Күні:19.11.2016ж | биология 8 сынып |
Сабақтың тақырыбы: | §20. ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ |
Жалпы мақсаты: | Өз сезім мүшелерінің ерекшеліктерін біле отырып, пәнге қызығулықтарын арттыру |
Сілтеме | Биология оқулығы, суреттер |
Оқу нәтижесі | Оқушылар иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің ерекшеліктері, олардың жұмыс істеу қызметін біледі; Сезім мүшелерінің гигиеналық ережелерін сақтауды үйренеді |
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер | АКТ байынша интерактивті тақта, суреттер, қағаз, түрлі-түсті қарандаш, оқулық. |
Оқыту әдісі | 1.Жеке жұмыс (үй тапсырмасын сұрау). 2.Топпен жұмыс (тапсырма беру, постер салу). 3.Сыныппен жұмыс диалог әдісі. (сұрақ-жауап). |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Ұйымдастыру: 2 мин. | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғазу. Жұмыс жасау ортасын қалыптастыру. Сыныпты ортаға шығарып сандар арқылы 3 топқа бөлу. І топ. Сипап сезу ІІ топ. Дәм сезу ІІІ топ. Иіс сезу | Психологиялық сәт. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймын |
Өткенге шолу (үй тапсыр-масы). 5 мин. | Жеке жұмыс (диалог әдісі). Үй тапсырмасын сұрау: Оқушыларға бір-біріне сезім мүшесі тақырыбында әр түрлі сұрақтар қойғызу. Сұрақтар 1. Құлақ қандай бөлімдерден тұрады? 2. Құлақ қалқаны қандай қызмет атқарады? 3. Дабыл жарғағы қайда орналасқан? 4. Ортаңғы құлаққа нелер жатады? 5. Ішкі құлақтың құрылысы қандай? 6. Құлақтың қандай бөлігінде тепе – теңдік мүшесі орналасқан? 7. Адам ұшақта отырғанда неге құлағы бітеліп қалады? |
Өту барысы Топпен жұмыс | Жаңа тақырыпты түсіндіру ББК әдісі бойынша. |
Негізгі бөлім: жаңа тақырып 20 мин | Мағынаны ашу Тән сезіп, көзбен көрмек, Мұрын иістен, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінің мұндағы ойы-хабар алып, Жақсы-жаман әр істі сол тексермек. Шәкәрім Құдайбердіұлы Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар: саусақ, тері ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралаған жүйке ұштары болып табылады. Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезімталдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшықет сезімі аймағына бағытталады. Терінің қызметі:1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу Дәм сезу мүшесі. Тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді. Тіл ұшы — төтті нөрсеге, орталык-арткы бөлігі — ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нөрсеге сезімтал. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді. Тілдің өр түрлі бөліктерінде орналаскан рецепторлардан жүйке талшыктары қозуды мидың белгілі бір бөлігіне өткізеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей калған кезде тамақ дәмі өзгереді Иіс сезу мүшесі адам үшін маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді. Мұрын қуысының үстіңгі мүрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал. |
Сабақты қорытындылау. 15 мин | Сыныппен жұмыс. Кері байланыс, диалог әдісі әр топ бір-біріне сұрақ қойғызу. Биологиялық диктант: 1. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал. 2. Лимонның дәмін тілдің орталық-артқы бөлігі сезеді. 3. Соқыр адамда сипап сезу өте жақсы дамиды. 4. Ауру сезімдерін терідегі бос жүйке ұштары қабылдайды. 5. Дәм сезу рецепторлары – бұл тіл бүртіктері.
Теріде қанша ауырсыну рецепторлары болады? 1см2 – де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы болады. Көзді жұмып затты ұстағанда нені сеземіз? Пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын. Бұлшық ет сезімінің маңызы? Бұлшық ет сезімінсіз бірде – бір үйлесімді қызмет атқара алмайды. Тамақ қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады? Иіс, дәм сезу мүшелері |
Үйге тапсырма: | §§20. ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ |
Бағалау. 3 мин | Топтық аралық (өзін-өзі бағалау). Сұрақ-жауап арқылы бағалау. |