СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?лтты? т?рбие -тал бесікті? тамыры атты БАЯНДАМА

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?гінгі ?рпа? – ?лт болаша?ы, ?о?амны? ??нды байлы?ы. ?лтты? т?рбиені? тамыры тере?де. ?р халы? ?зіні? салт – д?ст?рлерін ?рпа?тан ?рпа??а жеткізу ар?ылы са?тап келеді. Жастарды ?лтты? рух, ?аза? хал?ыны? бай т?жірибесі ар?ылы т?рбиелеу керек. 

Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?рбие -тал бесікті? тамыры атты БАЯНДАМА»




ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТІҢ ТАМЫРЫ


Бүгінгі ұрпақ – ұлт болашағы, қоғамның құнды байлығы. Ұлттық тәрбиенің тамыры тереңде. Әр халық өзінің салт – дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу арқылы сақтап келеді. Жастарды ұлттық рух, қазақ халқының бай тәжірибесі арқылы тәрбиелеу керек. Сонда ғана өз Отанының патриотын тәрбиелеу міндеті шешіледі. Мұны ең алдымен қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарына деген сүйіспеншілігін қалыптастырудан, адамдар арасындағы қарым – қатынас үйлесімділігін орнатудан бастау керек. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңде бөліп ұйымдастыру қажет.

  1. Балалық шақтан бастап отансүйгіштік сезімін, ана тіліне деген құрметін, Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Бұл кезең оқушылардың отансүйгіштік сезімін, Отанға қызмет ету және оны қорғау идеясын, атақты әскери дәстүрлерді көбейтуге, батырлар тұлғасының мысалы арқылы өз тарихын, ата – бабалары мен халқының ерліктерін мақтап тұту, өз халқы мен біздің елімізде өмір сүретін этностардың ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын құрмет тұтуды қалыптастыруға байланысты.

  2. Бұл кезеңде еліміздің мәдени мұрасына, отбасындағы тәрбиеге қатысты мәселелер қарастырылады. Ата – аналар мен отбасының ересек мүшелерінің өмір жолы, ұрпақтар сабақтастығы тарихы, айналадағылармен қарым – қатынас, ізгілік, әдепті істер мен мінез – құлық туралы сұхбат өткізіледі. Қазақ халқы мен этностар мәдениетінің ерекшеліктерін оқушылармен бірге талқылау.

  3. Дәстүрлі дін, оның қоғамдағы ролі, туындаған ауытқушылықтар мен олардың салдары туралы осы жаста талқылауға болады, толеранттылық туралы түсінік беруге болады. Сонымен қатар азаматтық ұстанымды, өз халқына еркімен және саналы түрде қызмет етуге тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру кіреді. Азаматтық ұстанымы белсенді адам өзін батыл сезінеді және ол үшін Отан ұғымы қасиетті ұғым болады.

Қазіргі заманда жастар арасында кездесіп жататын ана-тілін ұқпау, салт-дәстүрін білмеу, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіздіктер, отбасындағы кездесіп жатады. Мұның бәрі тәрбиенің жеткіліксіздігі ата-ананың бала тәрбиесіне аса мән бермуінен болып отыр.Ұлы ғұламалардың еңбектерін оқи отырып бұрынғы ұлттық тәрбиенің маңызының жоғары екендігін біліп отырмыз. Бұрынғы ұлттық тәрбиенің баланы қарапайым санауға, жаттауға, оқуға, есептеуге есте сақтауға, үйренуге қажетті ықпал ету құралы ретінде әулет дәстүрі мен тұрмыстық қарым – қатынаста қызмет етіп келгеніне көз жеткіздік.

Халық тәжірибесіндегі ұлттық тәлім – тәрбиенің негізгі өзегі әдіс-тәсілдер екенін айта келе оның төмендегідей жүйесін көрсетуге болады:

  1. Ақыл-кеңес беру.

  2. Үлгі өнеге көрсету.

  3. Үйрету, көрсету.

  4. Түсіндіріп тоқыту, жаттықтыру.

  5. Салыстыру, құлаққағыс ету.

  6. Ынталандыру (аймалау, иіскелеу).

  7. Мадақтау (сый-көрсету).

  8. Талап қою: ақыл айтып талап қою, сенім артып талап қою, өтінішпен талап қою, қас-қабақ, ыммен талап қою, қолпаштау арқылы талап қою, сөгу арқылы талап қою, шарт арқылы талап қою, қорқыту арқылы талап қою.

  9. Әдет –ғұрып, дәстүр үлгісімен тәрбиелеу.

Әлемдік рухани-мәдени құндылықтарды игеруді ұлттық озық мәдениет үлгілерін қастерлеуден бастау – ғылым мен білім, әр ұлттың рухани қазынасын адамзат игілігіне жарату, әдебиет пен өнер саласы, дін мен жалпы мәдениет атаулыда насихатталатын озық идеяларды оқу – тәрбие жүйесінде басшылыққа ала отырып оны оқушы –жастардың жүрегіне ұялату, сөйтіп ізгілік, имандылық, парасаттылық т.б адами асыл қасиеттерді әрбір қоғам мүшесінің құрмет тұтуы – білім мен тәрбие ісінің басты қағидасы.