СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ тақырыбы: III Бөлім. Парасат пайымы. Айгүл Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы: III Бөлім. Парасат пайымы. Айгүл Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі.»

МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»


Оқу сабағының жоспары

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

Сабақ тақырыбы: III Бөлім. Парасат пайымы. Айгүл Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі.

Модуль /пән атауы Қазақ әдебиеті

Педагог З.И Акишева дайындады .

2021 жылғы « »

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

  1. Мақсаты, міндеттері

Оқыту мақсаттары: Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін, әдеби шығарманың тұжырымдамасын түсіндіру. Сабақ мақсаты: Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау; Тәрбие: Топта өз ойларын қорғап, қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі. Бағалау өлшемдері:

1) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;

2) «Шашты» әңгімесінің мазмұнын баяндайды және пішінін анықтайды.

Тілдік мақсаттар. Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Автор бейнесі, образ, портрет, т.б. Қажетті ресурстар: Ғаламтор арқылы жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

https://www.youtube.com/watch?v=tniwweI3Zys

http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1562892 Сабақтың барысы:

І. Сабақтың басы (35 минут) Білу; түсіну: Сәлемдесу. Сабақты түгендеу. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру. Оқушылармен амандасу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.


Түсініктеме кестесімен жұмыс жүргізіледі. Студенттер сөздердің мағыналарын сәйкестендіреді. Жауаптарын дұрыс нұсқамен салыстырып, өз-өздерін бағалайды.

Сеитназар Сеиди*

елсіз алыс жер, қатерлі жол

Құма*

Ыстық көл.

Суын*

қазақ тіліне аударған Бауыржан Жақып

Шоқбелдеу*

орыс тіліне аударған Н.Вольпин

Алғи*

әскерді жабдықтаушы, олжа бөлуші

Ысық көл*

көне. Күң, шапқыншылықта қолға түскен әйел.

Али Акташ*

түрікпен ауылы

Оба*

ру аттары

Лаухил*

асыл тасты белбеу

Бақауыл*

теңіз жылқысы

Теке түрікпен*, бұғы қырғыз*

Балқаш көлі

Алақшы*

тағдыр тақтасы

Теңіз*

миф.кісі өлтіруші, ажал

Құртқа* дүние

қазақ түрікпенді кейде солай атайды

Сейілхан*

опасыз қу дүние

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

ІІ. Сабақтың ортасы (40 минут)

Қолдану, талдау және бағалау:

1-тапсырма. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі. 1-жұп.

  1. Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз. 2-жұп.

  1. Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және жылқышы шалдың неге өкініп неге үміттенетініне өзіндік көзқарарсыңмен 3 -4 сөйлеммен баға бер.

Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін». 3- жұп. Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол» деген үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайсың? Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлем көлемінде талдау жаз. 4- жұп.Үзіндіні оқи отырып, жылқы малына деген ата-баба көзқарасына баға бер.

Қас жүйрік қыпшақ ұлдың тақымында кеткенде түрікпендер жер сабалап қалды. Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді.

Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді. Қашса құтылады, қуса жетеді. 5- жұп: Үзіндідегі көтерілген мәселелерге тоқталып, өзіндік көзқарасыңды білдір. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін сипаттап жаз.

– Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Уызымнан жарып, бал жалап өскенімді қайтейін. Ат тұяғы басқан жер шапқын, жылқы мінген елдер соғысып, жылқы өсірген халық шабындыға көп түседі екен. Аттанып шыққан түрікпен аламанда тұтты. Ойдағы ауылыма оқыстан жау тиді, қазанды қақ айырды. Қазақ пен текежәуміт, екі жағы барымтада бірдей ожар. Біздің рудың бас көтерер ерлері Жетісу, Теңіз* асып, бұғы қырғыздан* жылқы әкелуге кеткен кезіне килікті. Кілең қатын-бала, кәрі кемпір-шалдан бөлек найза ұстайтын ерлерден аз ғана топ қалған, жасанған дұшпан қырып салды. Жас қыз-келіншектер мен қорғансыз балаларды алғыншылар қоймен қоса айдап әкетті. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қылғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері содан қалған белгі.

Жылқышы шал басы салбырап, ұзақ үнсіз отырып қалды. Іштегі шерін, асқан құпиясын ақтаруға батпайтын сияқты.

– Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын!

Жылқышы шалдың иегі кемсеңдеп кеткенін көрген сәтте, бала аһ ұрып, оны арқасынан құшақтай алды.

6- жұп: Ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпайтын, қисапсыз қазынаға айырбастамайтын, антқа берік текежәумітАтажан бай асыл тұқымды атынан айырылса да неліктен тұтқын шалға жаза қолданбайды?Үзінді бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді.

Біраз түрікпен суық қаруын асынып, жылқы қосына оралған қазақ шалдың соңынан жауар бұлттай түйіліп жетті. Атажан бай жирен атына жайдақ міне сап, ілес келген. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Момын, бейбіт жылқышы асау тарпаңдай мінез көрсетіп, міз бақпақ түгілі, оң иығына қасқыр терісін жамылып, анталаған құн сұраушыны именбей қарсы алғанын көзімен көрді. Өзін айыпты санап отырған ол жоқ. Алпыс жыл табыннан шашау шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері шегінген.

Дескрипторлар:

  • Мәтін үзінділеріне талдау жасай алады,

  • Өзіндік көзқарасы арқылы баға бере алады.

 Жұптар бір-біріне дескрипторларға сүйене отырып, «Мадақтау сэндвичі» арқылы ауызша комментарий береді. Есіңде сақта!

Жинақтау – әдеби тип жасау әрекеті. Көркем шығармадағы жинақтау-тип, даралау-мінез.

«Типтендіру» деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады».  З.Қабдолов

2-тапсырма.

 «Концептуалдық кесте» стратегиясы

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын шығармадағы тілдік қолданысы арқылы дәлелдеу

Кенжебек



Тасқұл



Атажан



3-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар жазушының «Шашты» әңгімесін жазу мақсатын талқылайды. Оқушылар жазушының бұл шығарманы жазу себебін ескере отырып, «FILA» кестесін толырады. Әр топқа FILA-ның әр бөлігі жеке-жеке бөлініп беріледі. Топ құрамында төрт-бес адам болады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында әр топ жеке жазған жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– кейіпкер туралы топтың/ өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет






Дескрипторлар:

  • Кейіпкер бейнесін ашатын деректерді табады;

  • Кейіпкер туралы ой-пікірін білдіреді;

  • Кейіпкердің іс-әрекеті мінезін сипаттайды.

  • Автордың кейіпкерге көзқарасын дәлелдейді.

  • Кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақ түрлерін құрастыра алады;

  • Автордың шығармашылық тәсілдемесіне талдау жасай алады. Бағалау: топтардың өзін-өзі жетістік сатысы бойынша бағалауы жүзеге асырылады.

4-тапсырма. «Оқырман пікірі» стратегиясы. Жеке жұмыс.

Шығармада көтерілген басты мәселені оқырманның көзқарасы жағынан біліп алу немесе пікірін білу. Ал мәтінді оқып болған соң, соған өз ойын білдіру. Талқылауға арналған сұрақтар мына үлгіде болады.

1.Мәтін мағынасына қойылатын сұрақтар:

Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Оқып отырғанда не туралы ойладыңыз? Шығарма оқиғасындағы ең маңызды мәселе қандай ? Осы шығармада қандай сұраққа жауап жоқ?

2.Шығарманың тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:

Егер сіз осы шығарманы қайта жазатын болсаңыз нені өзгертер едіңіз?

Бұл шығарма ерекше ме? Неге?

3.Автор стиліне байланысты қойылатын сұрақтар:

Автор оқырманды қалай қызықтырды?

Өз идеясын автор қалай дамытады?

Маңызды ақпаратты автор қалай берген?

Дескрипторлар:

- ақпараттарды өз бетінше меңгергенін көрсетеді;

- сөз астарын, құдіретін түсінеді;

- мәселеге қатысты ойын, пікірін еркін білдіреді;

- автор стиліне баға бере алады.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы студенттер бірін-бірін бағалайды, ұсыныстарын білдіреді.

ІІІ. Сабақтың соңы (15 минут) Кері байланыс. «Серпілген сауал» әдісі бойынша оқушылар сабақ соңында кері байланыс береді.

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

  • Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

  • Өзіңе қандай тәлім-тәрбие алдың?

  • Сабақта мақсатымызға жеттік пе?

Үй тапсырмасы.

1. Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкерге хат жазу.

2. https://www.youtube.com/watch?v=tniwweI3Zys

«Жылқы мен қазақтың табиғаты» тақырыбындағы бейнероликті пайдалана отырып, эссе жазу.