СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Топаралық сайыс " Ғажайып түстер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топаралық сайыс "Ғажайып түстер" 

Просмотр содержимого документа
«Топаралық сайыс " Ғажайып түстер"»











Сайыс сабақ








Логопед: Тоқтасынова Құралай




















Қызылорда


Тақырыбы: Ғажайып түстер


Мақсаты:

Түзете-білімділігі: Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балаларға заттың түсі деген ұғымды қалыптастыру.

Түзете-дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын дамыту. Сөздерді топтастыра айта білуге үйрету. Тыныспен жұмыспен жасауға дағдыландыру.

Түзете-тәрбиелігі: Балалардың бір - біріне көмектесе отырып топтасып жұмыс істеуге және нәтижесін көре білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, тапсырманың орындалу жолдарын түсіндіру, дидактикалық ойындар.

Көрнекіліктер: Шарлар, лента, дидактикалық ойындар, үлестірмелі карточка, кемпірқосақ.


Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,! Бүгін біз топтар арасындағы «Ғажайып түстер» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.Олай болса ортаға қошеметпен балаларды шақырайық.

Балаларға арналған көңілді әнмен ортаға кіреді. ( қонақтармен амандасу)

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы күн!» деп айтамыз,

Жеңіспен біз қайтамыз,-деп ерекше көңілмен келген топтармен таныстырып өтейін.

Балалар қызыл, сары, жасыл түстерге топтасып үш топқа бөлінеді.

Таныстыру:

1. Қызыл түс: Сапарбекова Айгерім, Мәстетбай Бану.

2. Көк түс: Балатай Дәулет, Исенбек Нұрбек.

3. Сары түс: Кенжебай Еркеназ, Жандулла Қанағат.


Сайысымыздың әділ болуы үшін 2 әділқазыны сайлап алайық


Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:

1) «Түрлі - түсті жолдар» ( Тыныс алу жаттығуы)

2) «Сайқымазақтың добы» ( Тыныс алу жаттығуы)

3) « Көкөністер мен жемістердің түсін ажырату»

4) «Кішкентай резинке»

5) « Кемпірқосақ»








1. Сайысымыздың бірінші бөлімі "Түрлі - түсті жолдар"деп аталады.

Шарты: Әр топтың балаларына түрлі түсті доптар ұсынылады. Доптың түсіне қарай түтікше арқылы допты үрлеу арқылы жолдардан өткізіп өз ұяшықтарына кіргізу керек.

2. Сайысымыздың екінші бөлімі "Сайқымазақтың добы"деп аталады.

Шарты: Балаларға сайқымазақтың добын тыныспен үрлеу арқылы сақинадан өткізуге көмектесу.


Сергіту сәті: Кемпірқосақ әніне бірге билеу. Ән тоқтағаннан соң кемпірқосақтың түстерін фетрадан орналастыру.


3. Сайысымыздың үшінші бөлімі "Көкөніс пен жемістердің түсін ажырату"деп аталады.

Шарты:Әр топ балаларына көкөністер мен жемістер таратылып беріледі. Топ балалары түстерін ажыратып, сәйкестендіреді. Жеке –жеке түсін, атауын айту.

Сөздік жұмыс: сары, қызыл, жасыл, алма, банан, алмұрт, қызанақ, қияр.

Сөйлеуге машықтандыру: қызыл алма, сары банан, қызыл қызанақ, жасыл қияр.

4. Сайысымыздың төртінші бөлімі "Кішкентай резинкелер"деп аталады.

Шарты:Кішкентай резинкелерді саусақпен ұстап, өз ұяшықтарына орналастыру.



5. Сайысымыздың бесінші бөлімі "Кемпірқосақ"деп аталады.

Кемпірқосақ әніне бірге билеу. Ән тоқтағаннан соң кемпірқосақтың түстерін фетрадан орналастыру.



Міне, балалар, сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазылар алқасына беремін.


Марапаттау: Әр топ балаларына грамота беріп, тәттілермен бағалау.


Қорытынды:

Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.