Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Семей Электр және Техника коллдежі.
Бақыт – еңбекте
Орындаған: Тлеугазинов А. С.
Тексерген:
Семей, 2013 жыл
"Бақыт
деген ...."
- Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу.
В.Н.Терешкова
- Бақыттың мәні – парасаттылықта әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби
- Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.
В.Г.Короленко
- Бақыт – өз басың үшін көксейтін игілік... Бақытқа жеткізетін еркін әрекет тамаша әрекет.
Әл-Фараби
- Бақыт жарылқаушының қолынан даяр алынбайды, күрес нәтижесінде, әрекет негізінде келеді.
Д.И.Писарев
- Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – ақымақтық.
Г.Мопассан
Көрінеме көзге сол бақыт өзі Жауындама басылған жаңа ғана Боласың ба? Бақытты сонда ғана Бақыттымын деп ойлар кейбіреулер Қымбат бұйым ұстаса қолға дара Бақыт па екен кең сарай үйің болса Қызғанатын өзгелер күйің болса Бақыт сенің достым-ау өз үлесің Бақытыңа түбі сен кезігерсің Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп Бақыттысың қарашы дегізерсің
Бақыт деген не өзі, білесің бе ? Апам марқұм айтушы еді бір есімде Адамдардың барлығы бұл өмірге Бақыт үшін жаралған деп күресуге. Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма? Қына құсап шыға ма тасқа ғана Мейлі қанша тірнектеп жинасаңда Өмір бойы жетпейтін ақшада ма? Байлық шығар сол әлгі бақыт деген Санаспайтын ешқандай уақытпенен Ауылда ма бақытым, қалада ма? Ешкім аяқ баспайтын далада ма?
Бақыт мекені…
Бақыт деген - сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің, Бақытын да, басқасын да білмеуің Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің. Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол - тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім. Бақыт деген - әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір, Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала, Бірақ, балам, мынаны естен тастама: Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң, Бақытты боп сорлап жүрсең масқара! Бақытың - мен, бақытым деп біл мені, Мені білсең, бақытыңды білгенің. Ал мен үшін ең бақытты күндерім - Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!
Бақыт деген-сенің шаттық күндерің,бірде арман,бірде мұң,сенің нұрлы өмірің,өткен күннің жүлдесі,жастық шақтың мінбесі,Ұлы Отан,Ұлы Анаң,Ұлы жүрек сендегі,сенің асау сезімің,ақыл,білім теңізің,көңіліңнің айнасы,сенің терген жемісің,өміріңнің жалғасы,денсаулықтың арқасы,жүректегі айтар ән,туған жердің әр тасы,адал жаның,сырласың,бір мұңайған мұңдасың,абыройың,намысың,бірге жүрген құрдасың,атар таңның арайы,күлкі тобы шырайлы,ғашық болып бір жанға,соны мәңгі сүйіп өту шынайы!
Сөзімізді түйіндер болсақ, бақытқа материалдық көзқараспен қарауға болмайды. Өйткені, ол көзбен көріп, таразымен өлшейтін нәрсе емес. Оны байлықпен, яғни теңге не доллармен сатып алуға тіпті де болмайды. Бақыт сырттан келмейді. Ол адамның ішкі жан-дүниесінен туындайды. Көңіл күй шаттыққа толып, жүректің жылуы артып, тән тазарып, ар-ұждан дінмен сабақтасып, ақыл жүректің әмірін тыңдап, ал жүрек Алланың әміріне бойұсынып, иман нұрына бөленген кезде адам нағыз бақытқа кенеледі. Бақыт – Ислам дініне деген шынайы ниетте. Шын ықыласымен қол жайып, тілеген тілектің қабыл болуы әрі Алла тарапынан қабыл болатынына риясыз сену – нағыз бақыт. Бір сөзбен айтқанда, аңсаған арманыңа дұға, тілегің арқылы қол жеткізгеннен артық бақыт болмайды.
Бақыт – тұңғиық әлемнің сырына Алла берген ақылмен ойланып, ізденіс жасау. Осындай күрделі жаратылысқа иелік етіп, ондағы тіршілік иелеріне өзінің орнатқан заңды құбылыстары арқылы өмір мен өлім сыйлап, сансыз нығметтер беріп, мейіріміне бөлеп тұрған Жаратушыны еске алу, Алла тарапынан жүрекке орнаған мейірім тозаңдай болса да, оны жүректен аластамауға бар күш-жігерін жұмсаған жанның бақыты үстем.
Ислам – жақсылық діні. Алла тағала Құранда айтады: «Олар Аллаға, ақырет күніне сенеді де дұрысқа қосып, бұрыстан тосады. Сондай-ақ, қайырлы істерде жарысады. Міне, солар ізгілер» («Әли Имран» сүресі, 114-аят).
Бақыттың 10 құпиясы
уақыт
махаббат
мейірімділік
сенімділік
еңбектену
адал дос
денсаулық
кешіре білу
армандау,мақсат қою
сәлемдесу
Бақыт деген не?
P.S С.Оспанов
Айтшы,білсең егер де,
Папа,бақыт деген не?
Бақыт деген,шырағым,
Мына әсем тұрағың,
Ну ормандар,
Гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт – дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?!
Бақыт деген,сөзім шын –
Айналайын өзіңсің!
Бақыт және өмір – тең ұғымдар
ӨМІР
Өмір деген кітап сынды,
Өткен өмір бір парақ.
Жауып жатсан, ашылады
Тағы да бір ақ парақ.
Жаңа парақ –
Жаңа өмірге баспалдақ !
Жаңа өмірін –
Сол парақтан басталад!
Бірақ кейін ол да қалад
Ескі өмір боп жай ғана – ақ.
Осылайша өте беред
Қысқа ғұмыр сәт санап,
Әрбір секуд қымбат саған
Ей адамзат соңы ұққын.
Әрбір күнді бағалай біл
Әр сәтіне назар сап.
Өмір деген ең тәтті де,
Ең қымбат қой ғаламат.
Және дағы осы айтқаным
Бастан аяқ ақиқат !
P.S Aziza A~S
БАҚЫТ ДЕГЕН...
Махаббатың оты жанып жүректе
Сезім шіркін тасып тұрса әр сәтте
Содан асқан бақыт бар ма өмірде,
Не ғажап бар одан асқан әлемде ?
Бақыт деген ғашықтық па сонда не,
Ақша, байлық, қазынама жоқ әлде ?
Жоқ, жоқ бәлкім осы өмірге келуін
Адам болып осылайша жүруін...
Мүмкін, әлде ештеңеде емес ол,
Тек жай ғана айтылған
Екі буын бес әріп
Қарапайым сөз шығар !
Кейбіреулер білер бәлкім жауабын
Бірақ оны білмейді екем мен өзім
Қарап тұрсам бақыт деген бір маған ...
Осы өмірге келуім
Адам болып жүруім
P.S Aziza A ~S
Назарларыңызға рахмет!!!