СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сәлемдесу туралы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды құрбы-құрдастарымен, үлкендермен амандасуға үйрету

Просмотр содержимого документа
«"Сәлемдесу туралы"»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 10.09.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Менің отбасым

Тақырыбы / Тема: "Сәлемдесу туралы"

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды құрбы достарымен,үлкен кісілермен амандасуға үйрету.Үлкендерді құрметтеуге силауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқыту – обучающая : «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,отбасы суреті,

Көп тілділік полиязычие: сәлеметсізбе-здравствуйте- Hello.қаліңіз қалай?-как у вас дела?- How are you

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар.

Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір – бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.

2.Негізгі бөлім

Балалар сендер үлкен адамды көргенде не істейсіңдер?(амандасамыз)

Жарайсыңдар!үлкендермен қалай амандасасыңдар?(сәлеметсізбе?)

Құрдастарыңмен қалай амандасыңдар? (салем,қал қалай?)
Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп , кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. 
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла. 
Әке – асқар тау, 
Ана – аққан бұлақ, 
Бала – бауырындағы құрақ. 
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін бала болады деп сенім білдіремін. 

Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.
Ойын: «Не істеуге болмайды?»

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
- Тәртіпті -----------------(болу керек)

Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ата сөзі – қасиетті, киелі, 
Ата сөзі – жанға жылы тиеді. 
Ата сөзі – өміріме өнеге, 
Ата сөзі – тек шындықты сүйеді. 

Жақсы перзент марқайтар, 
Жаман перзент қартайтар. 

Дөрекі сөз айтпаңдар, 

Жабырқауды білмейміз, 
Жалқаулықты сүймейміз. 
Біз талапты жас ұлан, 
Үлгі аламыз жақсыдан. 
Сергіту сәті. "Тыныс алу жаттығуы" балалар тыныс алу жаттығуын орындайды.


Көп тілділік полиязычие: сәлеметсізбе-здравствуйте- Hello.қаліңіз қалай?-как у вас дела?- How are you

3.Қортынды

Балалар сендер өте ақылдысыңдар, ұлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білдіңдер. Кәне бәріміз орнымыздан тұрып, бір бірімізге қол шапалақтайық.