Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Ғажайып қыс»
Тақырыбы/Тема: «Шырша»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу.
3.Оқыту – обучающая: Жасыл шыршаның дайын суретін әртүрлі төртбұрышты, дөңгелек ойыншықтармен безендіруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Дьеныштың блоктары, безендірілген шырша суреті, гуашь, мақта таяқшалары, салфетка.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: шырша – елка, жасыл- зеленый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт. Топқа қолында шыршасы бар тиін келеді.Мұңайып тұрады.
-Тиін сен неге ренжулісің?
-Қолыңдағы ненің суреті?
Балалар тиін сендерден шыршаны безендіруді үйренгісі келеді. Біз оған үйретеміз бе?
Шыршаның түсі қандай болады?
Билингвалдық компонент: шырша – елка, жасыл- зеленый
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Геометриялық пішіндермен безендірілген шырша ағашының үлгісін көрсету.
Үлгіні талдау.
-Балалар тақтадағы шырша ойыншықтары немен безендірілген?
-Ойыншықтардың пішіні қандай?
Біз де бүгін шыршаны геометриялық пішіндермен әшекейлейік.
Көрсету және түсіндіру.
Ойыншықтарды мақта оралған таяқшамен салу тәсілін көрсетемін.
-Дөңгелекті солдан оңға қарай дөңгелете сызу.
-Түстерді кезектестіріп бейнелеу.
-Бояуды біркелкі қағаздан үзбей,таяқшаны баспай жеңіл,көтеріңкі жағу.
Басқа пішіндерді де солай салуды көрсетемін.
Сергіту сәті:
Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.
Дьеныштың блоктарымен «Ойыншықтар» ойыны
Геометриялық пішіндерді көлеміне, түсіне қарай жинатқызу.
Шырша шамдарының түсі әртүрлі болатынын айтады. Балалар түстердің атауларын қайталап,естеріне түсіреді.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Балаларға әдіс-тәсілдерді көрсеткен соң, сурет салуға нұсқаулық беріледі.
Жұмыс барысында бақылау,жеке нұсқаулық беру,балаларға көмектесу.
Жеке жұмыс: Амирханға, Бағланға бояу түстерін дұрыс таңдауға көмектесу.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?
- Біз сендермен нені безендірдік?
- Оның түсі қандай?
- Қандай мереке шыршасыз өтпейді?
- Балалар, сендерге тиін рахмет айтып жатыр.
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Балаларды мадақтау.