СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуіне есептер шығару

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуіне есептер шығару

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуіне есептер шығару»

Ф-Е-10/5.1

5 cабақ жоспары

Пәні: Физика және астрономия


Тобы:







Күні,

мерзімі:








Сабақтың түрі: Тәжірибелік.

Сабақтың тақырыбы: Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуіне есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Теориялық білімдерін есеп шығаруға үйрету.

Дамытушылық:Теориялық алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Математика, Химия

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Б.Кронгарт Физика-10

Қосымша: Р.Башарұлы



Сабақтың барысы мен мазмұны:


Сабақ кезеңдері

Сабақ кезеңдерінің мазмұны және сұрақтары

Оқыту әдістері

Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ


Уақыты

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.


2 мин

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін пайдаланып есеп шығаруды үйренеміз.

3 мин

ІІІ. Сабақта оқушыларға берілетін білімнің өзектілігі, оқу процесіне оқушының қызығушылығын тудыру. Оқушылардың алған білімдерін негіздеп, молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуіне есептер шығару.


10 мин

IV. Тақтада немесе компьютерде тәжірибелік жұмыстарды орындау және жағдаяттарды шешуді көрсету.

1. Перрон тәжірибелерінде броуындық бөлшектің өлшемі 1мкм болды. Олар диаметрі 10-8 см болатын су молекулаларынан қанша есе үлкен?

Шешуі: 1мкм-10-6м; 10-8 см-10-10м. n=a/d формуласын пайдалансақ n=10-6м/10-10м=104; n=104.


2. Массасы 2кг мыс кесекте қанша зат мөлшері бар?

Шешуі: зат мөлшерін v=m/M формуласынан табамыз. Мұндағы М-мыстың молдік массасы және М=64*10-3 кг\моль

V=6кг\64*10-3кг\моль=93,75мол


8- жаттығудың есептерін шығару тәсілдері.



Таратпа материал

20 мин

V. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстары

8-жаттығу

1 Массасы 6 кг мыс кесекте қанша зат мөлшері бар?

2. Ыдыста 5,418*106 оттек молекулалары бар.Ыдыста мольмен алғанда қанша зат мөлшері бар?

3.Азоттың 200 молінің массасы қандай болады?

4.Қалыпты жағдайдағы газ молекуласының орташа арақашықтығын анықтау.


8-жаттығудың есептерін шығару

Таратпа материал

35 мин

VІ. Оқушылардың білімін бағалау және хабарлау: Оқушылардың жауаптарына сәйкес ой-өрісін бағалау.



5 мин

VІІ. Сабақты қорытындылау: Сабақтың түсінбеген жеріне тоқталып, көрсету.




3 мин

VІІІ. Үй тапсырмасы: Б.Кронгарт Физика-10, 8-9 жаттығу есептерін шығару.


2 мин






Оқытушы:__________П.Тазабекова

Бақылау сұрақтары:



1.МКТ-ның негізгі қағидаларын атаңдар.

2.Диффузия дегеніміз не?

3.Броундық қозғалыс дегеніміз не?

Зат мөлшері дегеніміз не?

4.Заттың мольдік массасы дегеніміз не?

5.Сұйықтың, қаты денелердің, газдардың қасиеттерін атаңдар.

6.Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не? Оларға қандай шамалар жатады?

7.Идеал газ дегеніміз не?

8.МКТ-ның негізгі теңдеуі.



































Жедел тест.

1.Қай ғалым денелер тұтас емес, олар бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады деп болжам ұсынған?

А)М.В.Ломоносов; В)Р.Броун; С)Демокрит.

2.Қай ғалым зат құрылымының молекулалы – кинетикалық тоериясы туралы еңбек жазды?

А)М.В.Ломоносов; В)Р.Броун; С)А.Эйнштейн

3. Молекулалық физикада жылу құбылыстарын зерттеуде қандай екі әдіс қолданылады?

А)Жылулық, электрлік, магниттік; В)Термодинамикалық және молекулалы – кинетикалық; С)Термодинамикалық, магниттік;

4.Болцман тұрақтысының мәні:

А)1,38*10-23Дж/К; В) 6,02*1023моль-1; С)8,31 Дж/К*моль

5.Заттың мольдік массасын сипаттайтын физикалық шама:

А)M=m*Na; В)m=m0*N; С)m=M*V;

6.Зат мөлшері дегеніміз не?

А)Микробөлшектер әлемінде заттың бірлік көлемінде қанша бөлшек бар екенін көрсететін шама;

В)Берілген денедегі молекулалар саны 12 г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама;

С)Бір мольдің мөлшерінде алынған заттың шамасы;

7.1742 жылы швед астрономы және физигі реперлік нүктелері мұздың еру 0 0С және судың қайнау температурасы 100 0С деп тағайындаған ғалым:

А)Т.Уильям; В)Фарангейт; С)Цельсий;

8.Фарангейт шкаласы қай елдерде қолданады:

А)Ресей, АҚШ, Франция; В)АҚШ, Англия, Франция; С)Англия, Корея;

9.Авагадро тұрақтысының мәні неге тең:

А)1,38*1023Дж/К; В)8,31Дж/К моль; С)6,02*1023моль-1

10.МКТ-ның негізгі теңдеуі:

А) ; В) ;

С)p=

Тест жауаптары:

1.С. 2.А. 3. В. 4.А. 5.А. 6.В. 7.С. 8.В. 9.С. 10.C.

Тестті бағалау көрсеткіші:

1-5- «3»

6-8- «4»

9-10- «5»



Идеал газ деп-молекулалар арасындағы тартылыс пен тебу күштері есепке алынбайтын олар тек серпімді соқтығысқанда ғана өзара әрекеттеседі деп саналатын ,ал молекулалардың өздері көлемі жоқ серпімді шар немесе материялық нүкте ретінде қабылданатын газ моделін айтамыз.

 1. Барлық молекулалардың mo массасы бірдей

 2. Ыдыста бір ғана зат бар, яғни молекулалары бір тектес.

 3. Барлық молекулалардың жылдамдықтарының мәні бірдей 

4. Газдағы барлық бағыттар тең құқылы және молекулалар тек өзара перпендикуляр үш бағыттың бойымен ғана қозғалады.

5. Кез келген уақыт мезетінде осы үш бағыттың әрқайсысының бойымен бір мезетте молекулалар қозғалатын болады.

 Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.Молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ ,  нақты газдардың қарапайым моделі  - идеал газ.

Газ молекулалары барлық уақытта ретсiз жылулық қозғалыста болады, оның мөлшерлiк сипаттамасын молекуланың сызықты жылдамдығының орташа квадраты, дәлiрек айтқанда, кинетикалық энергиясының орта мәнi бередi. Газдардың молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі    немесе Клаузиус теңдеуі   p- газ қысымы     n- молекулалар концентрациясы   mo-молекулалар массасы -молекулалар қозғалысының орташа жылдамдығының  квадраты    

2. Идеал газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы:  

 Бұл теңдеу МКТ-ның негізгі теңдеуі. Мұндағы молекуланың орташа кинетикалық энергиясы:  Олай болса: .

3. МКТ-ның негізгі теңдеулерінің тағы бір түрін тәжірибе арқылы қарастыру керек.

Молекулалар шоғыры:  , осыдан:   

Идеал  газ      (модель)

1. Газ молекулаларын материалдық нүкте ретінде қарастыруға болатын

2. Молекулалар бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасады  және  хаосты қозғалады.     

3. Молекулалар тек қана серпімді соқтығысуымен әсерлеседі ,  олардың   бір -бірімен әсерлесуі жоқ.

4.  Молекула  жылдамдығы әртүрлі  , бірақ белгілі бір температурада молекуланың орташа жылдамдығы тұрақты болып қалады .