СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұлттық ойындар арқылы баланы дамытуға негізделген педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ

БАЛАНЫ ДАМЫТУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ойындар арқылы баланы дамытуға негізделген педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру»

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ

БАЛАНЫ ДАМЫТУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Каниева Гулден Умиртаевна

Қарағанды қаласы ҚММ №87 негізгі орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі, сынып жетекші


Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Осы мәселелерге арналған әдебиеттерде ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің саяси-әлеуметтік өмірдегі орны мен рөлі, оның таптық сипаты, прогресивтік рухани маңызы ұлттық қатынастардың жетілу процесіндегі әдептілік мәдени құндылықтарына талдау жасалынады.

Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт-жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық дему мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі.

Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы балалар ойындары. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның да даму тарихы, толымды арнасы, әркез қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар.

Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланыстыболуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсінің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық түрлерінде жатыр десек асыра айтқандық емес.

Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс – бағдарын байқауға болады. Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол қоғамның ұрпаққа деген мәмілісіне байланысты. Сондықтан болар, қазір көптеген дүние жүзі халықтарының педагогика мен психология ғылымында «Халықтық педагогика мен ұлттық психология» деген арнайы ғылыми бағыттар қалыптасты. Олар халықтың дәстүрлі тәрбиелеу салтын, мәдени құндылықтарын балаларға қатысты әдет-ғұрпын, өлең-жырларын, ойын-сауықтарын жан-жақты қарастырады. Мұндай игілікті істердің нәтижесінде әрбір халықтың мәдениетін кеңірек тануға, психологиясын терең түсінуге, этникалық мәдениет, дәстүрін ұрпақтар бойына сіңіру жолдарын нықтылы білуге, балалардың психикалық дамуын тиімді етуге, сөйтіп халықтық педагогиканың тиімді жақтарын бүгінгі күннің қажеттілігіне жаратуға болатындығы анықталып отыр.

Әр халықтың өз ұлт ойындары және әр ұлт ойынының өз ерекшеліктері бар. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделіктегі тіршіліктің қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.

Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамиды да, кейін келе жасөспірімдерде қалды. Себебі үлкендерден көргенін балаларда да, үй ауласында, далада ермек етеді: түйе құмалағынан қой бағып, қой құмалағынан қозы бағып, бір жерден, екінші бір жерден, екінші бір жерге көшіп-қонумен тағысын тағы сәбилер уақытын өткізеді. Бұдан өзі ертеңгі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін, болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өнбойынан халықтың ұлтық ойындарының алуан түрлерін кездестіреміз.

Жырлардың негізгі кейіпкерлері де ойын үстінде көрінеді. Ол негізгі кейіпкерлер: болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері т.т.

Ойын арқылы қазақ балалары өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түскен. Ойынды қазақ халқы тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне пайдасын тигізеді.

Манаш ұлы Тұяқбай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала, кеудеге ақыл ойлайды»,- деп, ойынның ойлауға да көп маңызы барын айтады.

Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған; көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар болды десек асыра айтқандық емес.

Қазақ халқының ойын түрлері, балалар психикасын дамуында атқаратын қызметі, шығу тарихы, құндылық жақтары және тақырыптары бойынша жан-жақты зерттеу – болашақтың ісі. Алайда, қазір қазақ ойындарының балалардың қарым-қатынасын зерттеуде тиімді қолдану мүмкіндіктерін анықтау, көрсету тәжірибелік іс қажеттігінен туып отыр.

Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын балалардың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да. Жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы балалардың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты». Міне ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адам қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз. Қазақ халқының арғы тарихына байланысты жеткен жазбаша деректердегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі оқу, білім, адамгершілік, тәлімдік ой- пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі пікірлері, олардың мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде атқаратын мәні жөніндегі Н.Құлжанованың еңбегі өзінің құнын жоймайтын еңбектер.

Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп өнуіне әсер ететін факторлардың бірі,дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халыктық ұлттық ойындары болып табылады.

Мектепке жасына дейінгі балаларды ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу- мектепке дейінгі ұйымның басты міндеттердің бірі, өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамалардың ролі барған сайын артып, згілік, имандылық ,мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтардың аясы кеңейіп келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында оқушыларды қазақстандық потратизм шығармащылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет...ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік,биік талғам,ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім». Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болмақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады. Ал бұл жас ұрпақты әріқарай мектеп табалдырығына жетектеп әкелетін екінші қадам мектепке деінгі мекеме мен ұйымдарда алатын білім мен тәрбие.     Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.      

 Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

     Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

           Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Балаларды тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, - Алматы: Жазушы

2. Жалпы білім беретін мектептерде патриоттық тәрбие беру.-Тәрбие құралы, 2007
3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.   Авторы: Сейіт  Кенжеахметұлы. Алматы 2006ж.

4. Ф. Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика, Астана. Фолиант-2008.

5. Отбасы және балабақша. Ғылыми – әдістемелік , педагогикалық журнал.