Тақырыбы: «Табиғат әлемі»
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен алған
білімдерін тексеру, анықтау, қосымша білім беру;
Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын
арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл – ойын
дамыту.
көрнекілігі: слайд, суреттер, тірек – сызбалар
Қатысатын сынып:1-4 сынып
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:Балалар бүгін бастауыш сыныптар арасында өткізіліп тұрған «Табиғат әлемі» танымдық сайысына қош келіпсіздер. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушы қатысады. Сайсымызды бағалап отыратын әділ-қазымыз Қойлыбаева А.Т.
Сайыс кезеңдері.
1.Таңғажайып алаң
2.Жұмбақтар шешу
3.Сөз құра
4.Қызықты әріптер
5. Пантомима
6.Суреттер сайысы
ІІ.Негізгі бөлім:
1 кезең: «Таңғажайып алаң»
1 сынып
10 Сағат жанды зат па? (жоқ)
20 Бақбақ, емен, сәбіз. Осының ішінде қайсысы мәдени өсімдік? (сәбіз)
30 Өсімдіктер тобын ата. (гүл, бұта, ағаш)
40 Өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай қажет? (жылу, жарық, су, ауа, топырақ)
2 сынып
10 Артық сөзді тап. Емен, мамыргүл, алма ағашы, қарағай.
20 Жыл мезгілдерін ата. (қыс, көктем, жаз, күз)
30 Баласын сүтпен қоректендіретін жануарлар тобы. (сүтқоректілер)
40 Қаңқа бөліктерін ата. (бас сүйек, төс сүйек, қабырға, омыртқа, жамбас, қол-аяқ сүйектері)
3 сынып
10 Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? (ауа мөлдір және түссіз)
20 Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атаймыз? (жел)
30 Бұлт түрлерін ата. (шарбы бұлт, бұдақ бұлт, қабат бұлт)
40 Судың күйлерін ата. (сұйық, қатты, газ тәрізді)
4 сынып
10 Ауаның түсі қандай? (мөлдір, түссіз)
20 Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орналасқан? (гранит)
30 Масштаб дегеніміз не? (картада елді мекендердің жер көлемі бірнеше есе кішірейтіліп берілуін масштаб дейміз)
40 Голландиялық шеберлер Иоганн Липперсгей мен Захарий Янсен 1608 жылы не құрастырды? (телескоп)
2 кезең. Жұмбақтар шешу.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1 сынып
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
(Күн)
2. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар.
(түйе)
3. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
2 сынып
1. Адамға серік,
Күзетке берік.
(Ит)
2. Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні
(Қасқыр)
3. Секектеп бiр тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
(Сауысқан)
3 сынып
1. Жазда сұрғылт,
Қыста аппақ.
(қоян)
2.Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ – тоқ соғады.
(тоқылдақ)
3. Қиналмай көтеріп,
Өзінен ауырды.
(құмырсқа)
4 сынып
1. Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.
(мысық)
2. Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.
(Түн)
3. Қалдырмай баласын бiр елi,
Қалтаға салып-ап жүредi.
(Кенгуру)
3 кезең. Сөз құра. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
«Дүниетану» сөзінен 1 минут ішінде бірнеше сөздер құрастыру
4 кезең. Қызықты әріптер.Әріптен сөз құрастыру
Қ А Қ У аққу
Р А Н Ы Қ қыран
Ұ Л Б Л Ұ Б бұлбұл
Қ Л О Ы Д А Т Қ тоқылдақ
5 кезең. Пантомима. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Берілген сөздерді айтпай дене қимылымен жасыру.
Қоян, аю, түйе, кенгуру, күн, гүл, үй, машина, шаңғы, қоңырау, ата, бұлт.
6 кезең.Суреттер сайысы . 5 ұпаймен бағаланады.
Өмірде жоқ таңғажайып жануар салу.
Қорытынды шығарылады. Жеңген сынып анықталады.
Табиғат – тіршілік тынысы, өмір өзегі. Адамның бар тіршілігі табиғатпен біте қайнасып жатады. Адам өзіне қажеттің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғатты сүйіп, аялай білу керекпіз.