СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Технология пәнінен 9 сыныпқа арналған " Келешек мамандық" тақырыбындағы сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың келекшекте қандай мамандық иесі болатындықтарын анықтау барысында өткізілген сабақ.

Просмотр содержимого документа
«Технология пәнінен 9 сыныпқа арналған " Келешек мамандық" тақырыбындағы сабақ жоспары»

Сынып: 9А

технология

Сабақтың тақырыбы: Келешек мамандықтары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу; мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр- сырларын меңгерту;

Оқу нәтижесі: Өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;

тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, плакаттар,слайд, оқулықтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Жаңа сабаққа назарларын аудару.

1. Ынтымақтастық.

2. Топқа бөлу.

3. Ой қозғау. Слайд көрсету арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

4.Кәсіпті тап деп аталады. Бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті, ашып көрелік. Бұл хат бізге Жұмбақбай атайдан келген.Хатты ашып оқып берейін.Мына жұмбақтардың жауабын шешіп, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтыңдар.

Менің кәсібім сендерге оңай болып көрінуі мүмкін бірақ оған бүкіл ұжымның жұмысы тәуелді болады. Бұл кәсіп үнемі қозғалыста болуды және мықты жүйкені талап етеді. Мені адамдар ылғи да өңімнен тани бермейді, өйткені көбінесе арқамды ғана көреді. Менің кәсібімді атаңдар. (Дирижер)

Менің кәсібіме көп талаптар қойылады. Оның негізгі кемшілігі - денсаулыққа жағымсыз әсері. Кәсіптік ауруы гипотения, яғни артериялық төменгі қысым маған жеке өмірімді жоспарлау қиындау, өйткені мен жерде көп болмаймын. (Әуе жолсерігі)

Менің кәсібім ең қауіпті кәсіптер қатарна жатады.Мен уақытымен жұмыс істемесем ешбір үйде жарық болмайды. Ауа райы қандай температурада болса да,аяғымнан тік тұрып еңбек етуге тура келеді. (Электрик)

Шәкірттердің тірегі

Мектептердің жүрегі (Мұғалім)

Өскен шашаты жаратпайтын

Қайшысы бар жалақтайтын (шаштараз)

Тұлғалы кең иығы

Мұнара оның тұрағы

Жер астынан сұйығы

Фонтан болып шығады (Мұнайшы)

5. Білімділікке саяхат.

Қазір сіздерге қандайда бір әріп ұсынылады.Сендердің міндеттерің - осы әріптен басталатын кәсіпті атау, яғни кәсіптер әлемін қаншалықты жақсы білетіндеріңді көрсету. Әр бір топ 1 мин- тың ішінде ұсынылған әріпке неғұрлым көбірек кәсіпті жазуы тиіс.

6.Біліммен алмасу.

Тамақ өнеркәсібі саласына халықты азық - түлікпен қамтамасыз ететін өндірістер жатады. Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтарға: кондитер, инженер - технолог, технолог мамандықтары жатады. Технолог мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол шикізатты қабылдап алудан бастап, орап дүкенге жібергенге дейінгі жұмыстарға жауап береді. Технолог жан - жақты білімді болу керек. Макарон өнімдерін өндіретін технолог кондитерлік фабрикаларда, наубайханаларда, зауыттарда жұмыс істейді.
Жеңіл өнеркәсіпке мынадай мамандықтар жатады: иіруші, тоқымашы, конструктор - модельер, суретші - модельер, пішуші, тігінші, ал салаларына: тігін, тоқыма, трикотаж, аяқкиім өндірісі, былғары галантереясы бұйымдары жатады.
Сауда – бұл өндіріс сферасы мен тұтыныс сферасында тауар айналымын жүзеге асыратын шаруашылықтың бір саласы. Сауда саласындағы мамандықтарға: сатушы - консультант, азық - түлік сатушысы, сауда өкілі, мерчендайзер, сауда агенті, сатылым менеджері, контролер - кассир т. б жатады. Сатушы - консультант тауар түрлеріне, оның қасиеттеріне сипаттама береді. Сатып алынған заттың жалпы бағасын шығарып, чегін тексереді. Босаған сөрелерді дер кезінде тауарлармен толықтырып тұрады. Сауда өкілінің міндеті – шағын көтерме тауарларды дүкендерге, дәріханаларға, супермаркеттерге жеткізу туралы келісімшарт жасау. Мерчендайзерлер өнімдерін және жарнамалық материалдарын фирмалар мен дүкендерге орналастырумен айналысатын қызметкер. Сауда агенті – жылжымайтын мүлік саудасымен немесе сақтандыру қызметімен айналысады. Яғни тауарды тікелей адамдарға сатумен айналысады.
Көтерме сауда менеджері – тауардың өте үлкен партиясын сатумен айналысады. Мысалы: құрылыс материалдары, металлопракаттар, дәндік дақылдар, бөлшектер т. б

Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Сөздікпен жұмыс.
1. Кондитер – конфет, торт т. б тәтті тағамдарды даярлайтын маман.
2. Трикотаж- жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата.
3. Галантерея – ұсақ-түйек бұйымдар шығаратын фабрика.
4. Конструктор – бір нәрсенің конструкциясын жасаушы, құрастырушы.
5. Модельер – сәнді модельді заттың үлгісін жасайтын маман.
6. Иіруші – жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы.

Жаңа түсінікті тексеру.
1. Тамақ өнеркәсібіне тән мамандықтарды ата.(кондитер, инженер - технолог, технолог)
2. Иіруші дегеніміз кім?(жүннен, мақтадан ұршықпен жіп есуші, ширатушы)
3. Сауда өкілінің міндеті (шағын көтерме тауарларды дүкендерге, дәріханаларға, супермаркеттерге жеткізу туралы келісімшарт жасау)
4. Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?(тігін, тоқыма, трикотаж, аяқкиім өндірісі, былғары галантереясы бұйымдары)
7. Тапқырлық

Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар.

Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.
Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды.

Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді.
8.Ойлан тап.
Мамандық үлгілері:
Агроном, фермер, токарь, дәрігер, шахтер, биолог, сатушы, бағбан, мұғалім, жолсерік,бағдарламашы, суретші, кассир, дизайнер, инженер, банкир, ғалым, жазушы, фотограф.
1. Адам – табиғат: агроном, фермер, биолог, бағбан.
2. Адам – техника: токарь, шахтер, инженер.
3. Адам – адам: дәрігер, сатушы, жолсерік, мұғалім.
4. Адам – белгілі жүйе: бағдарламашы, банкир, кассир, ғалым.
5. Адам - өнер: фотограф, жазушы, суретші, дизайнер.

9.Шапшандық. Бірнеше маман иелерінің құрал жабдықтарын тауып бөлу.

Үйге тапсырма. Кім болам тақырыбына дебат өткізіледі.Қосымша мәліметтер жинақтау.

Ой қорыту.Рефлексия.

Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?

Не түсініксіз болды?

Не ұнады? Не ұнамады?

Әр оқушы өз ойларын стикерге жазу.