3-сыныпта "Әдепті бала арлы бала" атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Тақырыбы: «Әдепті бала арлы бала»
Сабақтың мақсаты:
Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Шар, плакаттарға жазылған сөздер, қоржын, карта (сурет) , суреттер.
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Әдептілік әлеміне саяхат
Бір күні Алпамыс, Махаббат екеуі Ботақанды туған күнімен құттықтауға іздеп шықты.
Алайда достар ботаны үйінен емес, ауыл үстіндегі төбе іргесінен тапты. Ботақанның әлдебір ойға қатты шалғаны сондай , достарының келгенін аңғармай қалды.
Алпамыс.
- Не істеп отырсың? – деп сұрады одан Алпамыс.
Бота.
- Бір ойға батып отырғаным, - деп жауап берді.
- Менің әжем ше, Үлкен Інгенді айтам.
Сол әжем маған атамның көне қоржының сыйлады.
Алыс сапарларға арналған жол сөмкесін. Бұл қоржын біздің тұқымда ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келеді. Осының ішінен не тапқанымды қараңдаршы: бір уыс жусан, мөлдір таза су, қалтаға салынған құм, бейнеленген сурет.
Махаббат:
- Бір бас жақсы-ау, ал үшеу одан да тамаша!
- Иә, күрделі мәселе! Бәлкім, әжей саған жусанды мынаңдай ниетпен, айталық жүйрік болсын деп сыйлаған шығар!
Ал мына су сенің жан дүниеңді әрдайым бұлақ сияқты таза болсын дегені.
Калтадағы құмның мәнісі: осында құмның қанша қиыршығы болса, жер бетінде сенің сонша досың болсын деген.
Бота:
- Ал онда сурет не үшін керек?
Алпамыс:
- Мынау жәй ғана сурет емес!
- Мұнау карта ғой
Махаббат:
- Дұрыс! Бұл сурет кәдімгі картаға өте ұқсайды. Тек ол қай елді бейнеленген десеңші? Осыны қалай білсек екен?
Бота:
- Әрине, бұл біздің мектептегі әдептілік әлемі.
Оқушы:
- Қош келдіңдер, Әдептілік әлеміне! Әр аялдамадағы тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ, әр аялдамада сыйлық ретінде қоржындарына әдеп сөздері сыйлыққа беріледі екен. Ендеше сол тапсырмаларды бір кісідей орындайық.
Амандасу жайлы не білесіңдер?
1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады.
2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да сәлем беру.
3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады.
Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді.
3. Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.
Көршілерді көргенде
Сыйлап сәлем беремін
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.
Сынып аялдамасы. (қоржынға «Сәлеметсіз бе!» деген сөз салынады)
Кітапхана аялдамасы.
Бала: Сәлеметсіз бе, апай.
Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме,балалар!
Сендер маған ертегіден көрніс көрсетіңдер.
Көрініс : «Аулақ бол жаман әдеттен».
Музафар Әлімбаев.
1.Қаншама рет ескертті Аю Қоянға:
- Бүйіріңді таянба!
2.Балта ұқтырды Араға:
Балта: - Сақта сөзімді есте
Өсіп тұрған далада
Жалғыз ағашты кеспе!
1. Қошқар айтты Қошақанға бүгін де:
- Үйді айнала жүгірме!
2. Ұқтырды ешкі лаққа:
- Жөнін білмей лақпа;
Таңдайыңды қақпа!
1. Бұзауға бұқа ұрысты,
Ұрысқаны дұрыс-ты!
Бұқа: Иығыңды бас па, тас па
Отты шашпа, күлді баспа!
2. Жайылып жүрген жотада
Ескертті Бура Ботаға:
Түйе: Үлгілі сөзді ұмытпа,
Түкіре көрме құдыққа!
Тақтадағы суреттер жайында түсіндіріп беріңдер.
Қоржынға «Рахмет » деген сөз салынды .
Асхана аялдамасы:
1. Тамақтану алдында және соңында қол жуылады.
2. Тамақты әркім өз алдынан жеу керек.
3. Дастарқанға алдымен нан қойылады.
4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
5. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деген жөн.
6. Тамақтану соңында ас қайырылып , бата беріледі.
Ботаның қоржынына «Ас дәмді болсын!» деген әдеп сөздері салынды .
Музыка кабинеті аялдамасы
Енді өнерлерінді көрсетіңдер
Ән : «Бала тілегі»
БАЛА ТIЛЕГI
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,
Гүлденсiн деп атамекен – қара орман.
Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,
Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.
Алтын бесiк — ұлан-байтақ елiмде,
Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.
Қалықтаған көгершiнi көгiнде,
Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.
Ата берген батаменен көркейсiн,
Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де
Мен әдепті баламын
Ақбота: Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Диас: Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Ән: «Әдептілік»
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенің дәмдісін
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек?
“Рахмет!”- айтып жеу керек.
Балалар жүр көшеде
Естіледі шу-айғай
Сен де шықтың көшеге,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
“Кешіріңіз!”- –деу керек.
Осы келген келпіңде
Допты қудық, жарыстық
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді?
“Сәлеметсіз бе!”-деуді.
Әдептілік Әліппесі
Томирис:
Атам маған әманда
әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда-
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің-
Сәлемдесіп,қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда-
Мақтанбауды жөн көрем.
Аққу:
Өзгелерден өзімді
Санамайтын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда-
Жүрем тура жолменен.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа-
Тек шындықты көздеймін.
Ә.Асылбеков
Ән;Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қоржынға «Кешіріңіз ! Мархабат !» деген сөздер салынды.
Бота:- Әже, мен бүгін достарыммен бірге Әдептілік әлеміне барып келдім.
Қоржыным толған әдеп сөздер, әдеп сөздерді біледі екен!
- Сәлеметсізбе!
- Рақмет!
- Ас дәмді болсын!
Кешіріңіз! Мархабат!
Қорытыңды :
Оқушылар мақал-мәтелдер айтады
1.Бала тәрбиесі бесіктен
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
3.Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
4.Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.
1. Жақсылық еккен алғыс орады.
2. Үлкенді сен сыйласан кіші сені сыйлайды.
1.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
2.Адам әдебімен көрікті
3.Әдеп басы- тіл
4.Әдепті дегенше, әдемі десейші.
Оқушыларға «Әдепті сөз» мәтінін күй табақтан тыңдату.
«Сиқырлы сөздер» слайдын көрсету
Әдепті сөз
Менің атам: «Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап,әдепті сөзді үйреніп ал,балам»,-деп маған өсиет айтады. Ағатайым институтта оқып жүр. Ол жақында каникулға келді. Мен оның әрбір ізетті,инабатты іс-қимылдарына назар аудардым. Әдепті сөздерін ұғып, жадымда сақтадым. Өзім де әдепті сөздерді қолдана бастадым .
Әділет ағатайым келем деген уақытынан кешігіп келді. Ол танадай көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалай құшып амандасты:
-Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім....
-Айыбы жоқ,балам, «Жолаушының жолы біледі»деген.
Ғафу етіңіз, Сізге сыйлайтын сый-сыяпатым да көңілдегідей емес.
Оқасы жоқ, ботам! «Ізетке найза бойламайды» деген
Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.
-Қош келдіңіз! Куаныштымын, -дедім мен.
Ағатайым бетімнен сүйіп:
-Атамның тілің алып жүрсің бе?-деді.
-Маған сеніңіз,-дедім мен.
-Атасының жанашыр қамқоршысы,күні ғой бұл-жарығым!-деп , атам мені мақтай бастағанда,асыра мақтауды жөнсіз көріп,іштей қысылдым.Кейбір «еркелігім» есіме түсті.
Ағатайым анам, әкем,аталарыммен кездескенде қандай әдепті сөздер айтар екен деп,оның әрбір қимылына,әсерлі сөзіне ықылас қойып,қасынан қалмай жүрмін.
-Балам,шкафтағы кітаптарды сәндеп,реттеп қой,-деді көкем.
-Құп болады,-деді Әділет ағатайым.
-Әділжан,мына жуылған киімдерді үтіктеші,-деді апам.
-Сізге қызмет етуге әзірмін,апа,-деді ол.
-Мына ініңе әдептілік,имандылық,ианабаттылық дегеннің не екенін үйрет,бала,-деді атам.
-Сөзіңізге құлдық,ата, «Кішіден ізет,үлкеннен парасат» деуші едіңіз ғой...
Мен ағатайымның әдепті сөздерін өзімнің өнегелі сөздері жазып жүрген дәптеріме жаза бастадым.Әдепті сөздерді мен осылай үйрендім.
Тақтадағы сиқырлы сөздерді оқушылар мен оқу.
Әдептілік - тәрбие бастауы
Жарияланды 9-04-2012, 19:55 Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы
Х.Наубетов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Инкабаева Аян Тобаниязқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі»
Халық мақалы
Мақсаты:
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар
( әдептілік туралы), құпия хаттар т.б.
Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)
Әдеп.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
К. Байзақов
- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Түйіндеу
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Кішіпейілділік Үлгілі бала
Су құйдым да құманмен, Бақшаны суарып, келді ол су алып, Қолына мен әкемнің. Самауыр қайнатып, үйде де, түзде деСодан кейін оған мен Қылығы өнеге, ұстазы бізге деОрамалды әпердім. Ұнайды ол неге?Әдептілік әліппесіАтам маған әманда Алдын орап кісінің, Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.Ата сөзі санамда - Ізетімен кішінің - Жсы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп , қол берем.Атам маған әманда Өзгелерден өзімдіКішіпейіл бол деген. Санамаймын жоғары.Ата сөзі санамда - Артық айтып сөзімдіМақтанбауды жөн көрем. Желпінгенім жоқ әлі.Атам маған әманда Қалдыратын ұятқа - Әділетті бол деген. Жалған сөзге төзбеймін.Ата сөзі санамда - Жеткізетін мұратқа - Жүрем тура жолменен. Тек шындықты көздеймін.
А. Асылбек
Мәтінмен жұмыс
Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хоттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Дәйексөз
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Жүректен - жүрекке
Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.
Әдеп
А. Естенов
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа
Әдептілік – әдемілік белгісі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік белгісі.
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептлікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдістері: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: мақал жазылған тірек сызба, көрініске арналған көрнекіліктер, жүрек сұлбасы, доп.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
(Психологиялық дайындық)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлім.
- Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.
- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – әдемілік белгісі» деп аталады..
Көрініс: «Жүрек, қайрат, ақыл, күш»
Жүрек:
- Мен адам баласын алаалмаймын. Жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.
Қайрат:
- Ей ақыл! Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің- соның жаман.
Ақыл:
- Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман.
Білім:
- Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы шеуің басыңды қос, соның ішінде билет.
- Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Біреуіңнің күні жоқ, біреуінсіз. Осы төртеуміз арқылы адам тәртіптіғ әдепті, мәдениеттіғ білімді яғни барлық жақсы адами құндылықтарды бойларына сіңіреді. Төртеуміз бірге жүрелік. Келістік пе? Келістік.
- Ендігі кезекте ұлдар мен қыздар болып сайысып көрейік.
Сайыстың кезеңдері: 6 кезеңнен тұрады.
1. Сұраққа – жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.
4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.
6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.
7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек?
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.
8.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?
9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.
10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Не ақшаға сатып алуға бола ма?
Жоқ.
11.Сонда әдептілік деген не? (екі топқа да қойылады)
Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың.
Әдеп - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.
Әдеп- барлық жағдайда сыпайлық шегінен шықпау.
Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшілігін ескеруді талап етеді.
2.Қане, ойланайық:
1. Айнұр көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр...
2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр...
Сергіту сәті
- Балалар, әдеміі билей білу де әдептілікке жатады екен. Олай болса
«Қаражорға биін» билеп көрелік.
4.Кім көп біледі?
(Әдептілік, тәрбие туралы мақал – мәтел айтып жарысу)
5.«Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды?
Үлкендердің алдынан ......
Құстарды ......... болмайды
Кішкене баланы ........
Қыз баланы ............
Оқулықты ..............
Сыныпта .................
Тамақты.........
Айқайлап..............
Бетіңді басып.............
.................. айтуға болмайды?
Шаттық шеңбері: Сәлемдесу
Сұрақтары:
1. Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам.
2. Сәлем бердік!
- Амансың ба?
3. Сәлем!
- Сәлем.
4. Кеш жарық!
- Жап – жарық,
5. Қайырлы таң!
Күнің жарық болсын!
- Өзіңе де соны тілеймін.
6. Армысыз әже!
- Амансың ба, құлыным!
7. Армысыз ата!
- Есенсің бе, жарқыным.
8. Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, Рысхан!
6. Әдептілікке жататын қызыл жүректер белгілерін тастап, қара жүректерді алып тастау. Орнына қою.
Шыншыл, инабатты,тәртіпті, әділ, тәрбиелі,өнегелі, кішіпейіл, ұқыпты, әдепті, өтірікші, ұрлық жасау, өсекші, ешкімді тыңдамау, амандаспау, өркөкірек, мақтаншақ, қызғаншақ – бұл сөздерді өздері тауып айту қажет.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыз балаға қандай мінез – құлықтар тән?
2. Қыз бала туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
2. Ұлдар туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?
3. Ұлдардың мінезі қандай болу қажет деп ойлайсыңдар?
ІІІ Қортынды
- Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай :
Сүйме, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.