Күні:

Сынып: 5 «А»

Пән атауы: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов

Романның жанрлық ерекшелігі. Үзіндіде бейнеленген құсбегілік өнер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Сәбит Мұқанов «Лашын»

жайында толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, ой – өрісін әрі қарай дамыту, шыңдау.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті мен еңбектері

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Үй тапсырмасын сұрау.


Ә) Жаңа сабақ

Сәбит Мұқанов (1900-1973) – жазушы, қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері. Ол 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сәбит қолында Абайдың, татардың көрнекті ақыны Ғабдолла Тоқайдың даналық кітаптары түседі. Абай мен Тоқайдың даналық ойлары, асыл сөздері талапты жастық ой – қиялына ерекше әсер етсе керек. Өйткені, Сәбит өлең жазуға ертерек әуестенеді. Омбы қаласындағы мұғалімдік оқуды оқыған кезден бастап әдебиеттің үлкен жанрларына қаоам тартады.

Әйгілі «Сұлушаш» поэмасын, бірнеше дастандарын жазып, шығармашылық жолға біржолата бет бұрды.

Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі», «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» сияқты романдар мен повестер жазып, қазақ әдебиетін үлкен биікке көтеріп кетті.

«Лашын»

(«Өмір мектебі» романынан үзінді)

Басты кейіпкерлер




1.Сәбит Мұқанов – бұл роман негізінен мемуарлық шығарма. Себебі, бұл романда Сәбит өзінің балалық шағынан бастап, өткен өмірінің бүкілін жазып шығады, яғни өмірбаяндық шығарма. Бұнда Сәбит Балтабай ауылында мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезіндегі басынан кешкен уақиғасы суреттеледі.

2. Балғабайдың ұлы Ахмет – көк көзді, шабдан мұртты, ақсұр, қушық бетті, түрі байырғы орыстарға ұқсаған, атбегілік және құсбегілік қасиеті бар, «Қараторғай» деп аталатын жүйрігі бар, жаз айларында лашын салып, құс, аң аулайтын кісі.

3. Лашын құс – денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанат, құйрығымен тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп – ұзын, көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылттау, қияғының өткірлігі ұстарадай, мөлдіреген қарақаттай қап – қара көздері томпайып, сыртына қарай тепкен, бөтегесі жүйрік аттай төстектеу, сирақтары жіңішке, сарғылт саусақтарының басына имеле біткен сұрғылт тұяқтарының ұштары біздей өткір, жазған қанатының ойылыңқырап барып, ұш жағы іп – істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша, қарасұрлау қанатының түсі қоңырлау таңбалармен сапырылысып тұратын құс.


Сөздікпен жұмыс

Қияғының өткірлігі – қияқ деген шөпке ұқсатып айтылған тұмсықтың иінінің өткірлігі

Атбегі – ат баптаушы

Құсбегі – құс баптаушы

Дуадақ – шөл құстарының бірі

Алаңғасар – қулығы жоқ, алды – артын байыптамайтын аңғал, аңғырт адам

Шабдан мұртты – сирек, селдір мұртты.

Дегбірі қалмай – тағатсыздану, шыдамсыздану

Түлек – құстың түлейтін шағы

Саңғиды – құстың саңғыуы

Бидайық – кішкене жыртқыш құс

Топшы – сирақ мұшелерінің бірі

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – күні – түні тыным таппай жұмыс істеу

Отқа шығар – құстың жайлауға шығар кезі

Дабыл – құсты үркіту үшін ұолдан жасалған дыбыс шығаратын аспап

Қосымша

Портрет - көркем шығармада кейіпкерлердің кескін – келбетін, жүріс – тұрысын суреттеу

Этнография – халықтың байырғы тұрмыс – салтын зерттейтін саласы

Этнографиялық құрал – байырғы тұрмыс – салтта қолданылған заттар. Мысалы: дабыл.

Б) Сабақтың қорытындысы:


1.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

2.Сұралған балаларды бағалау

3.Үйге тапсырма: Сәбит Мұқановтың өмірі және «Лашын» оқып, мазмұндау.

135-140- бет.

Балалар, үйге тапсырма түсінікті ме? Түсінікті болса сабақ аяқталды, сау болыңыздар