СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шуақты күн" құрастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Шуақты күн

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру

Дамытушылық: Елестету , қиялдау қабілеттерін дамыту

Оқыту: Күн шуағын бейнелеуге үйрету

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Күннің көзі, түрлі-түсті доптар

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Ойындық жағдаят

Балаларға ойынға ит келеді. Ол өзімен әртүрлі түсті шеңберлер ала келеді және онымен ойнауды ұсынады.

2.Негізгі бөлімі:

Тәрбиеші фланеграфқа бұлт пен күннің жапсырадыда тақпақ оқиды.

Бұлт тығылып орманға,

Шықты күнім аспанға.

Сондай таза сәулелі,

Даярмыз аялап ұстауға.

Тәрбиеші тақпақты тағы бір қайталап шығады.

Сөздік жұмыс:

Шуақты күн

-Қәне, балалар, күнімізге күліп және ауа арқылы сүйіп, қол бұлғайық.

-Балалар, күннің түсі қандай?

-Міне, мынандай сары түсті.

-Ал мынандай түстен не болуы мүмкін?

Фланеграфтағы жасыл дөңгелектерді көрсетеді.

-Ал, мынандай түстен (қызыл) не болуы мүмкін? Фланеграфқа қояды.

-Балалар, бізде не сары түсті?

-Ал, көк түсті ше?

-Ал қызыл түсті ше?

Балалармен жұмыс жүргізіледі.

«Түрлі түсті доптар»

Тәрбиеші түрлі-түсті доптармен ойнауды ұсынады. Педагог мына сөздерді айта отырып, допты балаларға қарай лақтырады.

3.Қорытынды:

«Қағып ал менің қызыл (сары, жасыл, көк) добымды,

Маған лақтыр жасырма оны!»

Тәрбиеші әрбір баламен жеке ойнайды.

«секір добым асықпай,

Ойнасын барлық балақай!»

Балаларды мадақтау.