Сабақтың тақырыбы : «Кім тапқыр,кім батыл ойыны».
Сөйлемді аяқта .
(қиындықтар туындағанда суретті көрсетуге болады)
Қоңыз ағаш тесігіне ... .
Қаламды сөмке ішіне ... .
Гүлді терезе алдына ... .
Киімді ілгішке ... .
Қарындашпен сурет ... .
Ойыншықпен ... .
Ермексаздан қоян ... .
Кітапты үстелдің үстіне ... .
Телефонмен ... .
Теледидардан мультфильм ... .
Сөреге кітап ... .
Қайшымен ... .
Желіммен ... .
Қаламмен ... .
шаңды ... .
Тапсырма
Суреттерді көрсете отырып, сөздерді жәймен айтамыз: «күн \ ай \ қалам \ жүрек». Кейін бала жаттыға бастаған кезде тезірек айту керек. (бұл ойынды бір әріпке басталатын сөздермен де ойнауға болады).
Кім көп сөзді есінде сақтайды?
Ойынды бір сөзді қайталаудан бастау керек. Кейін материалды 2-3-4 сөзге дейін көбейту керек. Балаға қиын болса сөздер санын азайту керек.
Қайшы, қалам, қағаз, қарындаш.
Қарға, қоян, қол, қолғап.
Мата, май, маса, машина.
Сағат, сағыз, су, сәбіз.
(Бұл сөздердің суреттерін көрсету арқылы ойнату баланың көру арқылы есінде сақтау қабілетін дамытады).
Тапсырма
Егерде шеге мен картинканы алса, олармен не істеуге болады?
Егерде бұлт арасынан күн шықса, онда ... .
Егер музыка естілсе, ... .
Егер мамаң қабағын түйіп отырса, ... .
Егер тамақтың иісі шықса, онда ... .
Егер далада балалардың даусы естілсе, онда ... .
Егер бағдаршамның қызыл шамы жанса, онда ... .
Егер қар жауса, онда ... .
Егер телефон шырылдаса, онда ... .
Тапсырма
Қоян, тиін, мысық. Қайсысы орманда тұрады?Мама, папа, сиыр. Қайсысы үйде тұрмайды? Арыстан, әже, бала. Қайсысы үйде тұрады?Папа, Қанат, қасқыр. Қайсысы орманда тұрады? Баланың қолымен ауада орман мен үйдің суретін салуға болады.
Тапсырма
Мысық ұшады ма, әлде балық ұшады ма? Мысық та, балық та ұшпайды.
Үстел секіреді ме, әлде қоңыз секіреді ме?
Үтік жүзеді ме, әлде балға жүзеді ме?
Үй жүреді ме, әлде ойыншық жүреді ме ?
Тапсырма
Мысық не істейді?(Жуынады, сүт ішеді, жіппен ойнайды, тышқан аулайды, құстарды қуады, иттен қашады, ағашқа өрмелейді).
Ал ит ше? Салыстыру үшін мысықтың бір әрекетін ересек айтса, бала иттің әрекеттерін ойлап айтуы .
Есту зейінін дамыту
Мақсаты: Дыбыс бағытын анықтау.
Құралдары: Барабан, сыбызғы, қоңырау.
Ойын барысы:Балалар топқа бөлініп бөлменің әр бөлігінде түрлі дыбыстайтын құралдарды алып отырады. Жүргізуші іріктеледі. Ол көзі байлаулы күйде дыбыстың шыққан бағытын анықтап көрсетуі керек. Егер бала дұрыс тапса, педагог «Баста»- дейді. Жүргізуші көзін ашады. Ал дыбысты шығарған бала орнынан тұрып, дыбыстаған құралын көрсетеді. Жүргізуші дұрыс таппаса, ойынды әрі қарай дұрыс тапқанша жалғастырады.
Не естігеніңді айт.
Мақсаты:Сөздік қоры мен фразалық тілдік материалдарды толықтыру.
Ойын барысы:Педагог балаларға көздерін жауып, мұқият тыңдауларын (құстардың дауысы, машина сигналы, адамдардың әңгімелескен дыбыстары т.б.) және нені естігендерін анықтауларын өтінеді. Балалар толық сөйлеммен жауап берулерін талап ету керек.
Жәй – қатты!
Мақсаты:Қозғалыс координациясын және ритм сезімдерін дамыту.
Құралдары: бубен, тамбурин
Ойын барысы:Педагог бубенмен жәй, қатты, өте қатты дыбыс шығарады. Балалар бубеннің дыбысына: жәй дыбысқа аяқтың ұшымен, қатты дыбысқа толық адымдар, ал өте қатты дыбысқа жүгіріп қимылдар жасайды. Кім қателессе, саптың соңына тұрады. Ең зейінді бала саптың алдына шығады.
Кім не естіді?
Мақсаты: Сөздік қорларын кеңейту және фразалық сөйлеу тілін дамыту.
Құралдары: ширма, түрлі дыбыс шығаратын заттар.
Ойын барысы:педагог ширма артынан түрлі дыбыстарды шығарады, ал балалар қай заттың дыбысы шыққанын тауып, толық сөйлеммен айтулары керек.
Фонетикалық есту қабілеттерін дамыту
Қызыл-көк
Мақсаты:Есту қабілетіне берілген сөздердегі дыбыстарды табу.
Құралдары: Балаларға екі (қызыл, көк) жолақшадан тарату.
Ойын барысы:Педагог балаларға айтылатын сөздердегі қайсысында берілген дыбыстың бар екенін ұқыпты тыңдауға шақырады. Егер айтылған сөзде берілген дыбыс болса, қызыл жолақшаны, ал жоқ болса көк жолақшаны көтерулері керек.
Дыбыс қай жерде?
Мақсаты: Сөздегі дыбыстың орнын анықтау.
Құралы: Үш ашық түсті жолаққа бөлінген картон, фишкі (жолақша немесе дөңгелекше)
Ойын барысы: Педагог сөзді айтады. Балалар берілген дыбыстың орнын анықтайды. Дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында естілуіне байланысты картон бетіндегі жолақшаға фишкі қойылады.
Алғашында тек сөзің басындағы немесе соңындағы орнын анықтауға арналған тапсырмалар алынды. Тек балалар осыны жақсы меңгергенде ғана сөздің ортасындағы орнын анықтауға арналған тапсырмалар беріледі.
Кімде көп?
Мақсат:Суреттер бойынша заттардың атауларындағы дыбыстарды анықтау.
Құралы: Белгілі бір дыбысқа сай заттар бейнеленген сюжетті картинкалар.
Ойын барысы: Педагог балаларға «Бақша» тақырыбына сай суреттерді көрсетеді. Суреттерді қарап болғаннан кейін педагог бақшадан нелерді жинауға болатынын айтып берулерін сұрайды. Кейін балалардың алдына қай заттардың атауында [р] т.б. дыбысы бар екенін анықтауларын сұрайды. Әрбір дұрыс табылған дыбысқа жолақша беріледі. Кім көп жолақша жинаса, сол жеңіске жетеді .
Кім зейінді?
Мақсаты: Сөздік қорларын молайту, түрлі дыбыстарды автоматизациялау.
Құралы:Белгілі бір дыбысқа суреттер.
Ойын барысы: Балалар үстел айналасында отырады. Педагог « Мен сендерге суреттерді көрсетемін және атауларын айтамын. Ал сендер қандай дыбыстың жиі айтылатынын табуларың керек. Кім тапса қолын көтереді» дейді және белгілі бір дыбысқа басталатын (мысалы: алма, ат, ағаш, алмұрт, ай) суреттерді көрсетеді. Балалар [а] деп жауап береді. Кейін балалар өздері осы дыбысқа сөз ойлаулары керек.
Дыбысты анықта
Мақсаты: Фразалық сөйлеу тілін дамыту.
Құралы: Түрлі ойыншықтар мен заттар (кітап, қағаз, қасық, барабан)т.б.
Ойын барысы:Ойынға қатысушылар жүргізушіге арқаларын беріп отырады. Ол түрлі заттармен дыбыс шығарады. Жүргізушінің немен дыбыс шығарғанын анықтаған ойнаушы қолын көтеріп, сол отырған қалпында ненің дыбысы екенін айтады.
Дыбысты түрлі заттар арқылы шығаруға болады (қасықты жерге түсіріп алу, қағазды мыжу, затты затқа ұрғылау, шапалақтау)т.б.
Кім көп дыбысты анықтаса, соның зейінділігі фишкімен марапатталады.
Бұл не?
Мақсаты: «Жануарла немесе құстар» тақырыбы бойынша түсініктерін бекіту.
Құралы: Жануарлар мен құстардың суреттері.
Ойын барысы:Педагог қолына жануар мен құстардың бірнеше суретін ұстап тұрады. Бала бір суретті алады, оны қалған балалар көрмеуі керек. Ол алған жануарының немесе құсының дыбысын шығарады немесе оның қимылын салады. Ал балалар онығ қандай жануар немесе құс екенін анықтаулары керек.
Ойыншық алып кел.
Мақсаты: Кеңістіктік және сандық түсініктерін дамыту.
Құралы: Ұсақ ойыншықтар.
Ойын барысы: Педагог балалармен үстел айналасында отырады және балаларға қарсы үстелден белгілі бір ойыншық алып келулерін сұрайды: «Қанат, екі саңырауқұлақ алып кел». Қанат тапсырманы орындайды және не істегенін сөзбен айтып береді. Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса, қалған жолдастары шапалақтайды, ал қате орындаса қателескен жері айтылады. Балалар барлық ойыншықтарды алып келгеннен кейін сол ойыншықтармен ойнайды.
Тыңда және орында.
Мақсаты: Сөздің тапсырмалар мен нұсқауларды, фразалық сөйлеу тілін дамыту.
Құралы: Түрлі ұсақ ойыншықтар.
Ойын барысы: Педагог бірнеше қимылдарды сөзбен айтады, бірақ қимылмен көрсетпейді. Бала айтылған жүйемен сол тапсырмаларды орындайды және кейін қимылдарды сөзбен айтып береді. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмасы үшін бала марапатталып отырады.
Кім көп сөз ойлайды?
Мақсаты:Сөздік қорларын молайту, түрлі дыбыстарды автоматизациялау.
Құралы: Доп, фишкі.
Ойын барысы: Педагог белгілі бір дыбысты айтып соған сөз ойлауларын сұрайды. Балалар шеңбер жасап тұрады. Ойнаушының біреуі қасындағы жолдасына допты лақтырады. Ұстап алған бала берліген дыбысқа сөз айтуы керек. егер дұрыс айтса, фишкі алады, ал сөз ойлап айта алмай алдыңғы сөздердің біреуін қайталаса фишкі ала алмайды. Фишкіні көп жинаған бала жеңіске жетеді.
Суретке сай орынын тап.
Мақсаты: Сөздік қорларын молайту, түрлі дыбыстарды ажырату.
Құралы: атауында ж және ш дыбыстары бар суреттер.
Ойын барысы:Балалар үстелді айнала отырады. Педагог «Шар жарылғанды ш- ш- ш-деп дыбыс шығарады. Бұл суретті оң жағыма қоямын». Сосын қоңыздың суретін көрсетіп « қоңыз ж- ж- ж- деп дыбыс шығарады. Сондықтан бұл суретті сол жағыма қоямын» дейді. «Мен қазір сіздерге суреттерді көрсетемін және аттарын айтамын. Сіздер етілген дыбысты анықтап, қай жаққа қоятынымызды анықтайсыздар дейді». Педагог ойынның қалай ойналатынын көрсетіп береді, ал балалар жалғастырады.
Буынды анықтау
Мақсаты: Сөздерге буындық атлдау жасауға үйрету.
Құралы: Барабан, бубен
Ойын барысы: Балалар қатарға отырады. Педагог әр балаға сөз береді. Бала алынған сөзінің шапалақ арқылы буын санын анықтауы керек. Сөзді анық, нақты айтуы шарт. Қателеспеген бала жеңімпаз болады.
Сөзді тап
Мақсаты: белгілі буын санына байланысты сөз құрастыру.
Ойын барысы: Педагог балаларға телеграф арқылы сөзді береді. Ал балалар буын санына байланысты сөз ойлап табулары керек. егер балалар қиналса, педагог алғашқы буынын айтады. Бұл ойын алғашында барлық топқа берілген тапсырмамен ойналса, кейін бір балалны шақырып ойналады.