Просмотр содержимого документа
«ҰОƏ картасы. Тіл дамыту сабағы»
ҰОӘ картасы
Күні : 7.12.2017
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ауыл».Қадырбаев. Туған өлкем
Мақсаты: Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,
тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беру.
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беруге үйрету
Міндеттері: Өз қаласына деген патриоттық сезімді ояту
Балалардың сөзді қорын молайту
Зат есімді сөздердің айтылуын қалыптастыру
.Билингвалды компонент:Қала- город, ауыл-деревня, Отан-родина.
Көрнекіліктері: Отан, қала,ауыл туралы тақпақ жинағы, суреттер
Ұйымдастыру түрі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс
Сабақ барысы |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларды шеңбер бойына жинап, жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қане-қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. -Балалар,біз неге ұқсадық? Күнге ұқсадық па? Балалар,біз,осы қандаймыз? Күшті,әдепті,әдемісіңдер ме? Балалар алақандарыңыздың жылуын Сездіңдер ме? Қане,ендеше бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайықшы. |
Ұйымдастыру кезеңі | Балалар бүгін бізге қонаққа ата мен әже келді. Ол қаламыздың ішінде адасып, бізден көмек сұрап келді. Ата мен әже ауылда тұрады екен. Балалар ауылда болдыңдарма? Ауылда не көрдіңдер? Ауыл қаладан үлкен бе? Қадырбаевтің « Ауыл» өленің оқу. -Балалар, өлең не жайында? Ал енді апа мен атаға ауылға жетуге көмектесейік. Ол ушін суреттегі заттардың түсі мен пішінің ажыратайық. Балалар суреттегі ғимараттардың, саябақтағы орындықтардың түсін атады. Суреттердегі қала мен ауылды ажырата білді. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Балалар ата мен апаға көмектескеніне қуаныштарын білдіреді. Жаңа сөздерді 2 тілде қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Өз тұрғылықты жерлерін білу.
Түсінеді: Қала мен ауыл айырмашылығын;
Қолданады: Өлең жолдарын түсінуі, өз туған өлкесіне сүйіспеншілік ояту