БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК
| «Бекітемін» Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары ________ Хайруллина Н.Г. «____»__________ 2015ж. |
| |
ашық тәрбие сағаты
СТ-632 топ жетекшісі:
Г.Т.Жумабаева
Орал қаласы – 2015
Тақырыбы: «Студенттік кез тамаша»
Мақсаты: Студенттердің арасында өзара ынтымақтастықты дамыту, таңдаған мамандықтарына деген көз-қарасты жетілдіру, тәрбиелік мақсатында ұядан ұшқалы отырған түлектерге ақ жол тілеу.
Өтетін орны: Колледж акт.залы
Өтетін күні: 11.12.2015ж
Көрнекіліктері: Слайдтар топтамасы, альбом
«Қазақ биі»
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім – деп «Студенттік кез тамаша» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
2-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға – деп колледжіміздің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы тұрған түлектерімізді құрметпен ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар! ( түлектер залға кіреді)
1-жүргізуші: Жетекші деген ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына,
Шәкірттерін оңаша еске алатын – деп ортаға топ жетекшісі – Абдрахманова Дана Жұмашевнаны шақырамыз.
2-жүргізуші: Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,
Өмірдің басқышына қадам басқан – деп «Ұстазым» әніне кезек берейік.
1-жүргізуші: Талапкерміз – абитуриент, Келген алғаш ауылдан,
Түріміз де киген киім, Оқшау еді қауымнан.
Оқшау еді жүрісіміз, Қолымызда кітап бар.
Жастық асты толып кеткен, неше түрлі кітаптар.
2-жүргізуші: ертең сынақ деген күні, өтпей қойды түніміз.
Тест болатын сол бір сәтке, жетті әрең күніміз.
Періштенің құлағына ілініпті үніміз,
Бүгін біздің ең бақытты адам болған күніміз – деп студент сөздігі мен тарих намасына көз жүгіртейік.
1-жүргізуші: Студеттік өмір – соғыс пен бейбітшілік.
2-жүргізуші: Екілік – қырсызға қамшы.
1-жүргізуші: Үштік – үміт шоғы
2-жүргізуші: Төрттік – тәңір сыйы.
1-жүргізуші: Бестік – бақыт құсы.
2-жүргізуші: Куратор – студенттің екінші анасы
1-жүргізуші: Декан – жан құзыры
2-жүргізуші: пар – ұзақ уақыт қамтарылу.
1-жүргізуші: аудитория – ұйықтайтын орын
2-жүргізуші: Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
1-жүргізуші: Үзіліс – бармысың бауырым, іздеудегі жан құрбым
2-жүргізуші: Стипендия – аштық арашасы
1-жүргізуші: Диплом – тіршілік тірегі, өмірлік наның
2-жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, аямайық шапалақты.
«Флешмоб»
1-жүргізуші: Сен жыладын, студент
Көп оқыдым деп лекцияның барлығын,
Қонбады деп, миыма ешбір сабағын,.
Сен жыладың , бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә-жә жарар! Өткен лекциян оралар ма?
Қарау керек студент саған алға.
2-жүргізуші: Оқудың барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған,
Бестік қойылмайды деп, Екілік жойылмайды деп,
Қате жазған лекцияң, штрихпен түзелмейді деп.
1-жүргізуші: Ән: «Куда уходит детство»
2-жүргізуші: Естіледі бүгін назды асыл ән,
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған.
Қиналса да, қабақ шыту білмеген,
Студенттер қуанышы тасыған.
1-жүргізуші: Жаса жарқын, жас білімгер ендеше,
Сендер үшін бүгінгі күн мереке.
Бәрі-бәрі саған ғана жарасар,
Ойын-сауық, әзіл – қалжын келеке.
2-жүргізуші: «Вальс»
1-жүргізуші: Өтер қыс та, өтер көктем, өтер күз,
Бір күндері тарап-тарап кетерміз.
Қанша алыс қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып еске алысар ма екенбіз.
2-жүргізуші: Қуаныңдар, жасымаңдар бұл күнде,
Жоқ қой сеннен бақытты жан өмірде.
Шаттық жолы студенттік кездер-ай,
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе.
Ән: «Сен де, Мен де»
1-жүргізуші: Рахмет, бұл кешке келгеніне достар!
Қатарыңнан алды бол көшті бастар.
Биіктерден әрдайым көріне бер,
Иесі болашақтың – сендер жастар!
2-жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа, әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен қоштасу кешімізді аяқтаймыз!