Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 20.02.2020ж
Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Таным
Пән / Предмет:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы / Тема: «Су – өмірдің нәрі»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Табиғатқа қамқор жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Табағат жайлы түсніктерін кеңейту. Су шынығудың табиғи факторларының бірі екендігі туралы түсінік беру
3. Оқыту – обучающая : Су жөніндегі түсініктерін ары қарай жалғастыра отырып, оның қасиеттерімен таныстыру..Жеке бастың тазалығын сақтаудағы судың алатын орнын
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Салауаттың, бөлме өсімдіктерінің суреттері, ойынға қажет үлестірмелі материалдар.
Көптілділік :, өсімдіктер-растения-plants,жапырақтар-листья-leaves,сабақ-стебель-stem.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайыпсәт)
Есік қағылып,бөлмеге дәрігер Салауат кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен мейірімді Салауатпын. Білісіңдер ме бүгін мейірімділік күні, сендерді мейірімділік күнімен құттықтаймын. Ал, енді сендерге келген себебімді айтайын. Таңертең маған көжектер келіп,құлақтарының ауырып тұрғанын айтып еді.Ал менің дәрі салғышымда дәрілер таусылып қалыпты.Балалар,сендердің топтарында дәрілік өсімдіктер бар ма?
2.Негізгі бөлім
Сендер өз топтарыңдағы қандай дәрілік өсімдер бар екенін атап берсеңдер, маған аңдарды емдеуге көмектесе аласыңдар. Қандай өсімдік болмасын біз не құяыз?
Біз өсімдіктерге су құйямыз. Су құймасақ олар кеуіп өспей қалады.
Осылай сендер бүгін өз мейірімділіктеріңді көрсете аласыңдар.
-Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын ,ал сендер қандай өсімдік екенін табындар.
-Жапырақтары сопақша,үлкен,түсі қою жасыл.Бұл қай өсімдік?
(Фикус гүлін көрсетеді)
-Бүгін сендер жаңа бөлме өсімдігі-хош иісті қазтамақпен таныстырамын.
Қазтамақтың сабаға жасыл,шырынды,сабағынын бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі.
Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады,бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп кездеседі.
Су өміріміздің мәні. Сусыз өмір жоқ. Сумен біз өсімдіктерді суарамыз, өзіміз ішеміө, сумен тамақ истейміз, суды қайнатып шай ішіеміз. Судың біздің өмірімізден алатын орны ерекше. Өмірдегі балық тіршілік иеі сумен байланысты. Суды қолданған кезде үнемдеп қолдануымыз керек. Сумен біз жуынамыз, сумен біз киім жуамыз. Таза боп жүру үшін судың орны ерекше.
Көптілділік: өсімдіктер-растения-plants,жапырақтар-листья-leaves,сабақ-стебель-stem.
Табиғат әлемінде таза ауа , мөлдір су.
Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хошиісі».
-Қазтамақтың хош иісін сезіну үшін терең тыныс алайық.
-Қазтамақ-дәрілік өсімдік.Одан дәрілік майлар жасалады.Хош иісі бөлмеге ұсақ шіркейлерді келтірмейді.
-Балалар,қазтамақтың фикустан айырмашылығын қарастырайық.
-Фикус қандай күтімді қажет етеді?
Жапырақтарындағы шаңды немен сүртеді?
-Не үшін жапырақтардағы шаңды сүртеміз?
(Жапырақтары ауаны тазартады)
-Өсімдіктерді қалай суару керектігін көрсетіңдерші.
-Су құйғыштың тұмсығын гүл ыдысының шетіне салып,суды шашыратпай суару керек.Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп-баптау керектігін түсіндіреді.
Сергіту сәтін өткізу:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салады,
Жел күшімен шайқалған.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс орындатылады.
«Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?»
сұрағына жауап беру.
Жеке жұмыс. Малика мен Алуаға табиғат бұрышындағы өсімдіктер аттарын дұрыс, айтқызып, айыра білуге көмек көрсету. Суара білуге үирету.
-Балалар,сендерге үлкен рақмет!Сендер маған көмектестіңдер,енді мен өз достарымды емдей аламын. Сендер тек қана маған емес, сонымен қатар, өсімдіктерге де мейірімділіктеріңді көрсетеді екенсіңдер.Сау болындар!
3.Қорытынды бөлім:
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды.