Тақырыбы: Сын есімнің мағынасы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға бір зат есімге бірнеше сын есім таба білуге, сын есімді зат есіммен байланыстырып сөйлем құрай білуге мүмкіндік туғызу;
2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
6-жаттығу, 183- бет.
Әткеншекте жасырылған жидек аттарын табу: таңқурай, қараат, құлпынай, бүлдірген. Олар қандай болады?
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
7-жаттығу. Зат есімнің әр түрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім табу:
Тақта – жасыл, үлкен, пайдалы, сәбіз – дәмді, пайдалы, сарғыш.
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді қалай атаймыз?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
8-жаттығу Кестені толтыру:
Зат атауы | Түсі | Дәмі | Пішіні |
доп | көк | - | домалақ |
алмұрт | сары | тәтті | сопақша |
жапырақ | жасыл | - | үлкен |
пияз | сырты сарғыш | ащы | домалақ |
9-жаттығу Суретте берілген зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жазу:
Түлкі – қу, сұлу, қызғылт. Кітап – қалың, ақ, қызықты. Өрік – тәтті, домалақ, сары.
10-жаттығу берілген сөздер кімнің немесе ненің белгілері екендігін анықтау: Адам: үнемшіл, көңілді, қара шашты, қой көзді.
Жануар: қорқақ, сақ, ұзын, арық.
11-жаттығу заттардың барлық белгілерін көре аламыз ба? (Жоқ)
Алмалар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ерекшелінеді? (түсі, түрі, пішіні) Алманың қай белгісін көзбен көре алмаймыз? (Дәмін)
Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?
ҮІ. Бекіту. 12-жаттығу. Өлеңді түсініп, тиісті дауыс ырғағымен, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою:
1. Өлеңде не туралы айтылған?
2. Өлеңді кім жазған?
Тапсырмаларын орындау: сын есімдерді табу, қиярды сипаттап жазу.
ҮІ. Қорытындылау Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
ҮІІ Үйге тапсырма: 13-жаттығу, 185 –бет.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау