Просмотр содержимого документа
«Цитоплазмалық тұқым қуалау»
Биология
10 сынып
Сабақ жоспары
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Цитоплазмалық тұқым қуалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен цитоплазмалық тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушыларды түгелдеу;
Оқушылар ортаға шығып, “Hello” әніне билейді.
Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-біріне түрлі түсті жүректер беру арқылы тілектер айтады. Қолдарындағы жүректердің түсіне байланысты топқа бөлінеді.
Оқушыларға бағалау парағы таратылады
Оқушының аты-жөні: |
Үй тапсырмасы (Иә, жоқ) Максималды ұпай - 6 | Жаңа тақырып (постер) Максималды ұпай - 5 | Бекіту (карточка) Максималды ұпай - 5 |
| | |
Жалпы ұпай: |
Критерийлер: 14-16 ұпай – «5» 10-13 ұпай – «4» 7-6 ұпай – «3» | Сіздің ұпай саныңыз: | Сіздің бағаңыз: |
Үй тапсырмасын тексеру: «Иә, жоқ» әдісімен. Иә – жасыл түс, жоқ – қызыл түс (жетондар)
Т.Морган жеміс шыбыны – дрозофилаға тәжірибені 1910-1915 жылдары жүргізді. | Иә |
Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды. | Иә |
Кроссинговер құбылысын Мендель ашты | Жоқ |
Хромосомадағы гендердің арақашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал | Иә |
Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді | Иә |
Кроссинговерге ұшыраған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды | Жоқ |
Жаңа сабақ
Тақырыпқа шығу.
Тақырып мақсатын оқушылар өздері анықтайды.
Тақырып бойынша ассоциация құру. Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Әр топқа жеке тақырыпшалар беріледі (оқулықпен жұмыс)
1 топ – Пластидтік тұқым қуалау
2 топ – Митохондрия арқылы тұқым қуалау
3 топ – Цитоплазмалық аталық ұрықсыздық (стерильдік)
4 топ – Цитоплазмалық тұқым қуалауға генетикалық талдау
Постерді құру критерийлері ұсынылады:
Тақырып толық ашылған – 2
Постер көрнекі – 1
Регламент сақталған – 1
Жақсы түсіндірілді - 1
Әр топ бір-бірін бағалайды.
AMAZING |
WONDERFUL |
WELL DONE |
I LIKE |
GOOD |
NOT BAD |
NOT AS EXPECTED |
Сергіту сәті
Бекіту:
Әр оқушыға тапсырмалар (карточкалар) таратылады.
Гендер арқылы жүретін тұқым қуалау – цитоплазмалық тұқым қуалау |
Цитоплазмалық тұқым қуалаудың негізін салған ғалымдар – К.Корренс пен Э.Баур |
Пластидтер арқылы болатын тұқым қуалау – пластидтік тұқым қуалау |
Ашытқыш бактерияның тыныс алу кемістігін зерттеген – Б.Эфрусси |
Цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты қай жылы, қай ғалым ашты? 1930 жылы америкалық ғалым М.Родс ашты |
Оқушылар бір бірін тексереді (жұппен жұмыс)
Синквейн
Тақырып: Тұқым қуалау
Үйге тапсырма: §48, 261 бет №4 тапсырма (кесте толтыру)
Рефлексия: Оқушылар қай аралға жеткендерін стикерге жазып жабыстырады.

Бағалау.
Қорытындылау.