Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»
Тақырыбы: Жанбырлы күн
Мақсаттары:
Тәрбиелеу Ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамыту: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып, жаңбыр тамшыларын салуға үйрету.
Көрнекіліктер: Жаңбырлы күннің суреті, видеосы, сурет салуға қажетті құралдар.
Жұмбақ жасыру
Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады.
Бүгін күн қандай ? Ашық па?
Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма?
Суретке қараңдаршы бұл не?
Түсі қандай?
Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?
Тыңдап көрейік......
Ой, жаңбыр құйып жауып кетті.
Жаңбыр
Бүгін салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады.
Бұлт
Түсі көк
Тырс-тырс етеді
Көркем сөз
Жауын- жауын жауады
Бәрін суға малады.
Біз қарындаш аламыз,
Тамшыларды саламыз.
Үлгіні көрсету, түсіндіру: Алдымен ақ қағаздың жоғары жағына бұлт бейнесін саламыз. Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреміз.
Қ/О: «Жаңбыр»
Сергіту сәті:
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жақсы сергіп қаламыз.
Бұлттың бейнесін салады, Сұр түспен бояйды. Жаңбыр тамшыларын салады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Бүгін ненін суретін салды?
Ненін көмегімен салдық?
Сендерге өз жұмыстарың ұнады ма?
Қай жері қиындық тудырды?
Балалардың ойлары тыңдалады
Нөсер
Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.
Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбілеп жауатын түрі.
Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын.
Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы.
Қара жаңбыр – бұлт қап-қара болып торлап келіп, толассыз ұзақ жауатын күзгі қалың жаңбыр.
Қар аралас жаңбыр – алдымен жаңбыр болып жауып, күн суыта келе, арты қарға айналған жаңбыр.
Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.
Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі.
Нөсер – 1. Қатты жауатын, өткінші жаңбыр; 2. Күшті, бірақ қысқа мерзімдік, конвективтік сипаттағы, не қоңыржай ендіктегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр.
Көк нөсер – көктемде, жазда қатты жауатын өткінші жаңбыр.
Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.
Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.
Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр.
Сіркіреме жаңбыр – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.
Себездеу, сілбілеу
Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі.
Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу.
Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы.
Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу.
Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы.
Нөсерлеу – қатты жауу, шелектеп құю.
Төгіп өту – жаңбырдың қатты жауып өтуі.
Жаңбыр құю – қатты жаңбыр жауып кету, шелектеп төгу.
Жаңбыр көрмеу – көп уақыт бойы жаңбыр жаумай, құрғақшылық болу.