Сабақ жоспары
Сыныбы: 9 “А,Ә”
Пәні:әдебиет
Мерзімі: 8.02.2018
Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин өмірі мен педагогикалық қызметі
Сабақтың мақсаты :
а) Білімділік: Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру ,өлеңдерінің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу;
ә)Дамытушылық: оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны қалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасын білу;
б)Тәрбиелік: адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойын еркін айта алатын қолайлы орта туғызу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)
Сабақтың көрнекілігі:А-4 парағы,маркер,стикер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы :
І) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
ІІІ) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мазмұны адамгершілікке, кісілікке,талаптылыққа, өнерге,еңбекке оқу-білімге,достыққа т.б жақсы қасиеттерге шақырады. Жақсылыққа жақын болып,жамандықтан ада болуға үйретеді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген шағын әңгімі-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады
Әңгімелері: «Қыпшақ сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Әділдік», «Әке мен бала», «Ақымақ дос», « Жамандос,» « Таза бұлақ», «Әдеп», « Алтын айдар» т.б
Топтастыру:
өлеңдері әңгімелері
Ыбырай шығармалары
Аудармалары мақалалары
Кітаппен жұмыс: Ыбырай шығармаларын оқып,талдау жасайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын оқып келу.
Бағалау
Сабақ жоспары
Сыныбы: 9 “А,Ә”
Пәні:әдебиет
Мерзімі: 9.02.2018
Сабақтың тақырыбы : "Қазақ хрестоматиясы"
Сабақтың мақсаты :
а) Білімділік: Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;
ә)Дамытушылық: білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б)Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ (танымдық сабақ)
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих
Сабақтың барысы :
І) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
ІІІ) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.
Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Кітаппен жұмыс: «Қазақ хрестоматиясындағы» шығармаларын оқып,талдау жасайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
«Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?
Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?
Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?
Ы.Алтынсарин еңбегінің мәні,қазақ әдебиетіндегі алар орны,бағасы қандай деп ойлайсыңдар?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Ыбырай-аудармашы» атты тақырыпта реферат жазып келу.
Бағалау