Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Бүгін біз қалып қойған фигураларды тауып, қатарларды жалғастырып, фигураларды салыстырып жəне таңдап жаттығамыз. Жаңалық ашу. (Ө) 1-тапсырманы орындауды ұсынады, онда жолдағы заңдылықты жалғастыру қажет. №1 тапсырмадағы жолды талдап, заңдылық бойынша оны аяқтайды. (Ж) Екінші жолды балалар жұппен талдайды жəне өз бетінше бояйды. Үстел үстінде фигуралардан өз нұсқаларын құрып, ұсынады. Жаңаны қолдану. (Т) Заңдылықты құрастыру жəне жалғастыру бойынша тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады. Заттар мен фигуралар беріледі. (Ө) 2- тапсырманы өз бетінше орындайды. Оны орындау үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан пойыздың бөлшектерін жасау қажет. Шаршылар мен дөңгелектерді бөліктерге бөлмеуге болады. Мұны балалар жасасын. Бұл тапсырманы топтарда орындауға болады. Онда бөлшектер ірілеу болуы тиіс. Топқа бір ортақ қағаз парағы беріледі. (Т) 3-тапсырманы балалар топпен талқылайды жəне фигуралар мен үйлерді өз бетінше біріктіреді. Педагог «Фигура қайда тығылды?» ойынын ұсынады. Үйлерді текшелерден жасауға болады. Олардың ішіне фигуралардың бірін – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, сопақша немесе тікбұрышты жасыруға болады. Балалар бір-біріне сұрақтар қояды: Бұл фигура үлкен терезесі бар үйде ме? Жəне т.б. |