Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер | Мұғалім үшін: адамдар уақытты қалай анықтайтынын, уақытты анықтау бірліктерін айту. Күнтізбе жасау тәсілдерін көрсету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптерінің 20– 21-беттеріндегі тапсырманы орындау. |
Оқушылардың міндеті | Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, адам өміріндегі сағаттың маңызы туралы әңгіме құрау. Ғаламтоp мен өзге де ақпарат құралдарынан сағат пен күнтізбенің тарихы туралы мәліметтерді тауып, жақындары және достарымен бөлісу. Тірек сөздер: уақыт, сағат, уақытты анықтау, секунд, минут, сағат, тәулік, апта, жыл, жыл мезгілдері, маусым, күнтізбе. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: Адамға сағат не үшін керек? Жауап. Сағат күн тәртібіңді жоспарлау үшін, бәріне уақытында үлгеруге, уақытты біліп, не істеуді білу үшін керек. Сағаттың қандай түрлері бар? Жауап. Қолсағат, қабырға, үстелдің үстіне қоятын сағат, механикалық сағат, электронды сағат, құмсағат, күнсағат. Ең бірінші қандай сағаттар пайда болғанын білетіндер бар шығар? Жауап. Күнсағат. Оның қандай кемшіліктері болды? |