Табиғат адамзаттың өмір нәрі қажетіңнің табылар содан бәрі
Күні: 18.01.16ж
Мақсаты: Оқушыларға «табиғат ананы» аялау, құрметтеу, қорғауға шақыру
Түрі: ток шоу «Айтуға оңай» желісімен
Жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Барысы
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.-дей келе бүгінгі «ток шоуға» қош келдіңіздер алдымен ток шоуға келген қонақтарымызбен таныстырайын:
Ауданымызға белгілі, ұстаздардың ұстазы мектебіміздің мәртебілі ұстазы, өз маманының шебері химия пән мұғалімі: Әбішева Зерлеш Әбішқызы
Мектебіздің биология пәнінің мұғалімі: Турсункулова К
Мектеп психологі: Таңбайқызы А
Ток шоуға қатысушы болашағынан зор үміт күттіретін мектебіміздің мақтаныштары қоғамдық шараларда, спорттарда өз орындары бар шәкірттеріміз: 1.Жалғасов Манасбек
2.Сүндетова Әсемгүл 3.Сұлтанғалиев Абылайбатыр
4.Саламат Іңкәр 5.Өткелбаев Қуандық
6.Айсанова Асылжан
Құрметті қонақтар бүгінгі «Айтуға оңай»-ток шоуымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда біздің барша адамзат алдында тұрған кезде күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын ұқыпты пайдалану, ең өзекті мәселеміз табиғатты қорғау. Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау-көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі ток шоудымызда табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз. Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Табиғат –бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
(Видео тамашалау-Табиғат адамзатқа аманат)
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат дей келе:« Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деген ұғымға өз пікірлеріңді қоссаңыздар. Сөз кезегі қонақтарға беріледі.(оқушылар пікірлері тыңдалады)
(Видео тамашалау-Су-тіршілік көзі)
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.- дей келе «Судың да сұрауы бар» деген пікірмен келісесіздерме.(оқушылардың пікірін тыңдау)
Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі
Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!
Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.«Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы биология пәні мұғалімі Күнсұлу апай не айтады екен?
Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
Экранға назар аударайық.(видео тамашалау-Дикая природа Казахстана)
Табиғат – әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын – дегендей
Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр.
(Видео тамашау-таулардың қызметі)
Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ал қазір «Өз өлкеміздің табиғаты, оларды қорғауда қандай жүргізілген жұмыстар туралы өз ойларыңды білдірсеңіздер» және де өз ойларыңызды постер арқылы қорғап бес жол өлең шумақтарымен еркін әдемілеп суреттесеңіздер екен.
Оқушылардың жұмыс жасап жатқан кезде:
Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Дей келе 9 «А» сыныбының оқушысы Оразбайұлы Тілеулестің орындауында терме: «Қазақ осы»
Оқушыларымыздың пікірі тыңдалып болғаннан кейін мектеп психологі А.Таңбайқызының ұйымдастыруымен тренинг:
Сөз кезегін Зерлеш апайға береміз
Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру – парыз
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді. Әрине айтуға оңай, бірақта кедеміздегі жанымыз барда жер ананы қадірлеп өтейік ағайындар дей келе шоуымызды қорытындылаймыз
Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!
«Атамекен» әні орындалады
№7 Е. Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі»
(Ток шоу: Айтуға оңай )
География пән мұғалімі: Әспетуллина Г. А
2016ж