СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Үй салатын бөрене"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

Тәрбиелік:Бір - біріне кедергі жасамай, бірлесіп, ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Іс - әрекетке деген қызығушылықтарын дамыту. Саусақ қимылы - қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру..

Оқыту:Ермексаздан есу тәсілі арқылы сопақша пішінді жасауға үйрету.

Көрнекіліктері:Бөрененің дайын үлгісі, тұзды қамыр, төсеніш, сүрткіш.

Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын, қуыршақ театры.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Үй салатын бөрене"»

Ересектер тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Мүсіндеу.

Өтпелі тақырып:«Алуан – алуан кәсіп бар, таңдай білде, талап қыл!»

Тақырыбы:Үй салатын бөрене

Мақсаты:

Тәрбиелік:Бір - біріне кедергі жасамай, бірлесіп, ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Іс - әрекетке деген қызығушылықтарын дамыту. Саусақ қимылы - қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру..

Оқыту:Ермексаздан есу тәсілі арқылы сопақша пішінді жасауға үйрету.

Көрнекіліктері:Бөрененің дайын үлгісі, тұзды қамыр, төсеніш, сүрткіш.

Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын, қуыршақ театры.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін бізде мүсіндеу сабағы болады. Шаттық шеңбері:

Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақта шапалақ,
Шапалақта шапалақ.
Бүгінгі мүсіндеу сабағымызда ермексаздан бөренені мүсіндейміз. Бөрене дегеніміз не? Ол қай жақтан келеді екен? Ол - ағаш, орманда өседі. Артық бұтақтарын кесіп тастап үй салуға пайдалануға құрылыс материалдарын дайындайды. Оны отын ретінде пайдаланамыз. Осы ағаштардан қағаз жасалады екен. Орманда өсетін қандай ағаштарды білесіңдер?
- Қарағай, шырша, аққайың, емен.
- Емен деген ағаш, ол өте қатты ағаш екен. Біздің осы отырған орындықтарымыз, киім салатын шкафтарымыз сол емен ағаштарынан жасалады екен.
Балалар мына бөренелерге қарайықшы, мына бөрене ағаштан алынған. Бұл бөрене ағашты өңдеп үй салуға дайындаған екен. Бүгін біз мүсіндеу оқу өызметінде ермексаздан бөрене мүсіндейміз.
Жұмыс барысы: 1. Ермексазды оң қолымызбен алып, екі алақанымызға салып, есу тәсілі
арқылы ұзынша етіп мүсіндейміз.
2. Оң қолымыздың сұқ саусағымен екі басын тегістейміз.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тосын сәт:
(Есік қағылып, почташы апай келді)
- Сәлеметсіздер ме балалар.Балалар, бұл қандай топ? Маған «Көгершін» тобы керек еді. Сіздерге орманнан сәлемдеме келді. Сау саламат болыңдар.
Тәрбиеші: Қане, мына қорапты ашайық ішінде не бар екен? (Қорапты ашқан кезде сыңғырлаған музыка естіліп, ішінен қуыршақ театры қоян шығады)
Қоянның сөзі: Саламатсыздар ма балалар! Мен үйсіз қоянмын, менің үйім жоқ. Үйім болмаған соң қораптарда тұрып жүрмін.
Тәрбиеші: Жарайды қоян, сен уайымдама, біз бүгін мүсіндеу сабағында бөренелер мүсіндейміз.
Сен орманға барып осы бөренелерден достарыңмен үй салып аласың. Қане, балалар қоянға көмектесеміз бе?
Қоян: Балалар бөренені жақсы мүсіндейді екен. Дамирдің бөренесінен үйімнің қабырғасын саламын. Камаляның бөренесі қандай әдемі, одан үйімнің еденін саламын.
Тәрбиеші: Қоян міне балалар көп бөрене мүсіндеді.
Қоян: Алақай, қандай тамаша балалар!
Ойын: «Кімнің бөренесі әдемі?»
Тәрбиеші: Қоян біз енді бұл бөренелерді кептіруіміз керек.
Қоян: Жарайды, мен бөренелер кепкенше осы қорапта дем ала тұрайын. Сау болыңдар.
ОҚ қорытындылау:
1. Балалар бүгін қандай сабақ болды?
2. Мүсіндеу сабағында біз не мүсіндедік?
3. Бөренені қалай мүсіндедік?
4. Біз бөренелерді кімге береміз?
5. Қоян ол бөренелерді не істейді?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдарКері қайту