СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теңізге саяхатқа шығайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын-сауық жоспары

Тақырыбы: «Теңізге саяхат»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, есте сақтап, шапшаң қимылдап, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Құрсаулар, кеглилер, қармақ пен балықтар,  доп және кеме, аквариум, шыбын және құмырсқа ,  жіп, бақа,  балық  бас киімдері.

Ойын-сауық барысы:

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қаншама қонақтар келіп отыр бізге, қәне амандасайық:

Армысың шұғылалы алтын күн!

Армысың мейірімді жер ана.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?!

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз тату дос болайық.

Тәрбиеші:Балалар сендер саяхатқа барғанды жақсы көресіңдер ме?

Олай болса қай жаққа саяхатқа барар  едіңдер? Немен барар едіңдер?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: Ал мен сендерге теңізге саяхатқа шығуға ұсынамын.Теңізге шығу үшін қандай көлікке мінеміз?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: Кемеге мінуге дайынсыңдар ма?

Балалар жауабы.

Теңіздің дауысы. Біршама уақыттан соң  теңіздегі кеменің қираған дауысы естіледі, су патшасы  -Сүлеймен шығады.

Су патшасы: Кім менің тыныштығымды бұзған? Кім менің патшалығыма келген? Мен теңіздер мен мұхиттар патшасымын! Мыналарды ұстап, теңіз түбіне тастауға бұйырамын! Бұдан былай менің тұтқынымсыңдар, сендерді бақа мен балыққа айналдырып жіберемін.  Кәне,  тасбақа көмекшім көмектесіп жібер.

Балаларға баскиімдерін кигізіп жібереді.

Тәрбиеші: Су патшасы -Сүлеймен, кешір  бізді. Біз теңізді көргіміз келіп еді, сізді ренжіткіміз келген жоқ.

Су патшасы: Егер сіздер су түбінен шыққыңыз келсе, мен қойған тапсырманың бәрін орындауларың керек.

Тәрбиеші: Келісеміз ғой.

Балалар: Ия.

Су патшасы : Мына жерде тұрған екі ракушканы көріп тұрмысыңдар, оның ішіндегі інжуді тез жинап үлгерулерің керек, бірақ менің тасбақам  сендерге кедергі жасайды. Сіздерді ұстап алуы мүмкін, абай болыңдар.

Балалар: Біз дайынбыз!

Тапсырманы орындайды.

Су патшасы: Жарайды, бұл тапсырмамнан өттіңдер. Енді менің келесі тапсырмам бар. Мына жерде екі аквариум бар, сіздер қармақпен балық аулап алуларың керек, кім көбірек әрі тез жинар екен. Қәне, бастайық!

Тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: Су патшасы біздер бұл тапсырманы да орындадық.

Су патшасы: Жарайды , бірақ келесі тапсырма өте қиын.Сіздер мәңгі осында қаласыңдар. Жіпке ілулі тұрған шыбындар мен құрттарды аулауларың керек.

Тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: Су патшасы -Сүлеймен , біздер бұл тапсырмаңызды да орындадық.

Су патшасы: Қараңдаршы, қандай шапшаң бақалар мен балықтар.

Жарайды келесі тапсырманы орындай алмайсыңдар. Мына тұрған төрт бұрыштың ішіндегі тесігіне, кім көп доп түсірер екен.

Тапсырманы орындайды.

Су патшасы: Жарайсыңдар , барлық тапсырманы орындадыңдар, енді сіздерді қайтадан балаларға айналдырайын. Мен сендерге сый ретінде, мына су түбіндегі қазынадан берейін, кемелеріңді қайтарайын.

Тәрбиеші: Рахмет, Су патшасы -Сүлеймен, бізге өте қызықты болды, сау болыңыз!

Кейін оралып келе жатып, сұрақтар қою арқылы қорытынды жүргізіледі. Тәрбиеші: Балалар біздер қайда саяхаттадық?  Кімді көрдік?  Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: Барлығың да өте батыл екенсіздер! Тамаша балалар!

Біз қайта өз балабақшамызға ораламыз!

Просмотр содержимого документа
«Теңізге саяхатқа шығайық»

№8 «Ақ Желкен» бөбекжайы

Ойын-сауық

Тақырыбы: «Теңізге саяхат»

Тобы: Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Карамульдина Ж.

Ақтау қаласы