СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сиқырлы дорба"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші:-Балалар,алдымен пішіндер мен олардың түстері туралы тақпақтар тыңдайық. (геометриялық пішіндерден көрпеше құрастырып,қуыршаққа сыйлайды)

Просмотр содержимого документа
«"Сиқырлы дорба"»

Білім беру саласы: " Таным"

Пәні:ҚМҰҚ

Тақырыбы: "Сиқырлы дорба "

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балаларды ақыл -ойын дамыту.

Оқыту: Ұқсас пішіндерді танып білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: дамытушылық технологиясы ғойын технологиясы.

Ресустармен қамтамасыз ету: геометриялық пішіндермен

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.түсіндіру,сұрақ жауап көрсету.

1. Ұйымдастырылған кезең:

Тәрбиеші:-Балалар,алдымен пішіндер мен олардың түстері туралы тақпақтар тыңдайық. (геометриялық пішіндерден көрпеше құрастырып,қуыршаққа сыйлайды)

2.Негізгі кезең:

Дидактикалық ойын: «Көңілді пішіндер» Шарты:геометриялық пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырады. Әр балаға кез-келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай (пішіні бойынша) үстелге қоюды ұсынады. Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды. Заттың пішінін саусақпен жүргізіп шығуларын ұсынады.Балалардың заттарды дұрыс орналастырғанын тексереді.Жеке жұмыс жүргізеді. Сергіту сәті: Бір,екі –еңкей, Бүгілмесін тізең. Үш – төрт шалқай, Иілмесін тізең. Қолды көтер аспанға, Саусақты соз, жасқанба. Оңға,солға бұрылып, Жоғары,төмен қарайық, Орнымызды табайық. Тапсырма: «Түс пен пішінді ажырата білу» 1.Сары шеңберге секір. 2.Қызыл төртбұрышқа аяқты қой. 3.Жасыл үшбұрышты атта. «Қапшықтан алып шық» ойыны. Шарты:Үстел үстіне бір пішінді қояды. Балалардың біреуі шығып, қапшықтың ішінен дәл сондай пішінді сипап сезу арқылы табады. Төртбұрышты қолданып, Үшбұрышты қолданып, Көрпешені жасаймын, Әдемісін ішінен, Қуыршаққа сыйлаймын. Ойыншықтар қандай, қандай, Қызыл,жасыл,сары,ақ. Түрлі – түсті түрлері, Көз тартады өздері.

Балалар тапсырманы орындайды. Балалар сары түске секіреді; Қызыл бұрышқа аяқтарын қояды; Жасыл үшбұрыштан аттайды; Сипап ұстау арқылы қапшықтың ішінен алып шыққан пішіннің атын айтып,түсін атайды. 3.Қорытынды

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз, геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрендік, олардың неге ұқсайтынын білдік.