СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

СЫНИ Т?Р?ЫДАН ОЙЛАУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?Ы МЕН ТАНЫМДА? БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бексолтанова Л. Ж. математика п?ні м??алімі, Астана ?аласы № 58 мектеп - гимназиясы

?азіргі кезде мектептерде жиі ?олданылып отыр?ан жа?а технологияны? бірі– о?ушыларды? жазу мен о?уда сын т?р?ысынан ойлау ?абілетін ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан ?діс-т?сілдер. О?ытуды? осындай жа?а педагогикалы? технологияларын саба??а ендіру б?гінгі та?да ?рбір ?стазды? басты ма?саты болуы керек.  Мені? б?л сын т?р?ысынан ойлау технологиясын саба?та ?олдануда?ы ма?сатым: о?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту?а ж?мыстар жасай отырып о?ушыны? п?нге ?ызы?ушылы?ы мен танымды? белсенділігін арттыру, ?з бетінше білім алу?а, шы?армашылы?ын ?алыптастыру?а м?мкіншілік беру. 

Просмотр содержимого документа
«СЫНИ Т?Р?ЫДАН ОЙЛАУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?Ы МЕН ТАНЫМДА? БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ»

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ТАНЫМДАҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ


Бексолтанова Лязиза Жеңісханқызы,

математика пәнінің мұғалімі

Астана қаласы «№58 мектеп- гимназия» КММ

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологияның бірі– оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Менің бұл сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолданудағы мақсатым: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып оқушының пәнге қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Себебі, заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, тез шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейтіні анық. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже берері сөзсіз. Оқушының жеке басын дамыту үшін:

  • баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

  • білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау;

  • өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру сияқты қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.

Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік бағдарламаны меңгергеннен кейін өз іс- тәжірибемде өзгерістер енгізуден бастадым. Оқыту мен оқудаға жеті модульді жетік меңгеріп, сабақта тиімді пайдалану жолдарын қарастырудамын. Сонымен бірге сын тұрғысынан ойлау технология бойынша мектебімізде ұйымдастырылған оқу семинарына қатысып, өзіме қажетті сын тұрғысынан ойлау технологиясының бірнеше әдіс- тәсілдерін біліп, таныстым. Курсты аяқтағаннан кейін өз сабақтарымда оқыту мен оқудың жаңа әдіс – тәсілдерімен қатар сыни тұрғыдан ойлау технологиясының да бірнеше стратегияларын қолданып келемін. Геометрия пәні бойынша бір сабағыма тоқталатын болсам: сабаққа ең бірінші нақты мақсат қойып, күтілетін нәтижені анықтаймын. Өзімнің әр сабағымды психологиялық дайындықтан бастаймын және оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, өздерін сабаққа дайындап алады. Мысалы сабақты ұйымдастыру кезеңінде «Сәлемдесу тренингі» оқушыларға жақсы көңіл –күй сыйлайды.

Сәлемдесу тренингі

Салем достым! (амандасады)

Сен қалдайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Сыныпта жағымды ахуал тудырғаннан кейін, пәнге байланысты сыни тұрғыдан ойлануға тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды 5 топқа топтасуға бағдарлаймын. Алдыңғы тақырыпты еске түсіру мақсатында әр түрлі бұрыш сызбалары бар таратпа қағаздарды алғаннан кейін оқушылар бұрыш түрлерін анықтай отырып, «Сыбайлас бұрыш», «Вертикаль бұрыш», «Айқыш бұрыш», «Сәйкес бұрыш», «Тұстас бұрыш» атаулары бойынша топтасады. Өз атауларына сәкес әр топ анықтамсын, не болмаса қасиетін тұжырымдап береді.

Сабақта қызығушылықты ояту кезеңі өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Мұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта- жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

Мысалы геометрия сабағында «Қиылысатын түзулер. Перпендикуляр және көлбеу» тақырыбында қызығушылықты оятуда «Қиылысатын төрт түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?» деген сұрақ қойылды. Оқушылар әр түрлі нұсқалар айта отырып, сызба сызу, бір- бірімен кеңесу арқылы дұрыс жауабын таба білді.







ІІ. Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. (Пирамида суреті көрсетіледі).

Б. э. д. І ғасырда өмір сүрген грек геометригі Фалес пирамиданың биіктігін тауып беріп, өзгелерді таң қалдырған. Ол «Мына таяқшаның көлеңкесі биіктігіне тең болғанда, пирамиданың биіктігі көлеңкесіне тең болады» деп шешкен.

(Экранда кеме).

Алыста якорьде тұрған кемеге дейінгі қашықтықты есептей алған.
Осы суреттер сіздерге қандай ұғымдарды, фигураларды еске түсіреді? (Перпендикуляр, көлбеу, үшбұрыш) Ендеше перпендикуляр мен көлбеудің өмірдегі маңызы зор екенін көріп отырмыз.

  1. Түзу мен жазықтық өзара қалай орналасуы мүмкін?

  2. Нүктенің түзуден қашықтығы дегеніміз нені білдіреді?

  3. Жазықтыққа перпендикуляр дегеніміз қандай түзу? т.с.с. сұрақтарға жауап іздеу тапсырылады, сұраққа жауап табу арқылы тақырыппен толық танысады. Әр топ бір сұрақтың жауабын айтады.

Стратегиялар: INSERT кестесі, түртіп алу, ЖИГСО-2

Осы кезеңде «Кім жылдам?» дауыстап оқу сайысын өткіздім.

  1. Жазықтықтағы кез - келген түзумен тік бұрыш жасай қиылысқан түзу.
    (Перпендикуляр)

  2. Жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр емес түзу. (Көлбеу)

  3. Перпендикулярдың және көлбеудің жазықтықтағы табандарын қосатын кесінді. (Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы)

  4. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы (Қашықтық)

  5. Перпендикуляр, көлбеу, проекция құрайтын үшбұрыш.(Тікбұрышты)

Практикалық, деңгейлік тапсырмалар (тақтада көрсетіледі) орындалып, талданады.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде «Венн диаграмма», «үзбей жазу», «кубизм», «еркін жазу», «бес жолды өлең», «эссе» т.б. стратегиялар қолданылады. Бұл әдістер арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін «кубизм» әдісі бойынша, мұғалімнің сауалдарына «үзбей жазу» арқылы жауап жазуды орындайды.

Көлбеу мен перпендикулярды:

- сипатта (ережесін тұжырымдайды),

- суретте,

- салыстыр,

- қолдан (мысалы құрылыстағы рөлінің ерекшелігін т.б жазады),

- датта, не жақта,

- Жазықтыққа перпендикуляр және өзара тең екі көлбеу жүргізілген. Екі көлбеудің проекцияларының тең екенін дәлелде.

Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың қандай деңгейде сабақты меңгере алғандығын көре аламыз. Яғни суреттеп, сипаттай алса -өнімсіз, салыстырып қолдана алса -өнімді, даттап, не жақтай алса, не болмаса дәлелдей алса -шығармашылық деңгейде екенін білеміз.

Сабақ кезеңдері арасында сергіту сәтін ұйымдастыру да оқушының белсенділігін арттыруда тигізетін әсері зор. Сергіту сәттерінде жұмбақтар шешу, мақал-мәтел жасыру да артықшылық етпейді.

Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Дамылсыз қанша шапса да. (Параллель түзу)

  1. Білікті бірді жығады,....

Білімді мыңды жығады.

  1. Бір кісі қазған құдықтан, ...

Мың кісі су ішеді.

  1. Елу жылда, ...

ел жаңа

Сабақты басынан бастап не өткенімізді («қайта оралу») рет- ретімен еске түсіру арқылы қорытындылаймыз.

Сабақ барысында орындалған тапсырмалар бойынша оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы өзара формативті бағалайды және сабақтың ой толғаныс кезеңінде орындаған тапсырмалары бойынша әр оқушы бағаланады. Үйге тапсырма беріліп, оқушылардан кері байланыс алынады. Кері байланыста берген оқушы ұсыныстары ескеріліп, келесі сабақ жоспарланады.

Сонымен, сын тұрғысынан ойлау технологиялары қазіргі заман талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті. Себебі оқушы басқаның пікірін тыңдап, өз ойын жеткізуге тырысады, оның өзіндік көзқарасы пайда болады. Бізге керегі де осы. Алдағы уақытта, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдері кеңінен меңгере отырып, өз іс- тәжірибемде кеңінен пайдалауды мақсат етіп қойдым. Егер алға қойған мақсатқа жетіп, шәкірттеріміз озып шығып жатса, ұстаз үшін одан асқан мәртебе жоқ шығар...