Оқушыларға шыршаны безендіруге немесе жаңажылдық сыйлық ретінде ұсынуға болатын құрамақтардың бірнеше нұсқасын ұсынуға болады. Олар көлемді пішіндермен жұмыс істейтін болғандықтан, сабақтың басында сол пішіндерді біліп алуы тиіс. Оқушылар шеңбер, тік бұрыш, үшбұрыш және т.б. пішін түрлерімен таныс. Көлемді пішіндерді көрсетіп, олар жазық пішіндерден несімен ерекшеленетініне талдау жүргізу керек. Балалар дұрыс жауап беруі мүмкін, өйткені олар көлемді пішіндермен жұмыс істеді. Енді оларды есте сақтайды. Одан әрі оқулық бойынша ұсынылған құрамақтарға назар аударды. Мұғалім жасанды және табиғи материалдардан бірнеше құрамақтың жасалу жолын түсіндіреді. Бұл Жаңа жылда қолмен жасауға болатын заттардың үлгісі екенін, бірақ оны дәл солай қайталау міндет емес екенін естен шығармау керек. Мұғалім құрамақтардың үлгісін ұсына алады, ол терезедегі қырау, әртүрлі гүл алқалар, кәдесыйлар мен шыршаға арналған ойыншықтар болуы мүмкін. Мұғалім кәдесыйларды таңдағанда сол өңірде бар табиғи материалдарды, сондай-ақ балалар қиындықсыз табатын жасанды материалдарды ескеруі керек. Оқушылар бір сабақта екі-үш | Оқулық. https://originalnie- podarki.com/novogod nie-igrushki-svoimi- rukami-2/ https://happynewyear 2013.jimdo.com http://www.7dach.ru/ SilVA/13-sposobov- sdelat-novogodnie-i- rozhdestvenskie- igrushki-svoimi- rukami-13898.html http://adalin.mospsy.r u/ny/eligr02.shtml |