Тақырыбы: «Менің айналам»
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Балалардың айналасындағы адмдармен тату болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың және айналасындағы адамдар арасында қатынастары туралы білімін кеңейту
Оқыту:Қоршаған орта ерекшелігі туралы түсінігін айтып беруге үйрету
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Менің айналам»»
Ортаңғы«Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта »
Тақырыбы: «Менің айналам»
Мақсаты:
Тәрбиешілік:Балалардың айналасындағы адмдармен тату болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың және айналасындағы адамдар арасында қатынастары туралы білімін кеңейту
Оқыту:Қоршаған орта ерекшелігі туралы түсінігін айтып беруге үйрету
Педагогикалық технологиялар:ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:Жанды табиғат –живая природа- wildlife
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тосын сәт: Есік қағылып саяхатшы келеді.
-Балалар, қандай әдемі дыбыс! Бұл ненің дыбысы екен?
-Ағаштардың сыбдыры.
-Балалар, қараңдар мен жапырақтар тауып алдым.
-Мынаны қараңдар, қандай әдемі ағаштар!
-Біз «ағаштар әлеміне» келіп қалыппыз.Балалар ағаштардың атауларын айтады. «Иә, жоқ» ойыны
-Ал, енді қараңдаршы, қайың ағашының жапырақтары - жоқ.
-Жапырақтары суықтан түсіп қалған – иә
-Шырша жыл бойы жасыл түсті - иә-Енді ары қарай саяхатымызды жалғастырайық
II.Негізгі бөлім.
Біздер балалар қызықты да, қыр сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасақ, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз. Олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз. Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да , киім де қажет емес. Олар тау тас, ауа, ғаламшар, жансыз табиғат. Ал бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.
Сергіту сәті:
Көлдің беті кілегей,
Жер сап сары бірегей.
Тырау тырау тырналар
Түстікке бетті бұрды олар.
Қара суық жел есті,
Күннің көзі көмескі.
Балалар жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айтады
III. Қорытынды.
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
-Жанды табиғатқа нелер жатады?
-Олардың айырмашылығы неде?