Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин) Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберіне тұрып білім алушылар бір- біріне тілектер айтады. Тілектерге химиялық терминдерді қосу міндетті. Мысалы: оқушы: “Болаттай берік денсаулық тілеймін” десе, 2- оқушы: ”Натрийдей белсенділік” деп жалғастыру қажет. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару; Оқушылармен бірге сабақ мақсатын талдау; 4) Білім алушылар физикалық және химиялық құбылыстар жайында жаратылыстану мен физика пәндерінен біледі. Сондықтан “Миға шабуыл”әдісін пайдаланып, тақырыпты ашатын сұрақтар қоямын: - Айналамызда қандай өзгерістер болып жатыр? - Өзгерістерді қалай атаймыз? - Құбылыстар қаншаға бөлінеді? - Судың қатуы кезінде қандай құбылыс жүреді? - Булану кезінде ше? - Сүттің ашуы кезінде қандай құбылыс жүреді? - Физикалық құбылысқа мысал келтір. - Химиялық құбылысқа мысал келтір. Жауап берген оқушыларға мадақтау сөздер айту арқылы ішкі уәжді көтеру мақсатында бағалау жүргіземіз. | |
Сабақтың ортасы | Әр оқушыға үлестірме парақшасы таратылады.(5мин) Парақшада 2 тапсырма бар. Тапсырма «Адасқан сөздер»(Тыңдалым – жазылым дағдысын дамыту) Сөздерден сөйлем құрап, анықтама құрастыру керек 1) Молекулалары, құбылыстар, өзгеріске, заттардың, ұшырамайтын, деп аталады, физикалық құбылыстар. 2)Екінші, химиялық құбылыс, бір заттан, деп аталады, түзілетін, немесе, бір зат, құбылыс, химиялық реакция. Дескриптор Физикалық құбылыстың анықтамасын біледі. | 1 | Химиялық құбылыстың анықтамасын біледі. | 1 | 2- тапсырма. Парақшада бірнеше құбылысқа мысалдары бар кесте берілеген. «Семантикалық карта» әдісі бойынша, кестеге «+», таңбасын қою керек: Құбылыс | Физикалық | Химиялық | Темірдің таттануы | | | Судың қатуы | | | Бензиннің жануы | | | Табадағы тамақтың күюі | | | Қардың жаууы | | | Жұмыртқаның шіруі | | | Қағаздың мыжылуы | | | Майшамның жануы | | | Дескриптор: Физикалық құбылыстарды ажырата алады | 1 | Химиялық құбылыстарды ажырата алады | 1 | Демонстрация.(5мин) Оқушыларға шырпының жануын көрсетемін. Шырпының жануын қадағалаған оқушылар қай құбылыс екенін ажыратады. Дәптерге химиялық құбылыстардың жүру белгілерін атап, «Ассоцация» құрады. Түсінің өзгеруі Химиялық құбылыс белгілері  Газдың бөлінуі  Тұнба түзілуі  Энергияның бөлінуі Білім алушылар көршісінің жұмысын мұғалім берген дұрыс жауаппен салыстырады. Дескриптор Түсінің өзгеруін жазады | 1 | Газдың бөлінуін жазады | 1 | Энергияның бөлінуін жазады | 1 | Тұнбаның түзілуін жазады | 1 | №3 зерханалық жұмыс(20мин)(оқылым- жазылым, тыңдалым, айтылым)Зертханалық жұмыс дәптеріне орындау: Химиялық құбылыстардың белгілерін зерттеу. Алдын ала дайындалған реактивтер мен құрал жабдықтарды балаларға үлестіріп, қауіпсіздік ережесін еске түсіре отырып жұмыстарды ретімен орындайды: Қантты жағу. Табақшаға ас содасының ұнтағын салып, үстіне 1мл сірке қышқылын құю. Сынауыққа 1мл мыс (II) сульфатының ерітіндісін құйып, үстіне 1 мл натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу. Бақылауды кестеге түсіру Қорытынды жасау; № | Жұмыс барысы | Бақылау | Қорытынды | 1 | | | | 2 | | | | 3 | | | | Дескриптор Қауіпсіздік техникасын біледі | 1 | Қантты жағу жұмысын орындайды, қорытындысын жазады. | 1 | Ас содасына сірке қышқылын қосу жұмысын орындайды, қорытындысын жазады. | 1 | Мыс (II)сульфаты мен натрий гидроксидінің реакциясын орындайды, қорытынды жазады. | 1 | Жүйелеп, кестені толтырады | 1 | Қорытынды жазады | 2 | | Улестірме қағаздар, Бағалау парақшалары Демонстрацияға қажет шырпы. Тәжірибиеге қажетті құрал -жабдықтар: сынауық, табақша, қыздыру құралы, конусты колба, сіріңке, сынауық ұстатқыш, тамшуыр. Реактивтер: қант не көмір, ас содасы, сірке қышқылының ерітіндісі, су, мыс(II)сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі. |
Саралау Тапсырма. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмаларды беру арқылы білім алушылардың ойлау дағдысын дамыту; Зертханалық жұмыс жасау -пәнге қызығушылықты арттырады; Қорытынды. -барлық оқушылар бір тапсырманы орындағанда нәтижелері әртүрлі болады; -барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу; Диалог және қолдау көрсету. -Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты және нақты көмек қажет болады; - Оқушыларды ойланту мақсатында алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын; Бағалау. Оқушылар үнемі бағаланып отырады | Бағалау Мадақтау сөздер арқылы кері байланыс; критерий бойынша бағалау, дескриптор,кері байланыс – бағалау парақшалары | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Білім алушылар техника қауіпсіздігін біледі. Құрал жабдықтармен, реактивтермен жұмыс жасай алады. |