СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Қайнау үдерісі №5 зертханалық жұмыс «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Қайнау үдерісі №5 зертханалық жұмыс «Судың қайнау үдерісін зерттеу»»

Сабақ жоспарлау үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Бөлім 7.1 В Зат күйінің өзгеруі


Мектеп: «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалім аты-жөні: С.Қ.Аубакирова

Сынып: 7


Сабақтың тақырыбы


Қайнау үдерісі

№5 зертханалық жұмыс

«Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)


7.1.1.6 - судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

1.Судың қайнау үдерісін зерделейді.

2.Қыздыру қисығын салады және оны талдайды.

3.Суды қыздыру қисығының өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады.

Бағалау критерийі


-Судың қайнау үдерісін зерделейді.

-Эксперимент нәтижесі бойынша судың қайнау диаграммасын сызады.

-Қайнау қисығының бөліктерін талдайды.

-Бөлшектер теориясын пайдалана отырып қыздыру, қайнау және булану үдерістерін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Күй өзгерісіне қатысты өз бақылауларын көрсету және түсіндіру;

Пәнге қатысты лексика және терминология

Заттардың күйі, қатты, сұйық, газ тектес, қайнау, булану, энергия, жылу, температура, қыздыру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Сұйықтық үстіндегі қысым неғұрлым аз/үлкен болса, соғұрлым қайнау температурасы төмен/жоғары болады.

Судағы еріген заттың концентрациясы неғұрлым аз/көп болса, соғұрлым қайнау температурасы жоғары/төмен болады.

Қыздыру қисығының сипаты заттың табиғатына тәуелді болады.

Жазылым: зертханалық жұмыс нәтижесін дәптерлеріне жазады.

Құндылықтарға баулу


Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарытуды сабақ барысында талқылау/әңгімелесу мен топтық және жеке жұмыс жасағанда жүзеге асыру/8-бет МАН/

Пəнаралық байланыс

Физика, жаратылыстану/8-бет МАН/

Алдыңғы білім

5.3.1.3 - заттардың қасиеттерін: тығыз-дығын, аққыштығын, жылу және электр-өткізгіштігін, созылмалығын, иілімділігін сипаттау;

6.3.1.3. заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

мин























1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтасты ахуалын қалыптастыру.

Әдіс-тәсіл түрі: «Химиялық тілек» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту.

Мақсаты: Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Қолданылуы: Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

Саралау тәсілдері. Жіктеу

Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар. Мен өз сабағымда оқушыларды бойлары бойынша сапқа тұрғызып 1,2 деп санатып екі топқа бөлуді жоспарлап отырмын.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

І топ «Балқу»

ІІ топ «Қайнау»

Әр оқушыға үлестірме парақшасы, бағалау парағы үлестіріледі.

Экрандық құралдармен жұмыс әдісі. Бейнематериалдар

«Судың қату кезіндегі әрекеті» ,

«Температура өзгерісі дене көлеміне қалай әсер етеді»

бейнефильм көрсетіледі. (Ой қозғау).

Әдіс-тәсіл түрі: Белсенді оқыту. Сұрақ қою және талқылау /Химия үлестірмелі материал. 2-күн. 3- сабақ. 24-бет/.

«Қар кесегі» жаттығуы

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер /Химия үлестірмелі материал. 2-күн. 4- сабақ. 26-бет/.

Мақсаты: Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.

Тиімділігі: Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.

  • Қолданылуы: Экрандық құралдармен жұмыс әдісі. Бейнебаянда не туралы айтылған?

  • Бірінші топ окушылары екінші топқа бағыттап бейнематериалдардағы көргені бойынша параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

Кіріктірілген модульдер, идеялар : Экрандық құралдармен жұмыс әдісі, СТО, бағалау, диалогтік оқыту

Бірінші топ окушылары екінші топқа бағыттап бейнематериалдардағы көргені бойынша қойылатын сұрақтар: 1.Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлері

2.Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымы

3.Салқындау үдерісі

4.Судың қату кезіндегі әрекеті

4.Температура өзгерісі дене көлеміне қалай әсер етеді?

ҚБ.: «Басбармақ» әдісі бойынша.

Бағалау критерийі


Тапсырма

Дескриптор



Салқындау үдерісі

бойынша алған білімдерін еске түсіреді


Экрандық құралдармен жұмыс әдісі. Бейнекөрсетілім

«Қар кесегі» жаттығуы

Қойылған сұраққа толық жауап беріп, өзі басқа оқушыға сұрақты дұрыс қоя білді

3

Қойылған сұраққа толық жауап береді, бірақ сұрақ қоюға қиналды

2

Қойылған сұраққа жауап бергенде қателеседі, өзгелерге де сұрақ қоюға қиналады.

1

Дескриптор

1.Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін біледі

2. Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіреді.

3.Салқындау үдерісін зерделейді.


Сабақ бастауға арналған идеялар. Суреттер: Не болды?

Ширату жаттығуларының мақсаты – сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу.

Оқушыларға сурет көрсетеміз. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет.

Мұғалім шәугімнің қайнап тұрған суреті көрсетілген слайд көрсетеді. Қайнап тұрған шәугіммен біздің сабағымыздың арасында қандай байланыс бар. Бүгінгі тақырып не туралы болады деп ойлайсыңдар? Қайнау


Бағалау критерийі


Тапсырма

Дескриптор


балл

Судың қайнау үдерісін зерделейді.


Сабақ бастауға арналған идеялар. Суреттер: Не болды?


Экранда көрсетілген сурет бойынша ойын жеткізіп дәлелдеді


2



/24-бет МАН/

















http://bilimland.kz/


«Судың қату кезіндегі әрекеті»,

«Температура өзгерісі дене көлеміне қалай әсер етеді»

бейнефильм.

http://www.kentchemistry.com/links/Matter/Heating Curve.htm


/22-бет МАН/



























Химия үлестірмелі материал. 2-күн. 4- сабақ. 27-бет














Химия үлестірмелі материал. 8-күн. 3- сабақ. 109-бет


Сабақтың ортасы


Сабақтың тақырыбын ашу: Қайнау үдерісі

Химия сабағында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Ауызша хабарлама

Егер кейбір заттардың қайнау температураларын қарастырсақ,

онда біз гелийдің қайнау температурасы рекордтық

температураға (–269°С) ие екенін көреміз, ол осы температурада сұйық күйден газға айналады, азот –196°С, ал оттек –183°Ста қайнайды. Мұндай температураға жету өте қиын. Табиғи жағдайларда мұндай төмен температура болмайды. Сондықтан біз бұл заттарды тек қана газ

күйінде кездестіреміз. Âл вольфрамның қайнау температурасы ең жоғары — 5555°С.

Бағалау критерийі

Судың қайнау үдерісін зерделейді.

Дескриптор

Заттардың қайнау температураларын біледі.

Экрандық құралдармен жұмыс әдісі. Бейнематериалдар

«Қыздыру қисығы» . (Ой қозғау).

№5 зертханалық тәжірибе «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

.

Қауіпсіздік техникасы ережелері
/









«Ассоциация» жаттығуы

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер

Қауіпсіздік техникасы ережелері. Қыздырғыш құралдармен және қайнаған сумен жұмыс істеу ережесін сақтау.

«Эксперимент» әдісі

1. Шыны колбаға 50 мл дистилденген су құйыңдар. Қыздыру

құралымен шыны колбадағы суды қайнатыңдар. Температураның өзгеруін әр минут сайын жазып отырыңдар. Алынған мәліметтер бойынша судың қайнау диаграммасын сызыңдар.

2. Шыны колбаға 50 мл су құйып, оған 1 ас қасық ас тұзын салып араластырыңдар. Ерітіндіні қайнатыңдар. Температура өзгерісін әр минут сайын бақылаңдар. Ерітіндінің қайнау диаграммасын салыңдар. Бұл зертханалық жұмыстардағы диаграммалар сәйкесінше заттардың суыну, қайнау процестерін анықтауға көмектеседі

Бағалау критерийі

-Судың қайнау үдерісін зерделейді.

-Эксперимент нәтижесі бойынша судың қайнау диаграммасын сызады.

-Қайнау қисығының бөліктерін талдайды.

-Бөлшектер теориясын пайдалана отырып қыздыру, қайнау және булану үдерістерін түсіндіреді.

Дескриптор

Дескрипторлар

балл

1.Тәжірибе жүргізгенде эксперименттің жүйелі құрылуын ұстанады, қайнау қисығын салады

1

2.Суды қыздырғанда температураның өсуі термометрдің орналасу биіктігіне байланысты өзгеруін түсіндіріп, кестеге және графикке түсіреді

1

3.Судың қайнау уақыты судың құрамына байланысты екенін айтып, кестені толтырады

1

4.Абсцисса және ордината осьтерінде шамаларды көрсетеді

1

5.Бөлшектер теориясы тұрғысынан қайнау үдерісін түсіндіріп, қорытынды жасайды.


1


Химия үлестірмелі материал. 5-күн. 2- сабақ. 70-бет

Оқулық: 7 сынып Химия. М.Қ.Оспанова Т.Г.Белоусова Қ.С.Аухадиева Алматы «Мектеп» 2017








Бейнематериал «Қыздыру қисығы»

http://www.kentchemistry.com/links/Matter/HeatingCurve.htm

22-бет МАН

Реактивтер мен құрал-жабдықтар

• 100 мл дистилденген су;

• ас тұзы;

• шыны колба;

• қыздырғыш құрал/

спиртшам;

• сіріңке;

• термометр

• миллиметрлік қағаз;

• секундомер.






Химия үлестірмелі материал. 2-күн. 4- сабақ. 26-бет.


20-бет МАН

















Сабақтың соңы

Рефлексия

мин

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер

Әдіс-тәсіл түрі: «Бір минуттық әңгіме» тәсілі

Иен Майлс бойынша

Мақсаты:Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Тиімділігі: Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді

Қолданылуы: Оқушылар жұптық жүргізеді. Зертханалық тәжірибе жүргізу барысында өз ойларымен бөліседі.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: СТО, диалогтік оқыту,

Әңгімелесу төмендегі сұрақ төңірегінде жүзеге асады.


1. Таза су қандай температурада қайнайды?

2. Суға ас тұзын қосқанда қайнау температурасы қалай өзгереді?

Үйге: §4 33 бет Біліміңді тексер

№8. Көлемі 400 мл суды өлшеп, қыздырды. Процесс нәтижелері кестеде көрсетілді.


Уақыт (мин)

0

2

4

6

8

10

12

14

Температура (°С)

20

48

69

84

95

100

100

100


а) Су температурасының уақытқа тәуелділік графигін сыз;

ә) графикті пайдаланып мына сұрақтарға жауап бер:

— 5 мин-тан кейін судың температурасы қанша болды?

— 7 мин-тан кейін судың температурасы қанша болды?

— Егер 20 мин қыздырса, судың температурасы қанша болады?



Химия үлестірмелі материал. 2-күн. 4- сабақ. 26-бет





















Оқулық: 7 сынып Химия. М.Қ.Оспанова Т.Г.Белоусова Қ.С.Аухадиева Алматы «Мектеп» 2017



СаралауСіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Саралау тәсілдері

Тапсырма

Оқушылардың қажеттілігіне қарай тақырыпты ашуға бағытталған тапсырмалар жасақтаймын

Дереккөздер

Өтілетін жаңа тақырып қалай аталатынын ашу мақсатымен оқушыларға бейнебаян көрсетіледі, бейнебаян не туралы айтылғанын және тақырыптың қалай аталатынын анықтайды. Экрандық құралдармен жұмыс әдісі. Бейнематериалдар

Оқулықпен жұмыс, тапсырма, бейнекөрсетілім

Қарқын

Топпен жұмыс барысында оқушылардың барлығының жұмыс жасау қарқындылығын және толық жауап берулерін басты назарда ұстаймын.

Қорытынды

- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Диалог жəне қолдау көрсету

Оқушыларға зертханалық жұмыс жасап жатқан кезде қолдау көрсету

Бағалау

- Оқушылар үнемі бағаланып отырады,

. Мен сабағымда оқушыларды тапсырманы орындауына байланысты оқытудың барлық бөлігінде бағалауды жөн деп санаймын және қолданамын.

Жіктеу

Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар. Мен өз сабағымда оқушыларды бойлары бойынша сапқа тұрғызып 1,2 деп санатып екі топқа бөлуді жоспарлап отырмын.

Бағалау критерийі бойынша

дескриптор арқылы бағалау

Топтық жұмыста топтар бірін-бірі бағалау жүргізу арқылы топ жұмыстарына, топтың мүшелерінің жеке жұмыстарына баға берді.

Ынталандыру арқылы бағалау.

Әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырады.

ҚБ.: «Басбармақ» әдісі

Сабақ барысында оқушылар өз-өзін, бір-бірін өзара бағалауға үйренеді.

Әр тапсырмаға құрылған дескриптор арқылы оқушылар өзін – өзі бағалайды.


Сыныпта ынтымақтасты ахуалын қалыптастыру.

Зертханалық жұмыстар барысындағы техника қауіпсіздік ережелері

қайнаған су үшін сақтықтың стандартты шаралары

Сабақта зертханалық жұмыс болғандықтан,

жұмысты орындаудан бұрын оқушылар техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қол қойып береді.

Сабақ бойынша

рефлексия Сабақ мақсаттары

немесе оқу

мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол

жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

жəне неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге

назар аудару қажет?