Сынып оқушылары сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер жайлы білген білімдерін толықтырады,
Кейбіреуі: Сөйлем түрлерін ажырата алады, тапсырмаларда жоқ тыныс белгілерді дұрыс қоя алады.
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер |
І Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. Топқа бөлу,Бағалау парақтармен таныстыру | Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады. Топқа бөлініп отырады | Психологиялық ахуал орнату |
ІІ Үй тапсырмасы 8 мин | (өткен тақырып бойынша кері байланыс) -Пунктуация дегеніміз не? -Тыныс белгілерді сөйлемде не үшін қолданамыз. -Қандай тыныс белгілерді білесіңдер? - Пунктуацияның біздің өмірімізде алатын орны қандай? 131 –жаттығу, бір-бірін тексереді Стильін анықтау, ат қою, қандай тыныс белгілер кездеседі 2 абзац | Оқушылар топтасып ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап береді. Мәліметтерді жинақтап, өз пікірлерін ортаға салады. Тексеріп бағалайды. | «Миға шабуыл» |
ІІІ Жаңа сабақ: Білу, түсіну: 8 мин
| Проблемалық сұрақ Әр топқа мәтін беріледі, ол мәтіндерде тыныс белгілер болмайды, осы арқылы жаңа тақырыпты анықтаймыз Тақырыпты 4 топқа бөлемін Әр топ бір –бір сөйлемнен талдау жасайды Сабақтын мақсатын айтамыз | Сұрақтарға ауызша жауап береді. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша ойларын ортаға салады. Мәтінге тыныс белгілерді қояды. Сөйлемнің түрін, бастауыш пен баяндауышын анықтайды. | Мәтінмен жұмыс Тақтамен жұмыс |
Талдау және қолдану: 7 мин | Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі, сұрақ қою арқылы еске түсіреді. Әр топқа 4 сөйлем құрастырады, олардың түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қояды. 135 жаттығуды орындаймыз. 1 топ-1 абзац, 2-топ-2 абзац, 3- топ, -3 абзац, 4 топ-4 абзац | Сын тұрғысынан ойлап, сөйлем құрастырады. Леп белгісі, нүкте, сұрау белгісі, көп нүкте. Берілген мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойып, шығады (ауызша) | Топтық жұмыс Кітаппен жұмыс |
Жинақтау 7 мин | 1-топ-нүкте,2-топ-сұрақ белгісі, 3-топ-леп белгісі, 4- топ – көп нүкте. Осы тыныс белгілерге сәйкес бір-біріне сұрақ қойып жауап береді. Постерге бүгін сабақта не түсіндіндер соңын барлығын түсіреміз | Сөйлемді аяқтайды, таңданады, сұрақ қояды, сөйлемді аяқтамайды. Ауызша орындайды. Бір- бірін бағалайды. Түсінгендерін жүйелейді, бір-біріне кері байланыс береді. | «Өкіл» әдісі |
Бағалау 2 мин 15 мин | «Менің өмірімде пунктуацияның орны...» шағын эссе Рефлексия: Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша пікірлері «екі жұлдыз, бір тілек»арқылы беріледі. | Өздерін-өздері бағалайды. Бағалау парақшасы Оқушылар білімдерін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | |
Үй тапсырмасы 2 мин | 134-жаттығу, сөйлемге синтаксистік талдау жасау Парақшалар | Күнделікке жазады,бағалауларына кері байланыс береді. | |