Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лік туралы ?ле?дер»
Пәні: Әдебиеттану Сыныбы: 4 Күні: Тексеруші:
Сабақтың тақырыбы: «Төрт-түлік туралы өлеңдер»
Мақсаты: Оқушыларды іздендіре отырып, төрт-түлік жайлы білімдерін кеңейту.
Көрнекілігі: төрт түліктің суреті, мақал-мәтелдер
Өтілу барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен психологиялық тренинг өткізу.
ІІ. Жаңа сабақ
«Не, қалай дыбыстайды?» Ойынның шарты: суретерге сәйкес жануарларды дыбысталуын табу, төрт-түлікті атау.
- Төрт түліктің бізге пайдасы өте көп. Сондықтанда амандасқанда, сұрасқанда ең әуелі малды, сосын жанды сұрайды. « Мал - жан аман ба?»дегендей, осы төрт түліктің ішіндегі ең жуас, момыны - қой.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі - мал бағу. Мал бағу өте қиын, себебі: қыста суықпен арпалысса, жазда ыстығымен малды бағады. Сендердің аналарың сендерді осы төлдерге теңеп еркелетеді, Мысалы: «Ботам», «Құлыным», «Қозым»т. б
- Абай ата Мұхтарды « Қоңыр қозым» деп еркелеткен екен.
«Мың бір мақал» ойыны. Қой туралы мақалдар айтқызу.
1. Қойдың сүтті қорғасын.
Қойды соққан оңбасын,
2. Қой өрісі – қорада
3. Малды бақсаң, қойды бақ
4. Семіздікті қой көтереді.
5. Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығар.
Қазақылық болжамдарға тоқталу.
Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген. Мысалы: өрісте жүрген қойдың жүнін арқасынан уыстап ұстап қарасақ, егер қой жүні құрғақ болса, онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып, суланып тұрса, онда көп кешікпей жаңбыр жауады.
Оқушыларға әдебиеттік оқу пәнінен өткен төрт- түлік жайлы өлеңдерін еске түсірту.
Журнал, кітаптардан өлеңдер тауып жазғызу.
Төрт-түліктің жасына қарай аттарын табу.
Сергіту сәті
АКТ-пайдалану
Топтық жұмыс:
Ітоп: Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?
ІІтоп: Төрт түлікке кластер құру
Қорытынды
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
1.Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір.
Қойдың сүті қорғасын
Қойды ұрған оңбасын
2.Нар жолында жүк қалмас.
3.Бақырауық демесің,
Бағалы көлік түйе