Тақырыбы: «Тұңғыш президент күні»
Мақсаты :
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба
Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,
елтаңба- герб
Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық: Тәрбиеші:
Шаттық шеңбер: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып әнұранды айтайық.
Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?
Балалар: Тұңғыш президент күні
-Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:Ол біздің президентіміз!
-Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Тәрбиеші: 1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаев Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағыҮшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.Ол ата-анасын қатты құрметтеген.
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:Астанада!
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар, Астанада тағы да не бар?
Балалар:Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Балалар, елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President
-Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы
Әлішер: Күн өткен сайын құлпырып
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.
Алихан: Ер болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұсұлтанның атымен басталады.
Томирис::Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Адина: Отан деген – Атамекен,
Отан деген - туған жер,
Отан- ана, Отан –пана
Қазақстан – туған ел!
Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші: Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?
Балалар: Күн, бүркіт, ою. Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай? Балалар:Көк!
Тәрбиеші:Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген.
-Ал, туымыздың жанында не бар екен? Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
-Енді, балалар, Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
- Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз қалай аталады?
- ұлтымыз қазақ.Ана тіліміз қай тіл? қазақтілі.
Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг – flag, Елтаңба – герб - emblem
-Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?
Отан туралы мақал – мәтел: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Отан отбасынан басталады.
Отанын сатқан оңбас
Ел іші – алтын бесік
Рефлексивті түзетушілік: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы. Тәрбиеші:Ол кім?
Балалар:Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан!
Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
Жарайсыңдар, балалар!
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық