Пәні: Сауат ашу | Сабақ өтілетін күн: Орны: 23 кабинет | Барлық оқушы саны-23 Қатысқаны: | МАД тобы |
Сабақ тақырыбы: | Ж дыбысы мен әрпі |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, МАД тобы, сауат ашу |
Жалпы мақсаттар | Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. |
Түйінді идеялар | Ұқыптылыққа ұмтылу |
Әдіс-тәсілдер | Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, кубизм, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу. |
Көрнекіліктер | Жануарлар мүсіні, суреттер, кеспе әріптер, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі, кеспе буындар |
Оқыту нәтижелері | Ж дыбысын басқа дыбыстардан айыра білді, Ж дыбысының айтылуын, ауада жазуды игерді, Тәрбиешінің сұрағын жауап беру, өз ойын нақты жеткізу , жұмбақ шешімін таба білуді меңгерді. |
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1-кезең: Қызығушылықты ояту- ұйымдастыру | Психологиялық дайындық. Таңғы шеңбер. -Балалар, қазір қай сабақ?- -Сауат ашу сабағынан не үйрендіңдер? Өтілген дыбыстарды қайталап,тиісті текшеге салу (қызыл-дауысты, көк-дауыссыз) -Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? -Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі? | Өлең жолдарын айтады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз! -Сауат ашу сабағы. -Әріптерді, дыбыстарды жазып, айтып үйрендік. -Дыбысты естиміз, айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз. -Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. |
2- кезең: Ұйымдастыру-іздену | Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр! Жау егіннің көгі өссін, Сұлудай бұраң құрақты, Айдын шалқар көл өссін!- Балалар, оқылған өлеңнің алғашқы жолындағы сөздер қандай дыбыстанбасталып тұр? - Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж ж дыбысы мен әрпі. Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру. 1. Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) 2. Төбеден төнеді, Тамшысын төгеді. (Жаңбыр) 3. Ағайынды бәрі. Шықса жасыл, Түссе сары. (Жапырақ) 4. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан ұстайды, Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ) - Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады? -Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері. - Ж - дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз? Сауат ашу дәптерімен жұмыс. Ж дыбысының ауада салынуын көрсету, элементімен таныстыру. Дәптердегі жазуға арналған жұмыстарды орындау. -Ал,балалар енді сергіту сәтін орындайықшы. Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Ой, алақай, тамаша Шашу шашты жапырақ, Бақтың іші алаша. (Хормен айту) Сабақты қорытындылау. | Балалар жұмбеқтың шешуін табады. -Ж дыбысынан. - Ж - дыбысынан. Сұрақтарға өз ойларымен жауап беруге ұмтылды. Дәптердегі үлгі бойынша Ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Сергіту жаттығуларын қимылмен орындай білді. |
3- кезең: Рефлекстік түзету | Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.Жа - ға, жу - ан, жаң - ғақ, жыл - дам, Жас - лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, жү - зім, жұл - дыз, же - міс, жұм - бақ, жи - һаз. | Балалар дидактикалық ойынды ойнауды. |
Қортындылау. Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Кубизм әдісі. 1. Дыбыс деген не? 2. Әріп дегеніміз не? 3. Дыбыс нешеге бөлінеді? 4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? 5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? 6. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? | -(Естиміз, айтамыз) (Көреміз жазамыз, айтамыз) (Дауысты, дауыссыз) (Созылып айтылады) (Қысқа айтылады) (Ы ы) дыбысы текшемен белгілейді. |