Тәрбиелік: Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін,қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету.
Оқыту: Көктемдегі ауа райының өзгеруін балаларға түсіндіру.
Просмотр содержимого документа
«Таным Жаратылыстану "Көктем келе жатыр"»
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:28.03.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Көктем жаршысы құстар»
Тақырыбы:Көктем келе жатыр
Мақсаты:
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін,қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету.
Оқыту: Көктемдегі ауа райының өзгеруін балаларға түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
-Балалар, бізге қонаққа қарлығаш ұшып келді, ол жылы жаққа қайтпай қалды, енді өзінің достарын күтіп отыр.Олай болса қарлығаштың достарыңа тез жетуге көмектесейік.
2.Негізгі бөлімі:
Бірінші болып көктемде қараторғай келеді.
-Олай болса қараторғайға далада қандай өзгерістер болып жатқаның айтайық.
Балалардың назарын теледидардағы слайттарға аудару.
Су ағып сай-саладан,
Тасып өзен толады
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай кезде болады?
(көктем )
Балалар қараторғайға ұшып келуге болады.
-Балалар мынау қай құс? (аққу)
-Балалар күн шыққанда қар не істейді? (ериді)
Алдарымда су кездесті, ендеше осы судан секіріп өтейік.
Ал егер дала жүрсен аяқтарымызға не киеміз. (резінке етік, сонда аяқтарымыз су болмайды)
-Аққуға да ұшып келуге болады.
-Дала қазы көктемде қандай өзгерістер болып жатыр, суреттен тауып бергенің сұрайды.
Тапсырманы орындау. Көктем мезгілінің белгілерін тауып, дұрыс орналастыру.
Сергіту сәті
«Қуыр, қуыр, қуырмаш» қимылдарды жасау.
3. Қорытыңды
Тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қорытындылау. Қарлығаш құсы балаларды мадақтап балалармен қоштасады