Просмотр содержимого документа
«Технология пәнінен 9 сыныпқа арналған " Кім болам?" тақырыбындағы сабақ жоспары»
Сынып: 9 А
технология
Сабақтың тақырыбы: Кім болам?
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарынтереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,мамандық таңдай білуге,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу,болашақта мамандықтаңдауына ықпал ету, ой бөлісу;
Тәрбиелік: Терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке,мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу:
Дамытушылық: Жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру,жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту:
Типі: Дебат
Көрнекілік:Мамандық туалы нақыл сөздер,суреттер,слайд
Сабақ барысы:
1.Сергіту сәті. Жаттығулар жасау.
2.Танысу. Кез-келген оқушыға бір мамандықты атап, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әріпінен басталатын кәсіпті атайды.
3. Пікірталас
Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
Оқуын бітірген жастар өз орындарын тауып жатыр ма?
4.Кім жылдам? Берілген әріптерге маман иесін тауып жазу.
5.Өз жұлдызыңды жақ. Жобаны өз мамандықтарыңыздың қызығы мен қиындығын, жетістігі мен кемшілігін түсіне отырып болашақта өз таңдаған мамандық саласы бойынша мақсатыңызды жоба түрінде көрсетіп беріңіздер.
6.Армандарға жетсек деген тілекпен.
Қазақстанның символына айналған бәйтеректей әрқайсыларыңыз қалаған мамандығыңыздың бәйтерегіне айналыңыздар деп бір-бірімізге жақсы тілектер арнайық.
7.Қортынды.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!- деп Абай атамыз айтқандай алға ұмтылып, армандарыңызға жетіп, сәні мен салтанаты, мәні мен мазмұны келіскен абыройлы мамандық иесі болыңыздар.