Магнитизм еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Магнит өрісі тарауы бойынша алған білімдерін бекіту
және тиянақтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін — өзі басқаруға, көпшілік орында
өзін ұстай білуге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық
қабілетін жан – жақты дамыту, логикалық ойлау
арқылы толық жауап беруге дағдыландыру, ойларын
дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай
білуге үйрету.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту технологиясы, сұрақ – жауап
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Пәнаралық байланыс: ПҚҰ, ТЕП, математика, химия,
электротехника, астрономия
Сабақтың көрнекілігі: проектор, вокзал кассасы, анықтама
бюросы, оқу – әдістемелік
құралдар, карточкалар, бағдаршам
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарының түгелдігіне бақылау жасап, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
1.электр өрісі дегеніміз не?
2.Электр өрісінің қасиеттері қандай?
3.Электр өрісінің қасиеттерін зерттеу үшін қандай заряд алынады(таңбасы бойынша) ?
4.Өрісті сипаттайтын физикалық шама(анықтамасы,белгіленуі , формуласы)
5. Нүктеліктің зарядтың электр өрісінің кернеулігінің формуласы
II. Кіріспе бөлім:
Оқушылар бүгін сабағымызды саяхат сабақ түрінде « Магнит өрісі еліне» физикалық поезд ойыны түрінде жүргіземіз. Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поезын пайдаланамыз. «Жүйелі білім» поезы 3 вагоннан тұрады. Олар:
1 – вагон «Көпшілік вагон»
2 – вагон «Плацкарт»
3 – вагон «Купе»
Саяхатымыз бірнеше аялдамалардан тұрады. Оқушылар әрбір аялдамалардың тапсырмасын орындау арқылы келесі аялдамаға көшіп отырады. Әрбір аялдамада оқушылар берілген тапсырмаларының дұрыс, дұрыс еместігін анықтама бюросы арқылы анықтайды да, келесі аялдамаға билет кассасынан вагондарына қарай тапсырмаларын алады. Әрбір аялдамадан кейін оқушылардың берген жауаптарына қарай вагондарына орналастырамыз.
1. «Зеректер» аялдамасы (тесттік тапсырмалар беріледі).
2. «Тапсырмалар» аялдамасы ( сұрақтар).
3. «Шамалар» аялдамасы (шамалардың белгіленулері беріледі, осы белгіленулер арқылы формулалар құрастырып, қандай формулалар екенін атау).
4. «Құпиялар» аялдамасы (ребус беріледі).
5. «Мәреге жету» аялдамасы (қорытындылау, оқушы білімін бағалау).
III. Негізгі бөлім:
«Зеректер» аялдамасы
Бұл аялдамада оқушылар 10 сұрақтан тұратын тест тік тапсырмалар беріледі. Оқушы осы тапсырманың 9 – на дұрыс жауап берсе купе вагонына билет алады. Егер 8 – не дұрыс жауап берсе плацкарт вагонына билет алады. Ал қалған оқушылар берген жауаптарына қарай осы көпшілік вагонда қала береді.
5. Тест жұмысы 1-нұсқа тест
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып кетеді?
а) темір ұнтақтарын алып тастаса;б) магнит тілшесін алып тастаса; в) темір ұнтақтарып және магнит тілшесін алып тастаса; г) өткізгіштегі токты өшіріп тастаса; д) пайда болған магнит өрісі жойылмайды.
2. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?
3.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз-
а) электр зарядынан басталып, электр зарядынан аяқталатын сызықтар;
б) өткізгішті қармап жатқан сызықтар; в) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар; г) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар; д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
4.Электр өрісіне қарағанда магнит өрісінің ерекшелігі:
а) өріске енгізілген электр шамына әсер етеді; б) жеңіл мыс сымға әсер етеді;
в) зарядталған шыны таяқшаға әсер етеді; г) ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етеді;
д) ерекшелігі жоқ.
5. Магнит өрісін … туғызады.
а) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары; б) қозғалыстағы электр зарядтары; в) тыныштықтағы электр зарядтары; г) магниттік зарядтар; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Магнит өрісі … әсер етеді.
а) тыныштықтағы электр зарядтарына; б) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; г) қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты … анықталады.
а) оң қол ережесімен; б) бұрғы ережесімен; в) сол қол ережесімен; г) Ленц ережесімен;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8. Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.
2-нұсқа тест
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Осы магнит өрісін бір жерден екінші жерге көшіруге болады?
а) темір ұнтақтарын көшіру арқылы; б) магнитті көшіру арқылы; в) тогы бар өткізгішті көшіру арқылы; г) оны күшті электромагниттің көмегімен тарту арқылы; д) магнит өрісін көшіру мүмкін емес.
2.Жолақ магнитті екіге бөледі.Осы бөліктер нені білдіреді?
3. Төменде келтірілген құралдардың қайсысында электромагнит қолданылады?
а) микроскоп; б) динамик; в) электр үтігі; г) электр қоңырауы; д) электроскоп.
4. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?
а) электрөлшеуіш аспаптар; б) электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы; в) электромагниттік аспап, г) генератор; д) трансформатор.
5.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:
1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;
а) тек 1;б) тек 2;в) тек 3; г) 1,2,3; д) ондай жағдай мүмкін емес.
6.Компас тогы бар өткізгіштің жанында орналасқан.Егер өткізгіштегі токтың бағытын өзгертсе, магнит тілше қандай өзгеріске ұшырайды?
а) тілше бір айналым жасап, тоқтайды; б) тілше айнала бастайды және тоқтамайды;
в) тілше шамамен 180ºС-қа бұрылады; г) тілшемен еш өзгеріс болмайды;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Параллель орналасқан екі түзу өткізгіш арқылы қарама-қарсы бағытта ток жібергенде:
а) өткізгіштер бір-біріне тартылады; б) өткізгіштер бір-бірінен тебіледі; в) өткізгіштерде
еш өзгеріс болмайды; г) өткізгіштер созылады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8.Суретте магнит полюстерінің арасында сызба жазықтығына перпендикуляр орналасқан
тогы бар өткізгіш көрсетілген.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсет.
«Тапсырмалар» аялдамасы
Бұл аялдамада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Купе вагонына – 2 есеп, плацкарт вагонына – 1есеп, 1 сұрақ, көпшілік вагонға – 2 сұрақ беріледі.
Купе вагонының тапсырмасы:
3.«Жұмбақ конверт» сұрақтары: (Бірінші және дұрыс жауап берген топтың оқушылары ойынды бірінші бастайды. «Жұмбақ конверт» сұрақтарын бір оқушы оқиды, жалпы топ жауап береді. Жауап бере алмаса екінші топ көмектеседі. Ең жоғарғы ұпай 5 балл).
1 топ:
1. Магнит индукция векторы дегеніміз не?
2. Лоренц күші деп нені атайды?
3. Ампер күшінің модулі неге тең? (формуласын тақтаға жазып түсіндіру)
4. Бұрғы ережесі бойынша магнит индукция векторының бағытын көрсет.
5. Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
6. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл …. (диффузия)
7. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ )
9. .Джоль – Ленц заңы: өткізгіштен ток өткенде онда бөлінетін жылу ток кушінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өту уақытына тура пропорционал.
Плацкарт вагонының тапсырмасы:
2 топ:
1. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)
2. Күш импульсі дегеніміз не? ( I=Ft, берілген бірдей уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама ).
3. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)
4. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
5. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама… (энергия)
6. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
7. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
8. Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт. ( адам )
9. Үдеуді қандай құралмен өлшейді? ( акселерометр)
10. Дене импульсі дегеніміз не? ( Р=mv, механикалық қозғалыстың өлшеуіші болып саналатын векторлық физикалық шама ).
Көпшілік вагонының тапсырмасы:
3топ:
1. Магнит индукция векторының бағытын магниттік тілшенің көмегімен қалай анықтайды?
1. Тұрақты магниттер дегеніміз не? (магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады)
2. Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?(оның электр тогына әсер етуінде. Тек қозғалыстағы зарядтар мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады)
3. Магнит өрісінің сызықтары деген не?(магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар)
4. Магнит өрісі деген не?(өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтамыз)
5. Магниттің неше полюсі бар?(екі полюсі (N)солтүстік және оңтүстік(S) )
6. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
7. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
8. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
9. Ең кішкентай заряд? (электрон)
10. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
Сөзжұмбақ шешу. (Әрбір топ өздері дайындаған сөзжұмбақтарын қарсы командаларға береді. Екі оқушыдан тақтаға шығады. Біреуі сұрақты оқиды. Топ жауап береді. Екінші оқушы жауабын жазады. 6 мин.)
Мақал айту және жұмбақ шешу: (2 мақал, 2 жұмбақ. Мақалдың физикалық мағынасын ашу. Жұмбақ та тақырыпқа сай болу керек).
1. Физиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің.
2. Кеңістікте тараған.
Екі өріс табысқан (электромагниттік өріс).
3. Пайдаланған мені жұрт,
Отын және жарыққа.
Қызмет етем әрқашан,
Түсіне білген халыққа (электр тогы)
4. Трамплиннен секіру - «Кім жүйрік!» сайысы
(топ басшыларына тапсырма. 1 минут ішінде физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атап шығу керек).
5. Мәнерлеп сырғанау - «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секундта сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек)
«Ампер» тобына:
1. Зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысы (электр тогы)
2. Зарядтың уақытқа қатынасына тең шама (ток күші)
3. Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді (меншікті
кедергіге, өткізгіш ұзындығына, көлденең қимасының ауданына).
4. Ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын кім ашты? (Ом)
5. Өткізгіштердегі токтардың бағыттары бірдей болса ол өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тартылады)
6. Магниттік тілшенің қандай бағыты магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (оңтүстік полюсінен солтүстік полюске қарайғы бағыты )
7. Токтың бағытын қандай заряд көрсетеді? (оң заряд).
8. Өткізгіштер параллель қосылса қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. (кернеу)
9. Магнит индукция векторының өлшем бірлігі (Тл)
10. Ток күшін қандай құрылғымен өлшейді? (амперметр)
«Вебер» тобына
1. Заряд қоршаған кеңістікте пайда болатын өріс (электр өрісі)
2. Металдарда негізгі заряд тасушылар (электрондар)
3. Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар (Джоуль - Ленц )
4. 1 кВт сағат электр энергиясының құны қалай аталады? (Тариф)
5. Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады? (ток күші)
6. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге қандай күш әсер етеді? (Лоренц күші)
7. Күш моментінің ток күші мен бет ауданына көбейтіндісінің қатынасына тең шама (магнит индукция векторы)
8. Жартылай өткізгіштерде негізгі заряд тасушылар (электрондар мен кемтіктер)
9. Заттың ішінде шыр айнала қозғалатын тұйықталған токтар болғандықтан, онда магниттік қасиет байқалады. Бұл кімнің гипотезасы: (Ампер)
10. Токтардың бағыттары қарама - қарсы болса онда өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тебіледі)
«Тесла» тобына
1. Магниттік өтімділігі аса жоғары заттар (ферромагнетиктер)
2. Ортаның магниттік қасиетін сипаттайтын шама (магнит өтімділігі)
3. Магнит күш моментінің өлшем бірлігі (Н*м)
4. Бұрғы ережесінде қайсы бағыт магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (бұрғы сабының айналу бағыты)
5. Сұйықтарда негізгі заряд тасушылар (иондар)
6. Атом сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( бөлінбейді)
7. Аса жоғары температурада қатты денелерден электрондардың ыршып шығу құбылысы (термоэлектрондық эмиссия)
8. Тұздар, қышқылдар, сілтілердің сұйықтардағы ерітінділері (электролиттер)
9. Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ету күші (Ампер)
10. 1 квТ сағат электр энергиясының тариф құны 10 теңге. Қуаты 40 кВт электр энергиясы үшін қанша теңге төлеу керек? (400 тг.)
«Құпиялар» аялдамасы
Құпиялар аялдамасында оқушылар берілген ребусты шешеді. Ребус әртүрлі суреттер арқылы беріледі.
6. Бағалау.
7. Қорытындылау.
1. Қандай жаңа мәлімет алдыңыздар?
2. Ампер күші дегеніміз не?
3. Магнит индукциясының өлшем бірлігі қандай?
4. Сол қол ережесі қалай тұжырымдалады?
8. Үй тапсырма §56, 26 жаттығу.
“ ” ‘ ’